Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде


Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде

Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде

1-тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» (1 сағ)

Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. Қарулы Күштердің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері.
2 - тақырып «Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы»(1 сағат)
Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу. Егемен Қазақстанның даму перспективалары.
3 – тақырып «Отанды қорғау – мемлекеттің маңызды қызметі» (1 сағат)
Әскери қызметшілерге әскери анттың талаптары. 
Әскери ант қабылдау. Әскери қолданбалы спорт түрі - әскердегі қызметке жастарды дайындаудың негізі. Отан қорғау – бүкіл халықтық іс.
4 - тақырып «Қазақстан Республикасының Конституциялық  негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны» (1 сағат)
Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі Заңы. 
Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.
5 - тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туы» (1 сағат)
Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы.
6 - тақырып «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет – патриотизм мен интернационализм мектебі» (1 сағат)
Әскери қызмет – жауынгерлерді патриоттық және интернационалистік қасиеттерге тәрбиелеудің факторы. Азаматтық борыш пен интернационализмге адалдық - әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі жауынгерлік дайындықты арттырудың шешуші шарттары.
7 – тақырып «Қазақстанның қазіргі армиясы» (1 сағат)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.

ІІ Тарау
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жарғылары (10 сағат)

1 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі»
(1 сағат)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғысы туралы түсінік. Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.
2 - тақырып «Тәртіп және әскери құқық»  (1 сағат)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы - әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері туралы.
3 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет жарғысы» (1 сағат)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және оны айыру белгілері. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.
Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.
4 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы»(1 сағат)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.
5 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы»  (1 сағат)
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.
6 - тақырып: «Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру»  (1 сағат)
Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.
7 - тақырып «Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау» (1 сағат)
Пост және оның жабдықталуы. Постыдағы сақшы қаруының жағдайы.
8 - тақырып «Сақшының міндеттері» (3 сағат)
Сақшының міндеттері. Қарауылда қаруды оқтау және оғын алу тәртібі. Пост қабылдау және тапсыру, постыда немесе оған жақын жерде өрт шығу кезіндегі сақшының іс-әрекеті. Сақшының қару қолдану тәртібі. Постыға немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті.

ІІІ Тарау
Тактикалық дайындық (15 сағат)

1 - тақырып  «ХХ - ғасырға дейінгі әскери өнердің және қарулы күштердің дамуы» (1 сағат)
ХХ-ғасырға дейін Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі Қарулы күштердің дамуы және тұрақты армияның пайда болу себептері. Әскери өнердің және әскерлермен әскери іс-қимылдар жүргізу тактикасы дамуы.
2 - тақырып «Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы»  (2 сағат)
Жаңа қарудың дамуындағы тарихи кезеңдер. Қазіргі қаруларды қолдану тактикасының ерекшеліктері. Жалпы әскери ұрыс тактикаларын жүргізу және жаңа қарудың даму бағыттары.
3 - тақырып «Қазіргі  заманғы ұрыстын сипаттамасы»  (1 сағат)
Жалпы әскери ұрыс сипаттамасы, мақсаты мен міндетітері. Жалпы әскери ұрыс жүргізудің негізгі принциптері және қарсыласқа зақым келтіру құралдары.
4 - тақырып «Ұрыстық іс әрекеттердің негіздері және мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы» (1 сағат)
ЖҰМ (СТР)-дағы мотоатқыштар бөлімшесінің тағайындалуы және ұйымдастырылуы, оның штаттық қару-жарағы. 
5 - тақырып «Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі» (1 сағат)
Ұрыстың негізгі түріндегі мотоатқыштар бөлімшесінің мүмкіндіктері және жауынгерлік міндеттері.
6 - тақырып: « Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті»  (2 сағат)
Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Жаяу ретте іс әрекет кезіндегі ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.
Атысқа арналган орынды таңдау. Бақылауға және атуға арналған орынды (жатып атуға арналған оқпана) жабдықтау және бүркемелеу. Радиоактивті және улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер учаскелерін, инженерлік тосқауылды мен табиғи кедергілерді бағындыру. Қазіргі кездегі жою құралдарың (ядролық, химиялық қарулар) қарсыластың қолдануы кезіндегі жауынгердің іс-әрекеті.
7 - тақырып « Жауынгер – бақылаушы» (2 сағат)
Жауынгер - бақылаушының іс әрекеті. Олардың жергілікті жер мен жергілікті заттарды (ор, көпір, өзен, елді мекендер) карау тәртібі. Бақылау нәтижелері туралы баяндау.
8 - тақырып «Қорғаныстағы жауынгер» (1 сағат)
Қорғаныста (атысқа арналған орын)  қарсылас шабуылының астынан атыс позициясын  иемдену. Атысқа жатып атуға арналған оқпана және бақылау орнын жабдықтау және бүркемелеу. Қарсылас қазіргі жойғыш құралдарды (ядролық, химиялық қарулар) қолданған кезіндегі авиацияның шабуылдауы және атыстық дайындық кезіндегі жауынгердің әрекеті.
9 – тақырып  «Шабуылдағы жауынгер» (1 сағат)
Шабуылға дайындық және шабуылға шыгу тәртібі кезіндегі жауынгердің іс әрекеті. Шабуылдар барысында қарсыласты жою тәсілдері (қол гранаттарымен, тірей ату және қоян-қолтық ұрыс). Қарсыластың төмен ұшатын ұшақтары мен тік ұшақтарына қарсы атыс жүргізу әдістері.
10 - тақырып: «Қорғаныстағы бөлімше» (1 сағат)
Қорғанысқа тапсырма алу, бөлімшенің атыс жүйесі мен қорғанысын ұйымдастыру. Бақылау жүргізу, қарсыластын әуе шабуылдарына тойтарыс беру. Қарсыластың атыс дайындығы басталғанда және олардың жаппай жою құралдарын қолдануы кезіндегі бөлімше құрамындағы іс-әрекет. Алғы шептегі бекіністен өтіп кеткен қарсылас ЖҰМ (СТР) танкілерін жою, қоршаудағы ұрыс және қосалқы атыс бекініске шегіну.
11 - тақырып «Мотоатқыштар бөлімшесінің жорықтық, ұрыс алдындағы және ұрыстық реті»  (1 сағат)
Ұрыстағы бөлімшелердің ұрыстық және жорықтық реті.
Ұрыстағы өзара әсер және оның маңызы. Бөлімшелер және оның атысын басқару. Бөлімшелердің ұрыстық іс әрекетін қамтамасыз ету.
12 - тақырып «Бөлімше шабуылда»   (1 сағат)
Бастапқы жағдайда тапсырма алу.
Бөлімшенің қарсылас қорғанысына жылжуы. Шабуылға көшу және қарсыластың алдыңғы шебіндегі шабуыл. Тосқауылдардан, залалданған жер учаскелерінен өту. Шабуыл объектісін иемдену.

IV Тарау
Атыс дайындығы (15 сағат)

1 - тақырып: «Атыс негіздері» (1 сағат)
Ату құбылысы. Оқтың ұшу траекториясы және оның элементтері. Түзу ату және оның практикалық маңызы.
2 - тақырып: «Қарудың материалдық бөлігі»  (1 сағат)
ТОЗ-8 (ТОЗ-12) кіші калибрлі винтовкалардың жалпы құрылымы және ұрыстық қасиеті, тағайындалуы. Винтовканы бөлшектеу және жинау.
3 – тақырып «Калашников автоматы мен пулеметі»  (1 сағат)
Қарулар және оқ-дәрілермен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары. Автоматтың тағайындалуы, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылымы және жұмыс істеу принциптері.
4 - тақырып «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтау» (2 сағат)
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинастырудың толық емес тізбегі.
5 – тақырып «Автоматтың (пулеметтің) механизмдерінің бөлшектерінің және құрылымы, тағайындалуы»  (2 сағат)
Ұңғының,  ұңғы қорабының және көздеу аспаптарының тағайындалуы мен құрылымы. Газ поршеньді бекітпе жақтаудың, бекітпенің, қайтарма механизмінің, газ түтігінің құрылымы және тағайындалуы.
Соққылы-ағытқыш механизмнің, оқжатар мен сүңгі-пышақтың, саптың құрылымы және тағайындалуы.
6 – тақырып «Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»(2 сағат)
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің оқталғанға дейінгі және оқталған кездегі жағдайы.
Автоматты түрде ату және жекелей ату кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.
7 – тақырып «Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау»  (1 сағат)
Автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, оның тазалығын, майлануын және атысқа дайындығын тексеру.
8 – тақырып «Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері» (1 сағат) 
Кідірістер және оның сипаттамасы. Кідірістердің  себептері және оны жою тәсілдері. Автоматтың (пулеметтің) жабдықтары.
9 - тақырып «Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау» (1 сағат)
Автоматты (пулеметті) атыстан соң тазалау және майлау тәртібі. Автоматтарды (пулеметтерді) және патрондарды сақтау және күту.
10-тақырып «Қол гранаталары»  (3сағат)
РПГ-5 жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.
РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық касиеті және құрылымы. 
Ф-1 жарықшақты қол гранатының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттарды 

V Тарау

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру  (7 сағат)

1 - тақырып «Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу  ережелері мен тәсілдері» (1 сағат)
Кішікалибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Кішікалибрлі винтовкадан атудың, оқтаудың және атыс жүргізудің тәсілдері.
2 – тақырып «Автоматтан  (пулеметтен) ату тәсілдері»  (1 сағат)
Жалпы ереже. Атысқа арналған ережені қабылдау. Атысқа дайындық.
3 – тақырып «Атыс жүргізу»  (1 сағат)
Атысты жүргізу (ату). Автоматтың (пулеметтің) көздеуіші мен көздегішін орнату. Атыс кезінде көздеу. Автоматтың (пулеметтің) дүмі. Атысты жүргізу.
4 – тақырып «Атысты тоқтату»  (1 сағат)
Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру. “Тұр!” пәрменін орындау. Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері.
5 - тақырып «Жүріп келе жатып ату тәсілдері»  (1 сағат)
Қысқа аялдамалар жасап және жүріп келе жатып, көтере ату. Әуе нысаналары бойынша ату тәсілдері.
6 - тақырып «Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері» (1 сағат)
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыруға дайындық кезеңдері. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.
7 - тақырып «Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау» (1сағат)
Бағдарлар туралы түсінік және оны тағайындау тәртібі
Қарсылас нысаналарын және өз орнын Бағдарларға қатысты анықтау әдісі. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме түріне қойылатын талаптар.

VI Тарау
Саптық  дайындық (7 сағат)

1 - тақырып «Сап және оларды басқару»  (2 сағат)
Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын  пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
  Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!»,  «Жинақтал!».

2 – тақырып «Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар» (1сағат)
  Орнында тұрып бұрылу. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу. Қозғалыста бұрылу. 
3 – тақырып «Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше»  (1 сағат)
Орнында тұрып бұрылу. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше ауысып сапқа тұру. Орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру. 
4 – тақырып «Қарумен саптық тұрыс»  (1 сағат)
Қарумен сапқа тұру. Пәрмендерді орындау: «Белдікті босат (тарт)!»,  «Автоматты – кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды – арқаға!», «Белдікке!»,  «Қаруды түзет!».
5 – тақырып «Бір орында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау»  (1 сағат)
Орында тұрып қарумен тәсілдерді орындау. Қарумен бұрылу және қозғалу. 
Саптан шығу және сапқа қайтып оралу. Бастыққа келу және одан кету.
6 - тақырып «Бөлімше сабы»  (1 сағат)
Бөлімшенің жазыла және жорықтық сапқа тұруы. Бөлімшенің жазылған саптан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұруы, бөлімшенің бір лектен екі лекке және керісінше сапқа тұруы.

VIІ Тарау
Әскери топография (6 сағ)
1 - тақырып «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану»  (1 сағат)
Бағдарлану туралы түсінік. Адрианов компасымен аспан денелері арқылы, сонымен бірге жергілікті жер белгілері бойынша көкжиек тұсын анықтау.
2 - тақырып «Азимут бойынша қозғалыс» (5 сағат)
Азимуттар туралы түсінік. Шынайы және магнитті азимут. Компас бойынша азимутты анықтау. Азимут бойынша қозғалыс жасау үшін мәліметтер даярлау. Азимут бойынша қозғалыс мәні және қозғалыс маршрутында кедергілерді айналып өту.

VIІІ тарау
Азаматтық қорғаныс  (9 сағат)
1 - тақырып «Азаматтық қорғаныстың міндеттері»  (1 сағат)
Азаматтық қорғаныстың міндеттері. Шаруашылық нысандарында құрылатын азаматтық қорғаныс қызметі. Азаматтық қорғаныс қызметінің жалпы міндеттері және оның тағайындалуы. Азаматтық қорғанысты қалыптастырудағы негізгі топтар және олардың міндетттері. 
2 - тақырып «Мектептер мен орта оқу орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру ерекшеліктері»  (1 сағат)
Оқу орындарында құрылатын азаматтық қорғанысты қалыптастыру және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін ұйымдастыру принциптері. Азаматтық қорғаныс объектісіндегі медициналық  қызметпен шешілетін міндеттер. Салалық ауруханалар.
3 – тақырып «Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін шаралары»
(1 сағат)
Оқу орындарындағы санитарлық постылар және оның міндеттері. Бейбіт уақыттағы санитарлық дружиналар және санитарлық постылармен шешілетін міндеттер. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың ядролық және химиялық зақымдану ошақтарында шешетін міндеттері. Бастауыш ұйымдардағы санитарлық-қорғаныс жұмыстары.
4 - тақырып: « Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы  санитарлық дружина (пост) жұмысы»  (2 сағат)  
Химиялық қару. Химиялық қаруды қолданудың мақсаты және жеткізу құралдары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық ошақтар құрылымы. Күшті әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) түзілген ошақтар сипаттамасы. КӘУЗ  ошақтарын медико-тактикалық жіктеу. Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар. Зақым ошағына санитарлық дружина енгізуді ұйымдастыру және зақымданушыны іздеу кезіндегі жұмыстарының ерекшеліктері, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету.
5 - тақырып «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақымданған ошақтарға сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік»  (2 сағат)
 Бактериологиялық қару. Бактериологиялық зақымдану ошағы. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары. Жұқпалы ауруларды жою мен алдын алу бойынша шаралар. Биологиялық зақымдану ошақтарындағы обсервация мен карантинді ұйымдастыру. Биологиялық зақымдану ошақтарында жүргізілетін жұмыстардың түрлері.
  6 - тақырып «Медициналық көмек көрсету түрлері, зақымданған халықты емдік-эвакуациялаудың екі кезеңді жүйесі»  (1 сағат)
Зақымданған халықты емдік-эвакуациялық қамтамасыз ету. Медициналық көмек көрсету түрлері және медициналық эвакуация. Медициналық сұрыптау. Медициналық сұрыптау түрлері.
7 – тақырып «Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары мен постылардың жұмысын ұйымдастыру» (1 сағат)
Дүлей апаттардың негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Халықты дүлей апаттан сақтандыру үшін ескерту жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.

ІХ Тарау
Медициналық білім негіздері  (9 сағ)

 1 - тақырып «Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері»    (2 сағат)
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік аурулары туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың ауырлық дәрежесі және белгілері. 
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жара асқынуларын сақтандыру. Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу. Асептика және антисептика туралы түсінік. Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары. Артерияны саусақпен басу нүктелері.
2 - тақырып «Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері»  (1 сағат)
Жгут салу үшін қолданылатын материалдар. Жгут салған кезде жіберуге болмайтын қателіктер. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыш түрлері. Бинтті таңғыштардың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыштар. Қысып тұратын таңғышты қою ережелері. Таңу материалы.
3 – тақырып «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою. Бас пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері»  (1 сағат)
Басқа, ішке, кеудеге, бұт арасына, үстіңгі және және астыңғы қол-аяққа таңғыш қою тәсілдері.
4 - тақырып: «Бас сүйегі, кеуде және іштің тесіп өткен жаралары кезінде таңғыш салу ерекшеліктері»  (1 сағат)
Бас сүйегі мен мидың жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Кеуде клеткасының жаралану сипаттамасы. Кеуде клеткасы мен іші жараланған адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. 
5 - тақырып: «Сүйектің сынуы, жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем» (2 сағат)
Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері және оның асқынуы. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы қысылып қалу синдромы) және оның белгілері. ҰҚС кезеңдерінің негізгі клиникалық белгілері. 
Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері. Бас, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас, аяқ-қол сүйектері сынған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдалану арқылы). Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
6 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда медициналық жәрдем көрсету. Өкпені жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері»  (2 сағат)
Үсуден мұздаудың алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Электр жарақаты кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету және жәрдем көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Суға кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауын анықтау тәсілдері. Жүрекке тікелей емес массаж жасау. Өкпені жасанды желдету тәсілдері (ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға, Сильвестр, Каллистов бойынша). Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардаң уланғанда, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Калашников автоматы мен пулеметі
Жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО)
Алғашқы әскери даяндық
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Саптық адым
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жылдық жоспары- 40 сағат
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8977 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык