Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Мағауин." Бір атаның балалары"


М. Мағауин." Бір атаның балалары"

  М. Мағауин." Бір атаның балалары"

Сабақтың тақырыбы:           М. Мағауин." Бір атаның балалары"

Сабақтың мақсаты1. Оқушыларды шығарма мазмұнымен таныстыра отырып

                               білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын ашу, қазақ                            

                               отбасындағы ер баланың орнын ұғындыру.

                              2. Әр оқушының жеке білімін, есте сақтау, ойлау,

                               шығармашылық қабілетін, өз ойын дәлелді жеткізуін,

                               баяндай алуын  және салыстыра білуін дамыту.

                               3. Оқушылардыынтымақтастыққа,адамгершілікке,

                               достыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Кодоскоп, әңгіме кестесі, суреттер, автор кітаптары

 

                                           Сабақ барысы.

 

1Ұйымдастыру:         

1. Құрметті қонақтар 9"б" сыныбына- Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіңдер ме балалар, отырыңдар. Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болғалы тұр. Себебі, сендердің білімдеріңді бағалауға келіп отырған қонақтарымыз бар.

2. Сабақтың мақсатын жариялау.

Бүгінгі сабағымызда үй тапсырмасын тексеру арқылы, өткенді қайталаймыз. Жаңа сабақ түсіндіру арқылы  жаңа кейіпкерлермен танысамыз, оқу техникаларыңды,  мазмұндауды дамытамыз.

3. Қайталау:  

 - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?  Біз қандай әңгімені оқып жатыр едік?

 - ( "Тұтқын бала" әңгімесін оқып жатырмыз)

- Қай романнан үзінді?

 - ("Қызыл жебе" романынан үзінді) ( кітаптың өзін көрсету)

 - Әңгіменің авторы кім?

 - ( Шерхан Мұртаза)

 - Кәне мына слайдтың ішінен автордың өзін кім көрсете алады?

( 1 слаид  4-5 жазушының портреттерін дайындау, соның ішінен таптыру)             Соныменүйге берілген нақтылы тапсырма қандай?

Оқушы:

- Үйге әңгіме желісі бойынша сурет салып, сол салынған сурет арқылы мәтінді мазмұндау және Тұрар мен Иван Владимировичарасында болған диалогты қысқаша көрініс ретінде баяндау.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз өткен сабақта "Тұтқын баланың"  соңғы бөлімімен танысқан болатынбыз. Өткен бөлімдерді жоспар бойынша мазмұндадық, рөлдерге бөліп оқыдық, тест жұмысын орындаған болатынбыз. Ал бүгінгі тапсырмамыз өзгерек.

 II-IV топ сурет бойынша әңгімелейміз, диалог бойынша мазмұндаймыз.

III топ сұрақ-жауап.

Мұғалім:

-Балалар, бұл әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

Оқушы:

- ( Тұрар, Рысқұл, Наташа, Аркадий, И.Владимирович, Атамырза т.б)

Мұғалім:

 -  Әңгіме желісі бойынша кім қандай сурет салып келді?  ( Балалар салған суреттерін көрсетеді)

Мұғалім:

- Жақсы балалар, сабаққа өте жақсы дайындалып келіпсіңдер.

-  Балалар, есімізге түсірейікші, диалог дегеніміз не?

 ( Әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі)

Мұғалім:

-Ендеше, Тұрар мен Иван Владимирович арасындағы диалогты қайсың баяндап бересіңдер?

 1-оқушы:

-Жарайсың, Қызыл Жебе! Куәлікті әдемі толтырыпсың ғой.

2-оқушы:

-Мақтауыңыз жетті, И. Владимирович, енді айыптайсыз, жазалайсыз мені.

1-оқушы:

- Неге? Әлде бланканы бүлдіріп алдың ба?

2-оқушы:

-Жоқ, И.В. Мен саналы түрде екі қылмыс істедім. 1-сі сіздің құпия хатыңызды оқып қойдым. 2-ден мына куәлігімді "Рысқұлов" деп толтырдым. Дәл қазір ұстап бересіз бе, әлде куәлік бермей қоясыз ба- бәрі өз қолыңызда.

1-оқушы:

- Хатты оқығаныңнан қорықпаймын. Мені сатпайтыныңа көзім жетеді. Ал ертең елдің алдында мына куәлікті қалай тапсырамын. "Қайдағы Рысқұлов!" десе не деймін! Осы қинап тұр.

2-оқушы:

- Ертеңгі салтанатты жиынға мен қатыспаймын. "Қырғызбаев атасы қатты ауырып ауылына кетті- деңіз". Ал куәлікке қолыңызды қойып, мөріңізді басып, қолыма қазір ұстатыңыз. Қайтіп мені Меркеден ешкім көрмейтін болады. Сізге титтей де зияным тимес.

1-оқушы:

-Мұның да ақыл екен. Дегенмен, түрме үйреткен-ау саған мұның бәрін. Тұрар білесің бе, қазақтан сендей шәкірт тәрбиелегеніме қуанамын.

2-оқушы:

-Иван Владимирович  шынымен қазақ дедіңіз бе? Қазақ та мен сияқты өзінің шын атынан айырылып жүрген жоқ па?

1-оқушы:

-Қазақ та өз атына ие болар, Тұрар. Ол заман да туар.

Мұғалім:

-Өте жақсы балалар, білімдеріңді сабақ соңында бағалай жатармыз.

Мұғалім:  " Қазақ та өз атына ие болар, Тұрар.  Ол заман да туар",-деген  мектеп директорының сөзі қашаннан бастап жүзеге асты балалар?

(2 слаидтан көрініп тұрады)

Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?  Тұрар аңсаған арманға жеттік пе? Қазақ деген атқа ие болып, егемендігімізді алып, сол егемендігіміздің биыл неше  жылдығын атап өткелі отырмыз? Дұрыс айтасыңдар,  20 жылдығын атағалы отырмыз. Балалар,  осы жыл үлкен халықаралық спорттық додамен басталды, ол қандай дода?

 (Жетінші қысқы Азиада ойындары біздің елде болып өтті)

(Сынып бұрышындағы жүлдегерлер суретіне көңіл аудару. Біздің бұл жеңісіміз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына үлкен сый болды деп ойлаймын.

 

Үй тапсырмасын   қорытындылау: 

Ш. Мұртазаның  «Тұтқын бала» әңгімесін осымен аяқтадық, жақсы түсінгендеріңді жауаптарыңнан байқадық.

3. Жаңа сабақ:  

 - Балалар, ребус шешу арқылы жаңа сабақты анықтап алсақ.

 1, атаның суреті, балалар суреті.  (ребусты шешу, 3 слаид  Бір атаның балалары)

Мұғалім:

-Балалар, бізде ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары  туралы мынадай папка бар. Осының ішінен өздеріңе қарап, М. Мағауиннің өмірі туралы қысқаша мағлұмат әкеліңдер дегенмін.

-Кәне, кім айтады?

1. Әңгіме авторы М. Мағауин туралы мәліметті кодоскоп арқылы 4 слаидтан көрсек.

Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының Баршатас  селосында ауыл мұғалімінің   отбасында дүниеге келді. Қазір Чехия республикасының Прага қаласында тұрып жатыр.

 2. Кітаптарын көрмеден көрсетіп, таныстыру.         

 3. Әңгіме неге "Бір атаның балалары" деп аталды? Сабақ  соңында осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

1. Мұғалімнің оқуы.

2. Мазмұнын түсіндіру.

3. Түсінгендерін сұрау. (Әңгіме желісі ары қарай қалай өрбігені туралы өз ойларын сұрау)

4. Бекіту: 

1. Тізбектей оқу. (Түсініксіз сөздерді оқу барысында  қарындашпен белгілеп отыру)

2. Іштей оқу.

3. Мазмұнын өз сөздерімен айту.

        5. Сөздік жұмыс:  Түсінбеген сөздерін өздерінен сұрау. Дәптерге жаздыру.                

6. Қорытындылау

1. 4 слаидта  (а)  Көрсетілген кесте арқылы сабақты  қорытындылау.

  1. 4 слаидта  (б)  Берілген оқушылар жауабын  слаидтағы кестеден тексеру.

       4 слайд (а)

Әңгіменің аты

 

 

 

Әңгіменің авторы

 

 

 

                  Кейіпкерлері

 

 

Қай кезеңді суреттейді?

 

 

Балаларды не себептен әкелді?

 

 

 

Әңгіме неге «Бір атаның балалары» деп аталды?

 

 

4 слаид (б)

Әңгіменің аты

 

 

Бір атаның балалары

Әңгіменің авторы

 

 

Мұхтар Мағауин

Кейіпкерлері

 

 

Жетім балалар, Дәуренбек, басқарма

Қай кезеңді суреттейді?

 

Соғыс уақытындағы ауыл тұрмысы

Балаларды не себептен әкелді?

 

 

Олар жетімдер

Әңгіме неге «Бір атаның балалары» деп аталды?

Олар бір ауылдың балалары болып кетті

 

Мұғалім:

 Соғыстың зардабынан мына әр ұлттың балалары қазақ ауылын паналап, қазақтың , яғни бір атаның балалары болып кетті.

7. Үйге тапсырма:        Мазмұндау.

8. Бағалау:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шерхан Мұртаза "Бала Тұрар"
"Дала жұлдызы" С.Мәуленов.
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Қос сөздер
Бір атаның балалары
Адырбек Сопыбеков . Сапар мен Парта
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Интернат қоймасы
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 11433 | Қосты: Мұханова Жанат Сейтқанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык