Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС


ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС

ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС

Ұрыс алаңындағы қозғалыс Бастапқы жағдай – атыс позициясы (ату үшін орын).
Үйренуші тактикалық жағдайға енгізіледі, оған жаңа шепке шығуға тапсырма беріледі. Басшының пәрмені бойынша үйренуші атыс жүргізе отырып, 20-30м жерді шапшаңдатылған адыммен, 50 м кем емес жерді жүгіре отырып және 10 метрден кем емес жерді пластунша еңбектей өтуі тиіс. Баға:
«өте жақсы» – барлық әрекет дұрыс, дәл орындалса;
«жақсы» – қозғалыс кезінде 2-ден көп емес қателік жіберілсе;
«қанағаттанарлық» – қозғалыс кезінде 3-тен көп емес қателік жіберілсе;
«қанағаттанарлықсыз» – қозғалыс кезінде 3-тен көп қате жіберілсе.
Қателіктер:
Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескермей жылжу.
Атыс орны дұрыс таңдалмаған. Жергілікті жер мен қарсыласты бақылау жүргізілмейді. Таса ретінде жергілікті заттарды қолданбайды. Қозғалыс кезінде аялдамаларда, жүгіре өтуде, еңбектей өтуде денесін, қаруды дұрыс ұстамау.
Атыс позициясын таңдау (атыс орны), оқпана қазу Бастапқы – жатып немесе тұрып. Үйренуші тактикалық жағдайға келтіріледі, оған атыс позициясын және оның жабдықтарын таңдау міндеті қойылады.
Баға:
«өте жақсы» – барлық әрекет дұрыс және дәл орындалса;
«жақсы» – екіден көп қате жіберілмесе;
«қанағаттанарлық» – үштен көп қате жіберілмесе;
«қанағаттанарлықсыз» – 3-тен көп қате жіберілсе.
Қателіктер:
Атыс позициясы дұрыс таңдалмаған; қарудың орналасуы дұрыс емес; күрек дұрыс пайдаланылмайды; оқпананың өлшемі сақталынбаған; қарсылас артынан бақылау жүргізілмейді; баяу, сенімсіз іс әрекет
Тіреуден жатып атуға дайындалу және қаруды оқтау Үйренуші қарумен атыс орнынан 10 м қашықтықта бастапқы тұрады, оқжатар 5 оқ патронымен оқталған және сөмкеде белдікке салынған. Жетекші атыс орнын көрсетіп «Ұрысқа!» пәрменін береді. Үйренуші тіреуден атысқа дайындалады    (қаруды бастапқы ұрыстық көшіреді, қаруды оқтайды),
«Ұрысқа!» пәрменін орындайды (қару оқталған). Басшы «Оқты ал!» пәрменін береді. Үйренуші ұрыстық жорықтық көшеді, қарудың оғын алады. Оқжатардан патрондарды алып, оқжатарды сөмкеге салады да, бастапқы жағдайға атыс позициясынан 10 м қашықтықтағы қаруды «белдікке» жағдайында ұстап тұрады. Уақыт – 1 мин 50 с-ке дейін, «Ұрысқа» пәрменінен бастап үйренушінің бастапқы жағдайға шығуына дейін есептеледі.   Қателіктер:
әдісті орындау тәртібінің бұзылуы. Жекеленген тәсілдердің жарғы бойынша орындалмауы (қаруды «белдікке» жағдайынан қолға ауыстыру және т.б.). Тәсілді орындаған соң, денесі мен қаруды дұрыс ұстамайды. Автоматтың оқталуы тексерілмеген. Норматив анық емес, баяу орындалады.  
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру жаттығуын орындау     
       1 және 2 жаттығу шарттарына сәйкес
ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ
Көкжиек тұсын компас бойынша анықтау Үйренуші компаспен -жергілікті жердің көрсетілген нүктесінде. Көкжиек тұсын анықтау және бұл бағыттарды жергілікті заттар (бағдарлар) бойынша көрсету.
Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кіріс!» пәрменінен бастап, «Дайынмын!» мәлімдемесіне дейін есептеледі. Қателіктер:
Компаспен дұрыс жұмыс жасай алмау. Бағдар ретінде елеусіз жергілікті заттар алынған. Баяу, сенімсіз іс әрекет.
Күн және сағат бойынша көкжиек тұсын анықтау Үйренушінің қолында сағат бар (немесе сол сәттегі белгіленген уақытпен циферблат макеті). Көкжиек тұстарын анықтау және жергілікті заттар (бағдарлар) бойынша көрсету. Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кірісіңдер» пәрменінен бастап, «Дайынмын» мәлімдемесіне дейін есептеледі. Қателіктер:
Сағат күнмен салыстырғанда дұрыс орналаспаған. Үйренуші циферблаттағы қай бұрышты түске дейін және түстен теңдей етіп жартыға бөлу керектігін білмейді, қимылы баяу, сенімсіз.
3- кесте
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 11-сыныбына арналған
Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша
оқу уақытын есептеу және жоспарлау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Калашников автоматы мен пулеметі
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері
Алғашқы әскери даяндық
Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Қол гранаттары
Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2605 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык