Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош, сүйікті Әліппем!


Қош, сүйікті Әліппем!

  Қош, сүйікті Әліппем!

Ертеңгіліктің өтілу барысы:

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сіздерді «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті ,міне бойларың

Өсті,міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

1-оқушы:   Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2-оқушы :    Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.

3-оқушы:  Кешегі сәби балаңыз,

                  Жарады міне қараңыз.

                  Ғылым, білім жосына

                  Енді қайық саламыз.

4-оқушы:

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

5-оқушы:

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.

6-оқушы:

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

Мұғалім:

-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол -сүйікті Әліппе,

Ол-сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!

Хормен:Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйретіп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім:

-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ана. Мектеп» сөздерімен таныстық

О Т А Н:

О: Ораз барды орманға,

     Он шақты оған бала ерді,

     Омарташы оларға,

     Ожау-ожау бал берді.

Т:  Таңданысты есіткен

      Түлкі тәсіл тауыпты

      Төбедегі тесіктен.

      Тағы әкетті тауықты.

А:  Асқар аға Астанаға

      Асанды алғаш ала барды.

      Алып тауды Алатауды,

      Алматыны аралады.

   Н:  Нағыз малсақ-Нұркенже,

      Нарға келіп нан берді.

      Нары нанды жегенше,

      Ноқталап та үлгерді

Мұғалім:

-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика?

-Қазақстан Республикасы.

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Қарағанды қаласында.

-Енді Отанымызға арнап, ән орындайық.

Ән «Әліппе» (хормен)

Мұғалім:

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын

  асыл адам – Ана!

-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:

А Н А:

А:  Аспанда ару ай да бар,

      Айдай сұлу қайда бар?

      Айлы түнде жап-жарық,

      Асыр салып, ойнайық

Н:  Найза болып тиеді,

      Намысы зорға да.

      Нансаң сол киелі,

      Нанды сен қорлама.

А:  Атам жақсы көреді,

      Алса алғыс өзені

      Алқа топта мақтар кеп,

      Атасына тартқан деп.

Мұғалім:

-Біздің білім алатын ордамыз-мектеп.

-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның бес күні мектепте өтеді.

-Біз мектепке не үшін келеміз?

-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз

-МЕКТЕПсөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:

М:  Мүсінші болар Мүсілім,

      Маралдың жасап мүсінін.

      Мұражайға мектептің,

      Мұны тарту етпекші

Е:  Есенкелді есті екен,

     Ерке Ерланға ермеді.

     Ерте тұрып есік пен

     Еден сырлап ерледі

К:  Келер көктем көңілді,

     Көкпен бояп өңірді.

     Көкжиектен кешкісін

     Кемпірқосақ көрінді

Т:  Түлкі, түлкі, түлкі-де,

      Түк айласыз бұл күні

      Түгелісіп қулығы,

      Түгел жұртқа күлкілі

Е:  Есейіп құйттай балғындар,

      Елге қызмет жасады.

      Ертең сенің алдыңнан,

      Есігін мектеп ашады.

П:  Перде мененен пернені,

      Панар білмей шатасты.

      Перде-терезе жапқыш қой,

      Перне неге қатысты?

ӘН: «Сәлем саған,мектебім» (хормен)

Әліппе сөйлейді:

-Әліппеде тізілген

 42 әріп бар,

Тізілген соң ізімен,

Өз кезінде танып қал.

1-оқушы:

Мама, папа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге жақын нағыз сен,

Сенен білдік әріп те.

 

2-оқушы:

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

Әліппе атты кемемен,

Кеземін Білім мұхитын.

3-оқушы:

Үйретті бізді әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке

4-оқушы:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Мұғалім:

-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық

-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?

-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

-Шаңғы,шана тебеміз

-Ендеше ортаға Балсұлуды «Зырлайды шанамыз»әнімен шақырайық

-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы

-А, Ә, Б.

1-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:

А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Мұғалім

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер

-Осының бәрін үйреткен кімдер?

Оқушылар (хормен):

-МЕКТЕП!

- ӘЛІППЕ!

- МҰҒАЛІМ!

- АТА-АНА!

1-оқушы:

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әліппені.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

2-оқушы:

-Әліппе оқуға,

 Үйреткен әр күні

 Мұғалім апай ғой!

3-оқушы:

-Үйретіп санауды,

  Көп еңбек сіңірген

  Мұғалім апай ғой!

4-оқушы:

Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Би:   Қара жорға

Мұғалім:

-Рахмет, шәкірттерім!

 -Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

-Қане, әліппеге Қош айтайық!

Оқушылар хормен:

-Бізге білім салып берген,

 Қош бол, құтты Әліппем,

 Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе сөйлейді:

Білмінің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың!

-Қош болыңдар, балалар!

Балалар хормен:

-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!

-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!

Мұғалім:

-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.

-Қарсы алайық, танысайық

Ана тілі сөйлейді:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама

    Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

    Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен ілмді,

     42 білмді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

    Сурет салар ісі бар (қарындаш)

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Мұғалім:

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз:

1-оқушы:

Болашағын баланың,

Талабынан білесің.

Жақсы оқыса сабағын,

Жақсы көріп жүресің.

2-оқушы:

Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның баласы,

Мен оқушы баламын.

3-оқушы:

Ата келші тезірек,

Ана тілін бастадым.

Өзіңе айтар тағы да,

Дайын менің тақпағым.

4-оқушы:

Ата-анаға еркелеп,

Ортасында өстік біз.

Жақсы оқып, қуантып,

Бестік күнде алдық біз.

Балалар хормен:

-Ата-анаға мың рахмет!

Мұғалім:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Барлығы хормен:

-Рахмет, ұстаз алғашқы!

ӘН: «Мұғалім-ол біздің»

Қорытынды:

Мұғалім:

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нұртазина Майра Бақытқызы мен ата-аналарға беріледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1991 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык