|
|
Тіркесті сөздер
Тақырыбы: «Тіркесті сөздер»
Қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі: 15.10.2014ж
Пән атауы: қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер
Сабақтың мақсаты:
Оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, күрделі сөздердің бір түрі тіркесті сөздер туралы мағлұмат беру, топта және өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқуға деген қызығушылығы артады;
- тіркесті сөздер туралы мағлұмат алады;
- мәтінмен, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады;
- топпен және өз бетінше жұмыс жасауға қалыптасады.
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Уақыт шеңбері» , «Ойлан. Бірік. Бөліс», «Миға шабуыл», «Тендер», «Константинополь», «Кәдімгі керемет», «Бағдаршам» стратегиясы, жеке, топтық жұмыстар, рефлексия.
Негізгі идея: Тіркесті сөздер, олардың жасалуы, басқа күрделі сөздерден ерекшелігі.
Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, кәмпиттер, доп, конверт, бағдаршам белгілері, күлегештер, математикалық фигуралар, кесте.
Уақыт өлшемі |
Жоспар мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 мин |
Кіріспе Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Сергіту сәтін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылар назарын сабаққа аударады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Тұсаукесер
бейнеролик |
3 мин |
Топқа бөлу стратегиясы |
Кәмпиттер ұсынады |
Кәмпиттердің түстеріне қарай топқа бөлінеді. |
Кәмпиттер |
8 мин |
Үй тапсырмасын сұрау «Уақыт шеңбері» стартегиясы |
Оқушыларға шеңбер құрғызады. Доп беру арқылы сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген оқушыларға күлегештер беріп отырады. |
Оқушылар доп арқылы сұрақтар қояды, жауап берді. |
Доп |
2 мин |
Көшбасшыны таңдау. Сағат тілімен санау арқылы 4 оқушыны топ көшбасшысы ретінде таңдау |
Санау арқылы 7 санына түскен оқушыларды топ көшбасшысы ретінде тағайындайды |
Көшбасшы топ мүшелерін ролдерге бөледі |
|
4 мин |
Қызығушылығын ояту. «Адасқан әріптер» ойыны арқылы тақырыпты ашады. Мақсатын қояды.
|
Адасқан әріптер салынған конвертті топ алдына таратады |
Әріптерден тіркесті сөздер құрап шығады, тақырыпты айқындайды. Сабақтың мақсатын өздері қояды. |
Конверт |
10 |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ 1. Мәтінмен жұмыс «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы
|
Оқулықпен жұмыс |
Мәтінді жеке – жеке оқиды, жұппен талқылайды, топта білгендерімен бөліседі. |
Оқулық |
2. Мәтінді талқылау «Миға шабуыл» стратегиясы |
1 – 7-ге дейінгі санды таңдайды. Оқушыларды математикалық фигуралар арқылы бағалау |
Сол санға түскен оқушы мәтінді талқылап басқаларға түсіндіреді. |
Оқулық |
|
4 |
Жаттығу орындау 1. «Жеке жұмыс» 2. «Константино - поль» ойыны |
1. 93- жаттығуды жеке орындауға береді. 2. Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға қосымша жұмыс береді. Тапсырма: Сабақтың тірек сөзінен көп қысқа сөздер құрастыру |
1. Жаттығуды жеке орындап, интербелсенді тақтадағы жауабымен өз - өзін тексеріп бағалайды. 2. Негізігі сөзден барынша көп қысқа сөздер құрайды. |
Оқулық, слайд |
5 |
Қорытынды «Тендер» әдісі |
Топтарға тапсырманы түсіндіреді, бағалаушы комиссиямен таныстырады. |
Тапсырманы орындайды, кезекпен комиссия алдына орындалған жұмысты апарады. Комиссия қай топтың жұмысы «үздік» деп тапса, сол топ «жеңімпаз» болады. |
Оқулық |
2 |
Бағалау «Бағдаршам» стратегиясы |
Бағдаршам белгілерін таратады |
Бағдаршам арқылы сабақты, өзін бағалайды.
|
Бағдаршам белгілері |
3 |
Рефлексия
|
Стикер таратады
|
Стикерге рефлексия жазып, кестеге жабыстырады. |
Кесте |
1 |
Үйге тапсырма: «Кәдімгі керемет» әдісі |
Үйге тапсырма беру |
Кезекші оқушы хат таратады. Хатта жазылған тапсырманы үйге орындауға алады. |
Конверттегі хаттар |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |