Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай. Қыс.



Абай. Қыс.

Тақырыбы :    Абай. Қыс.

Мақсаты :

 1. Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұнын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.

2.Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілетерін дамыту.

3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.  Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер:  Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, тест

Сабақ түрі:    кіріктірілген сабақ, жаңа сабақ.

Сабақ әдістері:  сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, АКТ          

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

Құрал-жабдықтарын түгелдеп сабаққа әзірліктерін байқау

2.Психологиялық дайындық.

Барлығымыз көзімізді жұмып:

 Мен сабақта, мектептемін.

 Менің зейінім тұрақты.

 Мен жақсы ойлап отырмын-дейміз

3.Үй тапсырмасын сұрау.

-Өз біліміңді тексер! Тест

1.Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.

А)Ер жүрек        б)Ақжолтай           в)Батыр

2.Жақия кімнің баласы?

А)Махамбеттің    б)Исатайдың      в)Амангелдінің

3.Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңдар.

-  ....................

4. «Нұркен», «Батыр Бауыржан», «Комбаттың әңгімесі», «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріндегі ортақ тақырып қайсысы?

А)Ұлы Отан соғысы      б) Азамат соғысы            в)Желтоқсан оқиғасы

5.М.Шаханов «Төрт ана» өлеңіндегі төрт ананы атаңдар?

Туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, тарих.

4.Жаңа сабақ.

 -Қазір жылдың қай мезгілі ?

- Қыс айларын ата.

 - Бүгінгі ауа райы туралы не айтасыңдар ?

- Ал ендеше жұмбақ шешіп көрейік.

5. Жұмбақ шешу. Слайд

1.Қыста бар да, жазда жоқ.        Қар

2.Құлағы мен көзі жоқ ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы .

Бірақ ғажап өнерпаз ,

Мәнерлеп ою ояды.           Аяз.

3. Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп  тұр -

Қатты-ақ.                  Мұз

4.Қанаты жоқ – ұшады.

   Аяғы жоқ- желеді.

Аузы жоқ – ұлиды.      Боран.

6.«Ой қозғау» стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу.

 

қ

а

р

т

а

м

ш

ы

 

 

с

у

 

               

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң , қолың тоңады.

2.Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.                     

3.Жылт –жылт еткен

 Жырадан өткен.         

 Балалар,  қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған қандай өлеңдерін білесіндер?

-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.

Ендеше бүгін біз сендермен Абайдың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

7.Автор туралы мағлұмат. Слайд

 Абай  Құнанбаев Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай  ауданында  Шыңғыс  тауының  бауырында дүниеге келген.Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Балалар, ұлы адамдардың   көбі ата-әжелерінің тәрбиесінде болған. Мысалы: Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам »деп  кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Оның шын аты Ибрагим.

8.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.

9. Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд

 -Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған

10.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.

11.Сөздік жұмысы, талдау   (Дәптерге жазып алу). Слайд

1.соқыр, мылқау-ештеңені көрмейді, естімейді.

2.домбығып-суықтан ісіп, қызару.

3. долданғанда-ашуланғанда

4.үсік шалу- үсу, тону

5.Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім

12.Сергіту сәті..

13.-Мына суретті ақын өлеңімен салыстыр. Қандай ұқсастығы бар.

14. 5 жол өлең:1 не? Қыс .

                       2 қандай? Боранды.

                       3 не істейді? Тоңдырады.

                       4 сезіміңді білдір. Қыс қызығы көп қой.

                       5 мағыналас сөз. Жыл мезгілі.

15.Өздік жұмыс:Қыс маған ұнайды.       Қыс маған ұнамайды.

Оқушылар қыс мезгілін сипаттап жазады.

16.Сурет бойынша әңгіме құрау. Слайд.

17.Қорытынды. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Ақын қысты кімге теңейді?
  2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылған қысты сипатта.
  3. Өлеңде балалар туралы не айтылған?
  4. Малшы туралы ше?

    5.Қар қыста қай кезде сықырлайды?

 

18.Үйге тапсырма.Қыс өлеңін жаттау.

19. Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтап                               

     мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай Құнанбаев. Қыс.
Абай Құнанбаев. Қыс
Күз
Абай Құнанбаев «Қыс»
Қыс. Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев. «Қыс»
Абай Құнанбаев «Қыс», сын есім
Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3130 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык