|
|
Сабақтарда ИВТ ТЕСТ бағдарламасы және Sweet Home 3
D модельдеу жүйесі бойынша жұмыс жасау
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Мұғалімдерге оқушылармен жұмыс жасауын жақсарту үшін келесі екі бағдарламаны ұсынып отырмын: ИВТ ТЕСТ тестілеу бағдарламасы, Sweet Home 3 D модельдеу жүйесі.
ИВТ ТЕСТ тестілеу бағдарламасы
Тест жасау бағдарламасын орнатуы бар файл белгішесіне екі рет басу арқылы қысылып тұрған файлды жүзеге асырамыз.
Ашылған терезеде Тест баптаулары, сұрақтар мен жауаптар және тест баптаулары беттері шығады:
- Тест туралы ақпарат терезесінде Тест атауы, тест сипаттамасы және автор туралы мәліметтер орналасқан.
- Сұрақтар мен тапсырмалар терезесінде сұрақ қосу, сұрақ типтері және сұрақ пен жауаптар батырмалары бар.
- Тест баптаулары терезесінде берілген сұрақтар саны, сұрақтар мен жауаптар қою тәртібі, бағалау жүйесі, уақыт қою және тест нәтижелері енгізілген.
Бұл бағдарлама негізінен қазақ тілінде барлық пәндерге және жеке ҰБТ дайындық жинақ тесттер ретінде қолдануға болады. Бағдарламада мәзір қатарында: Файл, өңдеу, көрініс, сұрақтар, кірістіру және анықтама бөлімдері орналасқан. Формулалар, суреттер және әртүрлі символдар қоюға болады.
Sweet Home 3 D модельдеу жүйесі бойынша жұмыс жасау
Sweet Home 3 D модельдеу жүйесінің бағдарламасын орнату үшін енгізу файлына екі рет тышқан құрылғысын шерту арқылы жүзеге асырамыз. Келесі терезелер реті бойынша компьютерге орнатылады.
Қосымша мәлімет
Флеш-картада кейбір ашылмай қалған файлдарды көрсету
Компьютерде жиі кездесетін мәселелердің бірі –флеш-картада бізге кейбір керекті файлдардың ашылмай қалуы. Бұл мәселені шешу үшін, біз алдымен қосылып тұрған компьютердің usb құрылғысына флеш-картамызды саламыз. Содан кейін, антивирусқа флеш-картаны тексереміз. Тексерілгеннен кейін бірден флеш-картаның терезесі шығады, оны ашпай жауып қоямыз. Флеш-картаны ашу үшін жұмыс үстелінен Менің Компьютерім белгісін басу арқылы орындаймыз. Енді ашылған уақытта, флеш-картаның көлемін қараймыз. Көлемі толып тұрса да ештеме көрсетпеуі мүмкін. Осы кезде, Іске қосу(пуск)-барлық бағдарламалар(все программы)-қалыпты(стандартные)-командалық жол амалдарын орындаймыз. Келесі терезе ашылады:
Ашылған терезеде флеш-карта қай дискінің атымен ашылып тұрғаның менің компьютерім терезесінен қарастырып, суреттегі жағдай е-дискісі. Яғни, е: амалын ашылған қара терезеге енгізіп, enter пернесін басамыз. Басылғаннан кейін e:\> командасы көрінеді. Осы жолға attrib –s –h /s /d бұйрық командасын теріп, тағы да enter пернесін басу арқылы бірнеше секунд күтеміз(флеш-картадағы ақпараттың көлеміне қарай орындалады). Осы амалдарды рет-ретімен орындағаннан кейін, өзіміздің флеш-картамызды ашып, онда бос бума пайда болады, буманы ашу арқылы көрінбеген файлдарымызды тауып аламыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |