Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері


Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері

Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері

Тақырыбы: Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері

Мақсаты:

Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;

Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;

Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе.(2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (7мин)

1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)

2.  Қысқаша сұрақ-жауап;

  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
  • Сандардың қандай түрлері бар? мысал.
  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?
  • :=  ‘   ;  таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
  • Айнымалылар деген не? түрлері, мысал

ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)

  1. Мәліметтер типі. 

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

Т И П Т Е Р

Қ А Р А П А Й Ы М

 

К Ү Р Д Е Л І

Бүтін сан

(integer)

Нақты сан

(Real)

Символдық шама

(Char)

Логикалық шама

(Logocal)

Мәтіндік шама

(Text)

Жиымдар

(Array)

Файлдар

(File)

Жазбалар

(Record)

жиындар

(set)

Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.

  1. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде  көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;

мысалы:  oryn=(soljak, orta, onjak

  1. Сандардың  типтері.

Бүтін сан типтері

Нақты сан типтері

Byte

0 – 255

Real

±1.7E38

Shortint

-127 - +127

Single

±3.4E38

Integer

-32768 -  +32768

Double

±1.7E308

Word

0 – 65535

Extendet

±1.1E4932

longint

±2147483648

Copm

-2E63-1 ...  2E1063+1

  1. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).

Мысал:  var  x:bolean;   

  1. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.

var  x:char;      х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.

Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.

Мысалы: var  x:string;      x:=’мектеп’;  деп жазуға болады.

  1. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:

атау=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );

kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ...,‘жексембі’);

ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);

  1. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:

apta=1..7;  ai=1..31;  jyl=1..12; …

7.  Жиі қолданылатын стандартты функциялар.

Функция

chr(x)

round(x)

truns(x)

odd(x)

ord(x)

sqr(x)

Түсіндіру

Х-санын символға аударады

Санды дөңгелек-тейді

Нақты санның бүтін бөлігі

X-тың тақ екенін тексереді.

Х-символының рет нөмірін береді

x-тің кв.түбірін шығарады

Мысал:

Chr(53)=5, chr(73)=I

round(5,7)=6

truns(5,7)=5

X=5 (true)

X=6 (false)

ord(?)=63

ord(‘5’)=53

 

sqr(81)=9

 

Функция

sqrt(x)

frac(x)

int(x)

abc(x)

pi

Қалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз.

Түсіндіру

Х-тің квадараты

Х-санының бөлшек бөлігі

Х-санының бүтін бөлігі

Х-тің абсалют шамасы

ПИ саны

3.14159265358979

Мысал:

sqrt()

frac(15.89)=0.89

int (15.89)=15

abc(9)=9

abc(-9)=9

write(pi);

3.14159265358979

 

IV. Сабақты бекіту: (8мин)

1.  Стандартты типтерді талдау.

2.  Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.

3. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.

4.  Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан басқамысалдар келтіру.

V. Үйге (3мин)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Символдық мәліметтермен жұмыс тәсілдері
Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар
Өрнектер. Меншіктеу операторы
Берілгендер типі туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері
Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті
Символдық және жолдық шамаларды қолданып есептер шығару
Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 7151 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык