Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауылым – алтын бесігім


Ауылым – алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім

Мақсаты:Оқушылардың Тәуелсіз ел Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.Отанын сүюге ,байлығын қорғауға ,елжандылыққа ,әсемдікке, жауапкеншіліке тәрбиелеу.Өнерге деген қабілеттерін дамытып,елге,жерге, деген патриоттық сезімдерін ояту.Ел рәміздерін тарихын білуге бағытталады.
Көрнекіліке :Тәуелсіз Қазақстан елі рәміздерінің суреттері.Плакатқа жазылған нақыл сөздер.Ауыл азаматтарының жетістіктері.Ауылының суретери
Тәрбие сағатының барысы
Қанатты сөз:
Туған жер- алтын бесік.
Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М.Мақатаев
Әнұран орындалады.
Жүргізуші:Бүгінгі «Ауылым –алтын бесігім» тақырыбындағы сынып сағатын ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық»,-дейді халқымыз.Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз-кең байтақ Қазақстан.Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы-біздің ақ бесігіміз.Сондықтан да біз оны ардақтаймыз.Шексіз сүйеміз.Әрқашан аялап,қорғап жүреміз.
Ата-бабамыздың өткен жолына бір аз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел ,не деген төзімді де қайратты ел,не деген батыр да батыл менің елім!»деп көңілің көкке көтеріледі.(Музыка ойнап ,аяғын ақырыгн басып Ата шығады.Орындыққа келіп, демалаып отырады.Осы кезде жүгіріп немересі шығады) Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә , балам атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймынүЕліміздің болашағы жайлы,өткен өмір жайлы ойлаймын,қуанамын!
Немересі:Ата,»өткен өмір» деген не?
Атасы:Ә,балам «өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі :ол қандай болады?
Атасы: ендеше Тыңда ,балам, атаң бір сөлесін :
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілдерден тарих хатын
Мақсатым –кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталарды аманатын
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас»Жеті атасын» парыз екен,
Бұрынғылар ұрпақтын қамын жеген .
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп , өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтанда ,балам ,сен де өз тарихынды ,жеті атаңды білуге тиіссің.Сонау ерте кезде біздің ата –бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып ,халық болып қалыптпасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Автор:Ата ұзақ ойланып,өткен тарихты әңгімелейді.
Жүргізуші:
Өмірімізді,өткенімізді көріп,
Әнімізді,жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге,тірлігімізге қарап,
Тұқымымызды,ғұрпымызды көріп,
Өзімізді,сөзімізді тыңдап,
Оқушылар хормен: «Бұл –қазақ»,-дейді
Оқушы:
Менің елім –Қазақстан .Бұл әрбір дала перзентінің(кәрісі бар, жасы бар)көкірегінде мақтанышпен айтатын сөз.Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым,көп толғандым.Елім жайлы,алтын бесігім туған жерімжайлы азаматтық жүрегіммен толған сыр шерте алар ма екен?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
Деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай,Отан жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен.Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз.Өзіміздің мемлекетіміз,тарихымыз,тіліміз,тәуелсіздігіміз бар.
Оқушы:
Қазақстан туған өлкеміз.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,Жалауыңды желге желпем.Қортынды:«Ата-қоныс жер қымбат,Туып өскен ел қымбат»,-демекші ,балалар бүгінгі тәрбие сағатында айтылғандарды өнеге етіп,елді ,жерді сүюді ,қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.Оқушыларға «Ауылым алтын бесігім»тақырыбына шығарма жаздыру.
Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ердің өз қолдарыңызда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді азамат болып ержет керек Тәуелсіз еліміздің Көкбайрағын жоғарыда желбірету-ең асыл мұраттарың мен міндеттерің екендігін ешқашанда естен шығармаған абзал...
Суретте:«Ауылым –алтын бесігім»сабағына қатысқан мектеп шәкірттерінің бір тобы ұстаздарымен бірге.

Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.

Әлемдік психолого – педагогикалықәдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған [ 1,15].

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс [ 2,182].

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанныңөте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардыңқисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:

  • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
  • ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –

логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге  мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің  өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толыққұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау  баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан  кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.

Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.

Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білугеүйрету – математика сабағының міндеті.

Жаңа буын математика оқулығының  басты ерекшеліктерінің бірі – оныңәрбір сабаққа  лайықталған  материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан  тұрады.  Солардың бірі — балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықта жасыл түсті қоршауға алынған шығарамашылық жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың ешқайсысында жаттығулардың осындай тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен байланысты  оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығарамашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.

Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың  әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалықәдебиетте жаттығу ұғымы оқытудыңәдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен  іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды. [ 3,277].

Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген.Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И.Ньютон  жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.

Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.

Кең мағынада алғанда,  математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, есептер, логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т.с.с. деп бөлуге болады.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны  біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер.

«Міндетті  деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті  материалдар жатады. …

Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының  математикалық  ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес   түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен  ұштасатын  және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде  оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тгізеді және негізгі материалды терең меңгеріп  алуға көмектеседі».

Жаңа буын оқулықтарында бастауыш математикалық білім мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған  жаттығулар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы ізденістер тудыру арқылы оқушыны  шығармашылықәрекет жағдайына  енгізуге мүмкіндік  жасайды. Шығарамашылық  жаттығулар ұсынылғанда, оқушының алдында  мақсатқа  өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете  алмайтын  проблемалық  жағдаят пайда болып, ол оқушының  интеллектуалдыққиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында  оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс -әрекеттер  орындауға талпынады.Осы тұрғыдан алғанда  математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты. [ 5, 8 ].

Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.

Мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды,  орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін  оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операиялары толық жүргізілмегендіктен  логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың  бір жолы — шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату.

Сыныптағы  оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім  оқушыларға  міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
БАСТ АУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
«Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Бастауыш сынып оқушыларын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы математика пәніне бейімдеу
Математика әлемі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын, пәндеріндегі тапсырмалар
Қызықты математика әлеміне саяхат
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6491 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык