Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Информатикалық калейдоскоп


Информатикалық калейдоскоп

Информатикалық калейдоскоп

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндктерін байқау, мұғалім қауымын құрметтеуге тәрбиелеу

Барысы:  Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Мектепішілік «Информатикалық калейдоскоп» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі «Информатикалық калейдоскоп»   білімділік сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайысымызға кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Ермеков Ермұрат 7-сынып оқушысы

Қуанов Бекзат7-сынып оқушысы

Сапарова Ару 8-сынып оқушысы

Хамитова Аружан 8-сынып оқушысы

Дайырқұлова Ақжарқын 9-сынып оқушысы

Калкеева Айгерім 9-сынып оқушысы

Ал енді сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

  1. Сариева Роза апай Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Байбекешова Қалампыр апай Математика пәнінің мұғалімі
  3. Ибатова Айнагүл  апай   Информатика пәнінің мұғалімі

6 – сынып оқушысы Аманжолов Есенжанның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

Сайысымыздың  бөлімдерімен таныстырсақ

  1. Таныстыру
  2. «Қас-қағым сәт»
  3.  «Мақал – сөз мәйегі»
  4. Бәрін білгім келеді
  5. Қиял әлемі

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жарасама?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, - дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей келе ойынымыздың «Қас – қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік. Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 1 сұраққа 5 ұпайдан есептелінеді.

  1. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
  2. Аты бар бір қатар байттар тізбегі (файл)
  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
  4. ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек (60 – 70см)
  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 ж Лейбнец ойлап тапқан машина (арифмометр)
  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
  7. Компьютердің ең бастыбөлігі, ақыл – ойы (процессор)
  8.  Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
  9. Мәтінмен жұмыс істейтін редактор (Word)
  10. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
  11. Компьютер ауруы (вирус)
  12. Ақпарат өлшем бірлігі (Бит, байт)
  13. Вирусты кері жоятын программа (антивирус)
  14. Есте сақтау құрылғысы (винчестер)
  15. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақтар)
  16. Бит деп нені айтады? (Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды)

 

Ойын толқып жатқанда асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал –мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептелінеді.

  1. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)
  3. Вирустан қорыққан  интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
  4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім)
  5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
  6. Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
  7. Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра)
  8. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)
  9. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
  11. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
  12. Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)

 

 

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылықпен пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі «Бәрін білгім келеді» бөліміне көшейік. Әрбір ойыншы монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет.

Ғалымдар

10. компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик (Джон Непер)

Тарих

10. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (СЕРОБЯН)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. 1 жартысы)

30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды (1846)

Ақпарат

10. Ақпараттың өлшем бірлігі (байт, бит)

20. Ақпараттық процесстерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау, өңдеу)

30. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

Әр түрлі

10. Логикалық амалдардың қандай түрлерін білесіз?

(логикалық көбейту, логикалық қосу, теріске шығару)

20. Компьютердің негізгі құрылғылары (пернетақта, монитор, жүйелік блок)

30. Компьютердің ішкі жады (жедел жад)

 

5-ші  бөліміміз «Қиял әлемі» деп аталады. Мұнда сайыскерлерімізге тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастырулары керек.

  1. Егер мен хакер болсам...
  2. Егер мен президент болсам...
  3. Егер мен робот болсам...
  4. Егер мен програмист болсам...
  5. Егер мен информатика пәнінің мұғалімі болсам...
  6. Егер мен мектеп  директоры болсам...

 

Әділ қазы алқалары қорытынды бағасын шығарып болғанша жақсы әнге кезек берейік.

 

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

 

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет. Қош сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Біліміңді сынап көр»
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Информатика әлемі
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлемінде сайысы
Білім баспалдағы
Қызықты Информатика
Көңілді тапқырлар
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Көңілді тапқырлар
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2712 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык