Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай Құнанбаев «Қыс»


Абай Құнанбаев «Қыс»

Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұнын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.

2.Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.  Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер:  Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, үнтаспа.

Сабақ түрі:    кіріктірілген сабақ, жаңа сабақ.

Сабақ әдістері:  сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен

                             жұмыс, көрнекілік әдісі

 I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

1.Интерактивті тақтаға қарап қозғалыстарды қайталау.

Зейіндерін сабаққа аудару.

2.Топқа бөлу.   (Әр оқушы сыйлық салынқан қағаз қалтаны алып сол түстерге         

                          қарай топқа бөлінеді)

3.Топ ережесін жазу.

II.Үй тапсырмасы тексеру.

Өз біліміңді тексер!(Оқушылар тақтадағы тест тапсырмаларын орындап, болған соң жұп болып ауысып тексереді)

  1. Әбу Насыр әл-Фараби отырар қаласында қай жылы өмірге келген?

           А) 870жыл               Ә) 975жыл                          Б) 1825жыл

2. «Қобыланды батыр» жырындағы батырдың сәйгүлігі қалай аталады?

           А) Құлагер                Ә) Керқұла                       Б)Тайбурыл

3. «Батырдың ұрпағы»  атты  әңгіменің авторы кім?

          А) Ж.Жабаев            Ә)Б.Соқпақпаев               Б)А. Жақсыбаев

4. Халық кегінің күйшісі кім?

А) Дина Нұрпейісова   Ә) Құрманғазы Сағырбайұлы   Б) Нұрғиса Тілендиев

5. «Бала Тұрар» әңгімесінде кімнің балалық шағы жайлы айтылған?

     А) Тұрар Жиенбаев        Ә) Ахмет Байтұрсынов       Б) Тұрар Рысқұлов

6. С.Бердіқұловтың « Желаяқ» әңгімесіндегі желаяқ адам кім?

         А)Қажымұқан             Ә) Ғұсман                       Б) Қайыржан

III.Жаңа сабаққа түсу.

Ой шақыру

-Боранның дыбысын жіберу. Бұл ненің дыбысы?

-Дұрыс, боран. Боран кезінде күн қандай болады?

-Суретте нелер бейнеленген?

-Алдымыздағы қағаздан құбырша жасап үрлеу арқылы боранның дыбысын салайық.

Жұмбақтар  шешу

 Бәйге ойыны

 10 Абайдың шын есімі кім?

 10 Абай кімнің тәрбиесінде болған?

 10 Абайды әлемге танытқан жазушы кім?

 20 Абайдың әкесі кім?

 20 Абайдың анасы кім?

 20 Бес асыл іс

 30 Бес дұшпан

 30 Қай медреседе білім алған?

 30 Абайдың білім, ғылым туралы жазылған қандай өлеңдерін білесіздер?

 40Абайдың қанша қара сөзі бар?

 40Абайдың қандай әндері бар?

 40Абайдың жыл мезгілдері туралы жазылған қандай өлеңдерін білесің?

 Бұйда сөз

Шешуі: Қыс

IV.Жаңа сабақ

-Бүгінгі біздің тақырыбымыз жылдың қай мезгіліне арналады.

-Дұрыс қыс туралы өтеміз.  Абай Құнанбаевтың  «Қыс» өлеңі

1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.

Қыс

Ақкиімді, денелі, ақсақалды, 

Соқыр-мылқаутанымастіріжанды, 

Үсті-басы — аққырау, тусісуық, 

Басқанжерісықырлап, келіпқалды. 

Демалысы — үскірік, аяз бен қар, 

Кәріқұдаң — қыскеліп, әлексалды. 

Ұшпадайбөркінкигеноқшырайтып, 

Аязбененқызарыпажарланды. 

Бұлыттайқасыжауыпекікөзін, 

Басынсіліксе, қаржауып, мазаңдыалды. 

Борандайбұрқ-сарқетіпдолданғанда, 

Алтықанатақ орда үйшайқалды. 

Әуескөріпжүгіргенжасбалалар, 

Беті-қолыдомбығып, үсікшалды, 

Шидем мен тон қабаттапкигенмалшы

Бет қарауғашыдамай сырт айналды. 

 а\ өлеңді мәнерлеп оқу

 ә\ тізбектей оқу

2.Өлеңнің шығу тарихынан.

   Абай атамыздың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы. Табиғат ақынның шабытына түрткі болған үлкен дүние. Табиғатты жырламайтын, өз әніне қоспайтын ақын кемде кем. Бірақ Абай салып кеткен сара жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.

Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.

 Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

3.Өлеңді оқушыларға іштей оқыту (түсініксіз сөздерді сұрау).

4.Сөздік жұмысы, талдау   (Дәптерге жазып алу).

1.соқыр, мылқау-ештеңені көрмейді, естімейді.

2.домбығып-суықтан ісіп, қызару.

3. долданғанда-ашуланғанда

4.үсік шалу- үсу, тону

5.Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім

5.АУЫЗША СҰРАҚ-ЖАУАП әдісі арқылы өлең мазмұны түсіндіріледі.

-Автор қысты кімге теңіейді?     (Қысты адамға, кәрі шалға теңейді)

-Шалдың киімдері қандай?         (Ол ақ қиімді, үстін ақ қырау басқан)

-Киім деп отырған не?                 (Ол жауған қар, қатқан мұз)

-Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?  (ол - қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)

-Соқыр, мылқау дейтін себебі не?  (Ол ештеңені көрмейді, аямайды,  бәрін тоңдырады)

6. Өлеңді дауыстап оқу                 (мәнерлеп оқу талабы қойылады).

V.Дамытушылығы

Эдвар Де Боно «Алты қалпақ» ойыны. Қыс тақырыбын талдау

7. «Сиқырлы қарындаш»  сурет бояу.( Оқушылар үйден боямай сурет салып келіп сол суреттерін бояды,фонға музыка жіберу)

           VI.Сабақты бекіту

            Венн диаграммасында күз, қыс мезгілдерін салыстыра сипаттау.

            VII.Бағалау

            VIII. Үйге тапсырма

           “Қыс” өлеңін жатқа айту.
            Қыс тақырыбына эссе жазу.

            ІХ. Әр оқушы қағаз қалтадағы сыйлықтарын ашып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай Құнанбаев. Қыс.
Абай Құнанбаев. Қыс
Абай. Қыс.
Күз
Күз
Қыс. Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев. «Қыс»
Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбаев Қыс
Қыс. Қар (Абай)
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4170 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык