Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Калашников автоматы мен пулеметі


Калашников автоматы мен пулеметі

Калашников автоматы мен пулеметі


Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі.

1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру. 
2. Уақыты: 45 минут.
3. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. 
- ТОЗ - 8 шағын калибрлі винтовкасы неге арналған?
- ТОЗ –8 винтовкасының негізгі ұрыстық қасиеттерін айтыңдар. 
- ТОЗ - 8 винтовкасының негізгі бөліктері мен механизмдерін атаңдар.
- ТОЗ – 8 винтовкасынан атуға даярлану туралы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 25 минут. 
Калашников автоматы мен пулеметі.

Автомат пен пулемет қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ орнатылған. Түнгі уақытта ату және бақылау үшін түнде атуға арналған әмбебебап көздеуіш бекітіледі.
Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі, жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.
Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5атысқа дейін) және ұзақ (10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Оқжатар қорабында автоматта 30 патрон, пулеметте 45 патронға дейін болады. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.

Сипаттамалары АК
74 АК
74Н АКС74 АКС 74Н РПК74 РПК74Н РПКС74 РПКС74Н
Атудың көздеу қашықтығы, м. 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000
Оқтың шекті ұшу алыстығы, м. 3000 3000 3000 3000 3150 3150 3150 3150
Нақты атыс қашықтығы, м. 500 500 500 500 600 600 600 600
Шоғырланған атыс қашықтығы, м. 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000
Атыс жылдамдығы, ату/мин. 600 600 600 600 600 600 600 600
а) кезекпен атқанда 100 100 100 100 150 150 150 150
ә) жекелей атқанда 40 40 40 40 50 50 50 50
Жарақталған оқжатармен
қосқандағы салмағы, кг 
3,6 
5,9 
3,5 
5,8 
5,46 
7,76 
5,61 
7,91
Сүңгі-пышақтың салмағы, г 450 450 450 450 - - - -

Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктерден тұрады: 
- 1- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы (пулеметте сирағымен);
- 2 – ұңғы аузындағы тежеуіш компенсатор (пулеметте – 13 жалын сөндіргіш);
- 3 - ұңғы қорабының қақпағы;
- 4 - газ поршені мен бекітпе жақтауы;
- 5 - бекітпе;
- 6 - қайтармалы механизм;
- 7 – ұңғы бастырмасы мен газ түтігі;
- 8 – құндақ;
- 9 – оқжатар;
- 10 -сүңгі-пышақ;
- 11 – сүмбі;
- 12 – жабдығымен пенал;

Суретте автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері
және оның жабдықтары: а-автоматтың; ә-пулеметтің; 1- ұңғы қорабымен, соққы-ағытқыш механизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2-ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3-ұңғы қорабының қақпағы; 4-газ поршенді бекітпе жақтауы; 5-бекітпе; 6-қайтармалы механизм; 7-ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8-құндақ; 9-оқжатар; 10-сүңгі-пышақ; 11-сүмбі; 12-жабдығымен пенал; 13-жалын сөндіргіш.
Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.
Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде – бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты олып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).
Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқажатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңесінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асырылады. 
Егер аустырғыш автомат жағдайындағы атысқа қойылса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.
Егер аустырғыш жекелей атысқа қойылса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
- Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.
Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар


Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Автоматты атыс қаруларының дамуы тарихы
Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде
ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.
Қол гранаттары
Атыс дайындығы. Калашников автоматы, Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11137 | Қосты: Байназаров Айдын Айтқалиұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык