Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны


Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны

Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны

Слайд 2  Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр-компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.

        Ойынның жүрісі:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша  «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:

(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)

Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)

Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз.

Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.

Слайд 4  І тур «Бәйге»

  1. Aқпараттық процессорды жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)
  2. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70 см)
  3. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)
  4. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)
  5. Принтердің неше түрі бар? (3)

         ( матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік )

  1. Графикалық редактор. (Paint)
  2.  Мәтіндік редактор. (Word, WordPad)
  3. Компакт-диск оқу құрылғысы. (CD=ROM)
  4. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
  5. Компьютер ауруы. (вирус)
  6. Windows деген не? (терезе, ОЖ)
  7. F1 пернесінің  қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)
  8. Компьютердің құрылғысы неше бөліктен тұрады?. (2)
  9. Пернетақта неше бөліктен тұрады? (4)
  10. WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-программы- стандарный- WordPad)

Мұғалім: «Ана тілің-арың бұл,

                       Ұятың боп тұр бетте.

                        Өзге тілдің бәрін біл,

                        Өз тіліңді құрметте.»,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

Слайд 5 ІІ тур «Тіл-өнер»

  1.  «Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)
  2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
  3. Компьютерге ақпарат негізетін құрылғы /пернетақта, калвиратура, кей
  4. Бізмектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? /қалам, ручка, peinl
  5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)
  6. Компьютерді миы /жүйелік блок, процессор,   systemblok/  ,/
  7. Дыбыс шығарғыш құрылғы  /колонка, дыбыс, шығарғыш,
  8. Сәлем ненің патшасы.  (сөз, слово, word)
  9. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)
  10. Тышғанның неше батырмасы бар?  /үш, три, cri/

Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.

Көрермен жиналған біл тамашаға,

Құр қалып, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Демек, келесі кезең  «Жеті жұмбақ»

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Слайд 6-24         ІІІ тур «Жеті жұмбақ»

20(сол жақта)-Пернетақтаның неше пернесі бар? /104/

20(ортада)-Тышқанның неше батырмасы бар? /үш/

20(оң жақта)-Компьютер құрылғылары неше бөліктен тұрады? /2/

30(сол жақта)- Принтердің неше түрі бар? /3 түрі/

30(ортада)- Графикалық редакторы дегеніміз не? /сурет салу  және мәтін жазу бағдарламасы/

30(оң жақта)- Интернетке қосылу құрылғысы. (модем)

40(сол жақта)- Ақпарат дегеніміз не? /қоршаған орта/

40(ортада)- Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан?

(тақырып жолы)

40(оң жақта)- Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню)

Мұғалім: Ұпайы аз 1 оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Көкпардың сабақтан көп сұрағы,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Алдарыңызда математика, информатика  пәндерінен сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұрақтарға алдарыңдағы жауап нөмірін көтеру арқылы барлық оқушы жауап береді.

Слайд 25-40  IVтур «Дода-Көкпар»

  1. Информатика:   

30- Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды?

1)    Монитор   2)пернетақта      3) процессор

20-(сол жақ)-«Бит» сөзінде неше бит бар?

1)    3 бит      2) 24 бит          3)8 бит

20-(оң жақ)-Microsoft фирмасын құрған кім?

1)    Ф.Нейман  2)Пол Аллен  3) Билл Гейтс 

10-(сол жақ)- винчестенр деген не?

1)    Қатты диск   2)Иілгіш диск  3)Компакт-диск

10-(оң жақ)- Нақты бір файлды көрсететін белгіше?

1)    Файл 2) таңбаша (ярлык) 3) қапшық (папка)

  1. Математик

Ойланған сан мен 160-тың  қосындысы 350 – ге тең?

1)    510             2) 190                            3)458

20-(сол жақ)- Үстел үстінде 10 май шам тұрды. Оның 5-еуі жанып кетті Неше май шам қалды?

1)    5                 2)10                     3) 12

20-(оң жақ)- 500 бен 106-ның ацырмасынан  99-ды азайт.

1)    500-106=393, 393-99= 296   2)500-106=394. 394-99=295 3)500-106=456, 456-99=392

10-(сол жақ)- Анасы тәтті нан пісірді оны үлкен пышақпен үш рет кесті. Тәтті нан неше бөлікке бөлінді?

1)    8       2) 6   3) 5

10-(оң жақ)- Толы бал құйылған бөшкінің салмағы 34 кг, дәл осындай жартылай бал құйылған бөшкіге 18 кг тартады. Бос бөшкінің салмағын анықта?

1)    18               2) 16           3) 14

Мұғалім: сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Ең жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Келесі кезеңіміз «Жорға». Екі нұсқа бойынша алдын-ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау еркі ұпайы аз оқушыға беріледі. Берілетін уақыт 1 минут.

Слайд 41  тур «Жорға»

1)                   Терезе нешеге бөлінеді? (4) (қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)

2)        Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді? (2)

3)      Функционалдық пернелер нешеу? (F1-F12)

4)      Дыбыс шығару құрылғысы. (колонка)

5)        Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (курсор)

6)       Енгізу құрылғысы. (пернетақта)

7)    Монитор қандай құрылғы? (шығару, негізгі)

8)    Графиктік редактор. (Paint)

9)    Бас әріптер режиміне көшу пернесі. (Caps Lock)

10)           Калькулятордың неше түрі бар? (2)

11)           Пернетақтада қанша перне бар? (101-102)

12)           Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)

13)           Компьютер жанына қоятын өсімдік. (кактус)

14)           Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. (принтер)

15)           Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.  (монитор)

Мұғалім: Слайд              Анаграмма. Берілген  әріптерден сөз құрап анықтама беріңіз.

Мұғалім:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Сынып көшбасшысы» ойын мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Информатика әлемінде сайысы
«Ғажайып информатика жұмбақтар әлемінде»
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Қызықты Информатика
Көңілді тапқырлар
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Көңілді тапқырлар
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4288 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык