|
|
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Тақырыбы: «Сөзжасамнан өткенді қайталау»
Қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі: 16.10.2014ж
Пән атауы: қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Сөз тұлғасының бөлшектерін білу, дара және күрделі сөздердің қалай жасалатынын түсіну;
- Жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындау және дара және күрделі сөздерді салыстыру, бір – бірінен ажырату;
- Сөз тұлғасынан өткенді жинақтау, бір жүйеге келтіру, тұжырымдау және тіл білімінде алатын орнын бағалау.
Күтілетін нәтиже:
1. Сөз тұлғасының бөлшектерін біледі, дара және күрделі сөздердің қалай жасалатынын түсінеді;
2. Жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды жеке орындайды және дара және күрделі сөздерді топта салыстырып, бір – бірінен ажыратады;
3. Сөз тұлғасынан өткенді жинақтап, топпен ұжымдаса отырып тұжырымдамалық карта жасайды және тіл білімінде алатын орнын бағалайды.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Блум таксаномиясы, жеке, топтық жұмыстар, «Жұқа - қалың сұрақтар», «Топқа бөлу», «Білімді өзара бағалау», «Тапқырлық танытайық», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Блум баспалдығы», «Шығармашылық шарт» стратегиялары
Негізгі идея: Сөз тұлғасы, жаңа сөздер жасау,дара және күрделі сөздер.
Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, сөз қиындылары, тапсырма парақшалары, тұжырымдамалық карта, Блум баспалдағы, күлегештер, стикерлер.
Уақыт өлшемі |
Жоспар мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Ресурстар |
3 мин |
Ұйымдастыру. Сергіту сәтін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылар назарын сабаққа аударады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Тұсаукесер |
6 мин |
Білу, Түсіну
стратегиясы |
|
1. Өздері алған сөздің қандай сөз екенін, жасалу жолын сұрақтарға жауап бере отырып түсіндіреді. 2. Топтарға бөлінеді. |
Сөз қиындылары |
8 мин |
Қолдану «Білімді өзара тексеру» тәсілі |
96 – жаттығуды түсіндіреді |
Тапсырманы орындап, слайдтағы жауабымен жұбын тексереді. |
Оқулық |
7 мин |
Талдау «Тапқырлық танытайық» ойыны |
Төрт топқа әртүрлі тапсырмалар береді, шартын түсіндіреді. |
Топтар берілген тапсырманы орындап, Топтар бір – бірін күлегештерді көтеру арқылы бағалайды. |
Тапсырма парақшалары Күлегештер |
12 мин |
Жинақтау Тұжырымдамалық карта жасау |
Тұжырымдамалық картаның калай жасалатынын түсіндіреді. |
Тақырып бойынша топпен ұжымдаса отырып, тұжырымдамалық карта жасайды. Шапалақ соғу арқылы топтар бір – бірін бағалайды. |
Оқулық, тұжырымдамалық карта |
3 мин |
Бағалау |
Ортаға сұрақ тастайды. |
Сөзжасамның тіл біліміндегі алатын орнын бағалайды. |
|
2 мин |
Рефлексия |
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіреді. |
Бүгінгі сабақтың екі ұнаған сәттерін және өз ұсыныстарын білдіреді. |
|
3 мин |
Бағалау «Блум баспалдағы» |
Стикер таратады, блум баспалдағына қалай жабыстыру керектігін айтады. |
Блум баспалдағына стикерлерді жабыстыру арқылы өз - өзін бағалайды. |
Блум баспалдағы, стикер |
1 мин |
Үйге тапсырма: «Шығармашылық шарт» әдісі |
Үйге тапсырма беру |
Тапсырманы күнделікке жазып алады. |
Тұсаукесер |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |