Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 8 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары


8 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары

8а сынып №2 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Температура.Температураны өлшеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу,температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельций және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1)Жылулык қозғалыс дегеніміз не? Оның механикалық қозғалыстан айырмашылығы неде? Неге жылулық деп аталады?
2) Броундық козғалыс деп нені айтады? Оның себебі неде?
3) Диффузия дегеніміз не? Қаггы денелер, сұйықтар және газдарда диффузия қалай жүреді?
4) Диффузияның жылдамдығы дененің температурасына, тығыздығына қалай тәуелді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтағы негізгі материал:
Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар-температураның өзгеріне байланысты құбылыстар.Салқын және жылы денелер. Температура-дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші.Температура скаляр шама. Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе-теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал-термометр.Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр-температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.
Термометрлердін түрлері. I .Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі -38°С-тан 260 °С-ка дейін;
б) спиртгі термометр, өлшеу шегі
в) термопара (-269 °С-тан 2300 °С-қа дейін)
г)термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы-негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру(0°С) және судың қайнау(100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура- табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол -273,15 0°С-қа тең.
Кельвин шкаласы-халықаралык бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу -273 ОаС-қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин -Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (1+273) К немесе 1 = (Т-273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу эдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2 сұрақтарын талдау.
1) Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.
2) Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуғаболады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?
Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы отгегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2, 1-жаттығу, №1үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күш. Деформация
Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі
8-сынып физикадан орта мерзімді жоспар
Молекулалық физика негіздері
Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы
Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Кулон заңы
№2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.»
Энергия тарауын қайталау
9 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Молекулалардың қозғалысы.Диффузия

Автор Жүнісбекова Гүлзат Әбілдақызы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы, В. Терешкова орта мектебі

Бөлім: Материалы / Физикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 3641 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар