Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа тарих – жарқын тұлға


Жаңа тарих – жарқын тұлға

Жаңа тарих – жарқын тұлға

 

Пән:  Қазақстан тарихы.         Сыныбы:11  «Ә» класс          Мерзімі:

 

Тақырыбы:

Жаңа тарих – жарқын тұлға

Жалпы мақсаты:

 

Қазақ халқының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономикамен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Елбасының халқыңа сіңірген еңбегі, ерлігі жүргізген саясаты жөнінде толық мәлімет алады. Тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстыра талдауға үйренеді. Отанға деген сүйіспеншілігі артады.

Түйінді идеялар:

Ұлы дәуірге – ұлы тұлғалар қажет. Ярослав Гашек

Сабақ мазмұны

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Ресурстар

1.Кіріспе

5мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Кімнің қандай екендігін тап?» жаттағуын орындаймыз. Оқушыларды «тарихшылар», «экономистер», «саясатшылар», «мәдениеттанушылар»  сөздері арқылы төрт топқа бөлемін.

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, экраннан сөздер көрсетіледі. Оқушыларға соған жауап ретінде бір оқушының аттарын айтады.

Интерактивті тақта.

2. Тұсаукесер

5 мин

-Оқушылар, сабағымызды бастамас бұрын төмендегі сұрақтаррға жауап берейік.

-Қазіргі экономикалық жағдайда сіздің пікіріңізше, қандай өзгерістер енгізу қажет деп ойлайсың?

-Керемет көшбасшы қандай қасиеттермен ерекшеленеді?

-Сенің ойыңша қазіргі таңда керемет көшбасшы деп кімді атауға болады?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз Елбасымызға арналады. Елбасы өмірі туралы бейнесюжет көрсетіледі.

Оқушылар сұрақтарға өз ойларымен жауап береді. Жауаптар тыңдалып, толықтырылып, сабақтың тақырыбы анықталады.

Плакат, маркер, карта

3. Негізгі бөлім

20 минут

 

Бағытталған оқыту әдісі бойынша алдарыңызға тапсырмалар беріледі.

І-топ. Тарихшылар. Елбасының өмір жолы туралы.

ІІ-топ. Экономистер. Экономика саласына сіңірген еңбегі

ІІІ-топ. Саясатшылар. Саясат саласындағы еңбегі

ІҮ-топ. Мәдениеттанушылар. Елбасының мәдениет саласына қосқан үлесі

«Түртіп алу стратегиясы»

Әр топ  мәтінді оқып, талдайды және топтық таныстырылым қорғайды. Топтар критерий арқылы бір-бірін бағалайды.

1. Мағынасының ашылуы.

2. Қосымша мәліметтерді пайдалануы.

3. Эстетикалық талғамға сай болуы.

 

 

Топтық таныстырылым кезінде оқушылар дәптерлеріне «Түртіп алу стратегиясы» әдісі бойынша дәптерлеріне жазып отырады

Кітап, плакат, маркер, стикер

3минут. Сергіту сәті

«Бұзық телефон» ойыны. Ортаға әр топтан бір оқушыдан шығару, төрт оқушыны сыртқа шығарып жіберіп, қалған оқушыға мәлімет ұсыну.

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін орындалады.

Интерактивті тақта

4.Қорытынды.

5 минут

-Оқушылар, бүгінгі сабақты қорыту үшін топтарға тапсырмалар беріледі. Елбасының халықаралық аранадағы орны және елімізге сіңірген еңбектері туралы бейнесюжет көрсетіледі.

І-топ. Хронология

ІІ-топ. Диаграмма

ІІІ-топ. Елбасының ішкі және сыртқы саясаты

ІҮ-топ. Тірек сызба

Әр топқа жылдар, мәліметтер жазылған тапсырмалар беріледі, оқушылар мәліметтерді сәйкестендіріп, плакатқа жапсырып, қорғайды. Үш шапалақ арқылы бағалайды.

Мәлімет, плакат, маркаер, желім.

5 минут

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі бойынша тест орындау.

-Оқушылар, биыл 11-классыздар, ҰБТ тапсырасыздар. Ал тест тапсырмаларында Елбасына қатысты тест сұрақтары кездеседі. Сол себепті ҰБТ-ке дайындық ретінде қазір әр топта сұрақтар беремін. Аладымен, өзіміз ойланамыз, топта бірігіп талдаймыз, келесі топпен бөлісіп талдаймыз.

Оқушылар әрқайсысы тест тапсырммасын орындайды, топта талқылайды және тексеруге келесі топқа береді

Интерактивті тақта

2 минут

Кері байланыс.

1.Ет тартқыш. Бүгінгі сабақты өз бойымнан өткіздім, яғни толық мәлімет алдым

2.Чемодан. Барлық алған білімді алып кетемін.

3. Қоқыс жәшігі. Тастап кетемін

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, көңіл-күй парағына іледі.

Көңіл-күй парағы, стикер

1минут

Үйге тапсырма: Елбасының әр жылдардағы Жолдауларын талдау.

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тақырыбы: « Үйсіндер мемлекеті »
"Мен соғысты жек көрем"
Табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Наурыз көже
Біздің Елбасы
Саясат және билік
ХҮІІІ ғ ортасындағы Қазақстан
Нәтиже сабақ
Рационал сандарды бөлу
Хан-халқымен қамал
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 1963 | Қосты: Үсенбаева Гүлбану Елтайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык