Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Adobe Captivate бағдарламасында жұмыс жасаудың негізгі әдістері жайлы


Adobe Captivate бағдарламасында жұмыс жасаудың негізгі әдістері жайлы

Adobe Captivate бағдарламасында жұмыс жасаудың

негізгі әдістері жайлы

Кіріспе

Қазіргі оқыту әдістері мен формалары электрондық қорларды пайдалануды қажет етеді. Дамыған елдерде педагогтардың осындай дайын қорлардың кітапханасына кіру мүмкіндіктері бар. Олар сабақта осы қорларды жүктеу арқылы сабақтарын өткізеді. Біздің педагогтарымызда әр түрлі бағдарламалық жабдықтарды пайдаланады, ал оларды оқушыға беру үшін, аудиториямен байланыс жасау үшін әртүрлі интернет орталарын, файл алмасу сайттарын, электрондық почта, байланыс құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланады.

   Бірақ бірыңғай білім беру жүйесіне сәйкес келмей көптеген туындаған мәселелерді шеше алмайды.

    Арнайы мамандандырылған технологиялық ортаны Adobe Systems Inc компаниясы ұсынды. Бұл бағдарламалық орта электрондық оқыту контентін ұсынатын Adobe Captivate және Adobe connect 9 пакеті болып табылады. Бұл бағдарламалық орта дистанциялық және онлайн жүйесінде оқыту мақсатында қолданылады.

    Adobe Captivate бағдарламасында жұмыс жасау бастамасы

     Ең біріншіден Adobe Captivate бағдарламасы мультемидиялық оқыту қорын жасау мақсатында пайдаланылады. Оқыту қорын жасау үшін арнайы бағдарламалау тілін білу қажет емес.

Бағдарлама мүмкіндігі

Adobe Captivate бағдарламасымен барлық пән бойынша электрондық оқу курсын жасауға болады. Шартты түрде бұл оқу курстарын 3 санатқа бөлуге болады.

  • Сызықты- оқыту тізбектікті түрде 1-ші слайдтан 2-ші слайдтқа одан 3-ші слайдқа тізбекті түрде көшіп отырылады.
  • Сызықты емес тармақты. Оқыту арнайы жүйемен орындалады. Мысалы: оқушыға сұрақ қойылады. Оқушы жауабына сәйкес оқу материалы шығады.
  • Симулятор . Бейнесабақтар оқыту презентацияларын жасау.

Adobe Captivate бағдарламасы арнайы кодсыз да электрондық оқытуда тиімді әрі жүйелі кәсіптік дәрежедегі жобалар құруға мүмкіндік береді.

    Оқытушының әртүрлі типтерді пайдалана отырып тестік бағдарламалар жасауына болады. Бағдарламалау тілдерінен хабары жоқ пайдаланушы да интерактивтілігі жоғары электрондық оқытуға арналған контент құруына болады. Оқушының белгілі бір әрекетті орындауын міндеттейтін оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдануына болады.

     PowerPoint құжаттарын импорттау және оны редакциялау арқылы анимациялары мен дыбыстық сүйемелдеулерін сақтай отырып құжатты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Adobe Captivate пакеті арқылы электрондық оқулықтар мен қосымшалардың негізгі жұмысының жинақтамасы жасалады.құрамында модельдеу, арнайы жүйемен оқыту, білімді бағалау, мультимедиялық мазмұнымен интерактивті функциялары бар.Adobe Captivate бағдарламасы оқыту материалдарына сурет, презентация, бейне, дыбыс файлдарын импорттап орналастыруға мүмкіндік береді. Adobe Captivate бағдарламасы жасалған жобаны MP3 файлына ауыстыруға, бейнехостингке салуға мүмкіндік береді. MicrosoftPowerPoint, AdobeFlash, PDF бағдарламаларында жасалған құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

 Adobe Captivate бағдарламасы ортасымен танысу

   Біріншіден, бұл бағдарламаның құжаттармен жұмыс ерекшелігіне тоқталар болсақ. Мұнда жасалған құжат жоба деп аталады және жекелеген слайдтардан тұрады.

Ол слайдтарды өшіруге, редакциялауға, қосуға болады. Жобамен жұмыс аяқталғаннан кейін оны клип түрінде сақтайды.  Ал оны редакциялап түзету жасау үшін қайтадан бастапқы жобаны ашып содан кейін түзету жасайды. Қайтадан клип түрінде сақтайды. Adobe Captivate бағдарламасы терезесінде клиптер мен жобаларды құру, редактрлеу үшін басқару элементтері ( батырма, тақта, мәзір т.б ) бар. Бағдарлама пайдаланушыға дайын жұмыс ортасын ұсынады. Әр пайдаланушы жұмыс ортасын өзіне ыңғайлап жасап алуына болады.

   Басқару тақтасында файлдарды сақтау, болдырмау және қайталау, слайдтарды жазу оларды көру т.б батырмалары бар. Қойылатын объектіні слайдтың кез-келген аймағына қою мүмкіндігі бар. Ол үшін көлденең және тігінен түзету мүмкіндіктері жасалған. Слайдтар тақтасында (Filmstrip) ағымдағы жобаның кішірейтілген суреті сақталады. Бұл слайдтар тақтасында таңдалған слайд экранның үлкен аймағын алып тұрады. Adobe Captivate бағдарламасында бірнеше құжатты қатар ашуға болады. Қажетті құжатты таңдау үшін осы қосымшаларды шерту жеткілікті. Бағдарлама терезесінің оң жағында (Properties) қасиеттер терезесі орналасқан. Мұнда объекті мәнінің параметрлерін қарауға және өзгертуге болады. Терезенің төменгі жағында уақыт шкаласы (Timeline) орналасқан. Ол арқылы слайдтағы объектілердің көрсетілу уақытын реттеп отыруға болады.

 

                

          1-сурет. Adobe Captivate бағдарламасының терезесі

 

Саймандар тақтасы

   Саймандар тақтасындағы саймандарды пайдалану арқылы әр түрлі денелерді салуға, мәтіндік жазбалар, батырма, масштабын өзгерту, объектілерді өзгертуге болады.

 

         2-сурет. Adobe Captivate бағдарламасы саймандары

 

Слайдтар тақтасы

   Слайдтар белгілі бір ретпен орналасады. Бірақ слайдтардың орналасу ретін слайдты тышқан меңзерімен іліп алып жылжытып жоғары немесе төмен орналастыруға болады. Слайд өлшемін өзгерту үшін керек слайд үстінде оң жақ батырманы шертіп динамикалық мәзірден 3 суретте көрсетілген элементтерді таңдауға болады.

3-сурет. Слайд өлшемдерін өзгерту элементтері

 

Егер слайд бейнежазу режимінде құрылса, оң жағында төменде бейне камера белгісі көрінеді. Ал егер слайд аудиофайлмен байланысты болса дыбыс зорайтқыш белгісі тұрады.

     
4-сурет. Аудиофайл және бейнефайл белгішелері

Егер слайд блокираторда тұрса. Онда ол редакциялаудан және жылжытудан қорғалып, оң жақ бұрышында құлып белгісі тұрады.

Уақытша шкала

5- сурет. Уақытша шкала

Бұл шкала бағдарламада маңызды болып саналады. Себебі слайдтағы объектілер қозғалысы уақытпен есептеледі. Нысанға

(объекті) не жатады дейтін болсақ слайдқа орналастырылған сурет, бейнефайл, аудиофайл, мәтіндік жазба, мәтіндер т.б айтамыз. Мысалы слайдта жазу, сурет т.б болатын болса, олардың әрқайсысының слайдта іске қосқанда көріну уақыттарын реттеуге болады. Олардың көріну уақытын реттеу үшін шкаладан әр нысанды жеке- жеке белгілеп тышқан батырмасымен белгілеп  алып, тышқан нұсқағышымен оң жағынан немесе сол жағына созып тартамыз.Тартатын орны дөңгелекпен қоршалып көрсетілген 6- суретте.

6-сурет. Уақытша шкалада объекті уақытын реттеу

Adobe Captivate кітапханасы

Аудиофайлдар, суреттер , анимациялар т.б қорлар сақталатын орынды кітапхана деп атайды. Әрбір жобаның өз кітапханасы болады. Алайда импорттау арқылы кітапханаға қорларды алдын-ала жинастырып қойып, қажет кезде пайдалануға болады.

  Үнсіз келісім бойынша кітапхана панелі Library барлық жұмыс ортасында болады. Тек Quizzing ортасында болмайды.

 Кітапхана қорының пайда болуы үшін Windows мәзіріндегі команданы таңдаймыз. Нысандар кітапханада санаттары және қапшықтардың орналасуы бойынша сұрыпталады. Әр объектінің аты, типі, көлемі, пайдалану саны, мерзімі болады.

 Кітапхана панелі арқылы:

  • Объектілер қасиетін өзгертуге
  • Жобада объектіні қайта пайдалану

Ағымдағы жоба кітапханасына басқа жобалардан қалыптарынан (шаблондарынан)  импорттау үшін төмендегі әрекетті орындаймыз.

  1. File  Import External   Libraryкомандаларынорындаймыз. 7-сурет
  2. Openсұхбат терезесінде импортталатын объекті не қалыбын  (шаблон) таңдаймыз.

8-сурет

  1. Open батырмасын шертіп сыртқы кітапхана панеліне шығарамыз.
  2. Көрсетілген кітапхана панелінен керек объектіні таңдап жылжытамыз.

7 –сурет командалар реті қоршалып көрсетілген

 

8-сурет. Импортталатын объектіні таңдаймыз

 

Нысандармен орындалатын негізгі әрекеттер

Бұл тақырыпта нысандардың экранда болу уақыты, объектілерді бір біріне салу. Сондай-ақ клипті алдын-ала көру. Жобаны сақтау, қате әрекетті алып тастау әдістерімен танысамыз.

 

Нысан қабаттарының (Слой) орналасуын өзгерту

 Слайдтың бір аймағында орналасқан объектілер қабаттарының орналасуына қарай объектінің слайдқа қойылуы ескеріледі.

   Уақытша шкалада қабаттардың орналасуын өзгерту үшін объектіге тышқан нұсқағышын жақындатамыз. Тышқан нұсқағышы ол қол түріне айналады. Нысанды жоғары төмен жылжытамыз. Сондай ақ жұмыс аймағында нысан үстінде оң жақ батырманы шертіп Arrangeмәзірінде BringtoFront,SendToBack,BringForward немесеSendBackward командаларын орындаймыз. 9-сурет.

                    9-сурет. Орындалатын командалар реті

Редакциялау кезінде нысандарды жасырып қою

Нысан орналасқан қабатты жасырып қою үшін уақытша шкалада көз  тәріздес белгі астындағы объектіге сәйкес тұсындағы дөңгелекшені шертеміз ол  крест белгісіне айналады. 10-сурет.

                  10–сурет. Нысанды жасыру

Нысанды редакциялау барысында жасырулы тұрады. Ол өшіріліп қалмайды.

                     Нысандарды блокировкаға (Қоршау) қою

Құлып суретіндегі баған астындағы дөңгелекшені шертсек қабат қоршауға түседі. Бұл кезде нысанды қозғай алмаймыз ол жылжымайды, редактрлеу мүмкін болмай қалады.

            

          Нысандардың көріну уақыттарын белгілеу

Нысандардың слайдта пайда болу уақыттарын белгілеу үшін тышқан нұсқағышын уақытша шкалада (шәкіл) нысан жолағының оң жағына немесе сол жағына қоямыз. 2 бағыттағы бағдарға айналған кезде сол жақ батырмамен тартып созамыз. Экранда нысанның көріну уақыты өзгереді. Екі нысанның көріну уақытын бірдей жасау үшін жолақтың 2 жағын бірдей түзетіп қоямыз. 11- сурет.

 

11-сурет. Нысандардың экранда көріну уақытын өзгерту

Слайдты алдын-ала көру

 Слайдты іске қосу үшін F3 пернесін басу керек. Уақытша шәкілде қызыл сызықтың қозғалысы арқылы слайд әрекетін бақылап отыруға болады. F3 қайта басу арқылы іске қосуды тоқтатуға болады. Сонымен қатар уақытша шәкілдің төменгі жағындағыPlay,Stop,Pause батырмаларды шерту арқылы басқаруға болады. 12-сурет.

12-сурет. Қызыл сызық. Басқару батырмалары

Қате әрекетті алып тастау

Жұмыс барысында қате әрекет жасасақ оны алып тастауға болады. Соңғы әрекеттерді алып тастау үшін Edit-Undoнемесе Ctrl+Z пернесін басамыз. Алып тасталған әрекетті қайта орнына әкелу үшін Edit-Redoнемесе Ctrl+Y пернесін басамыз.

 

Жобаны сақтау және көру

Adobe Captivate бағдарламасында жобаларын сақтағанда .cptx кеңейтілуімен мына командаларды File-SaveнемесеFile-Saveas орындау арқылы сақтайды. Дайын клиптерді кеңейтілуі .swf файлдарға мына командаларды File-Publish орындау арқылы сақтайды. Жобаны қосып көру үшін File-Previewкомандалары орындалады. 13-сурет.

13- сурет. Жобаны қосып көру командалары

Практикалық жұмыс №1

Бұл практикалық жұмыста үй саламыз. Слайдты көруші бұл үйлердің ретпен салыну жолын бақылайды. Мысалы: 1-ші қабырғасы, 2-ші терезесі, 3-ші есігі т.б ретімен салынуы керек.

  1. Adobe Captivate бағдарламасын қосамыз. Blank Project командасын шертіп бағдарламаны іске қосамыз. 14-сурет.

                      14-сурет. Іске қосу жолы

  1. Өлшемін өзгертіп ОК батырмасын шертеміз.
  2. Сайманды таңдап, Smart  Shape –Basic –Rectangle командалары арқылы тіктөртбұрыш саламыз.
  3. Тіктөртбұрыш ерекшеленіп тұрған кезде қасиеттер терезесінде түстер үлгісін шертіп және төртбұрышқа түс құю әрекетін жасаймыз.

15-сурет.

15-сурет. Қасиеттер терезесінде төртбұрышқа түс құю әрекеті

  1. Қасиеттер терезесінде төртбұрыш ерекшеленіп тұрған жағдайда  Stroke үлгісін шерту арқылы төртбұрыш жиегін бояймыз, Width сырғытпасын жылжыту арқылы қалыңдығын үлкейтіп кішірейтеміз, ал Style арқылы жиек сызығының түрін таңдаймыз тұтас немесе үзікті т.б. 16-сурет.

16-сурет. Сызық жиегін баптау

  1. Келесі әрекетіміз Smart Shape сайманын таңдап тіктөртбұрыш саламыз. Нәтижесінде бұл үйдің есігі болады.
  2. SmartShape-Basic-Triangle сайманы арқылы тіктөртбұрыш саламыз . Бұл терезесі болады. Қажеттілігіне қарай касиеттер терезесінде бояуын, жиегіндегі сызық қалыңдығын өзгертеміз.
  3. SmartShape сайманы арқылы жеке сызықтардан үйдің шатырын саламыз.

Сонда мынадай үйдің суреті пайда болады. 17-сурет.

17-сурет. Үйдің суреті

  1. Уақытша шәкілде төменгі тіктөртбұрышты шертіп қасиеттер терезесінде Name өрісіне қабырғасы, есігі, терезесі, шатыры деп кезек-кезек ат жазып шығамыз бұл аттары уақытша шәкіл терезесінде де ауысады. 18-сурет.

                      18-сурет. Нысандардың атын жазу

  1. Жобаны көру үшін F4 пернесін шертіп көруімізге болады. Слайд нысандары 3с ішінде бірдей көрінеді. Олардың параметрлерін өзгерту керек. 19-сурет.

 

19-сурет. Слайд нысандары уақытының бірдей көріну жағдайы

  1. Уақытша шәкілде  Slide жазуы бар жолақтың оң жағына тышқан нұсқағышын қойып 8с уақыт белгісіне дейін созамыз.Сонда біз слайдтың көріну уақыт ұзартқан есебіміз болып табылады. Енді Қабырға қабатын белсенді етіп алып оның сол жағын 1с уақыт белгісіне қойып, оң жағын  слайдтың соңына дейін жылжытамыз. Қалған нысандарды да уақытша шәкіл тақтасында көрсетілгендей етіп уақыттарын өзгертеміз.20 -сурет

20- сурет. Нысандардың көріну уақыты өзгертілген жағдайы

 

2-бөлім

Жобаны құру және редакциялау

Adobe Captivate бағдарламасымен танысқаннан кейін жобаны құруға кірісуге болады. Бағдарламада бұл үшін әр түрлі негізгі тәсілдер қарастырылған. Жоба жасау үшін өзіңе ыңғайлы бір тәсілді таңдап алған жөн болады. Жасалған жобаны жариялау үшін оны редакциялау керек, қосымша слайдтар қосу керек. Керек емес нысандарды жою керек. Оны қалай орындау керектігін осы бөлімде қарастырамыз.

 

Жоба құру тәсілі

  1. Бос жоба құру Оған қажет нысандарды орналастыру
  2. PowerPoint презентациясын  Adobe Captivate бағдарламасына импорттау тәсілі
  3. Adobe Captivate бағдарламасы арқылы көрсетілетін әрекеттерді жазу

Осы 3 тәсілдердің орындау жолын көрсетеміз.

 

PowerPoint презентациясын қолдану

Сіз PowerPoint презентациясын Adobe Captivate бағдарламасына импорттау тәсілімен орналастыруыңызға болады. Оның файлдары .ppt,.pps,.pptxнемесе.ppsx. кеңейтулерін қабылдайды.Кеңейтулері .pptжәне  .ppsболатын презентацияларды PowerPoint бағдарламасы орнатылмаған компьютерге де импорттауға болады бірақ оны редакциялауға болмайды.

    PowerPoint бағдарламасынан презентацияны импорттаудың 2 түрі бар. Байланыстыру (linked) және сәйкестендіру(embedding). Үнсіз келісім бойынша бағдарлама оның біріншісіне қойылады. Егер презентация жобамен байланысты болса, онда оған сілтеме қойылған болады. Мұндай жағдайда презентацияға енгізілген өзгерістер Adobe Captivate файлында сақталады. Файлдың көлемі азғана өзгереді.

Егер PowerPoint презентациясы Adobe Captivate бағдарламасына сәйкестендірілсе оның негізгі бастапқы файлы жоғалады. Мұнан кейін файл көлемі өзгеріп кетеді.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Microsoft PowerPoint ортасында жұмыс істеу. Көрмелерді әзірлеу.
ADOBE PAGEMAKER БАСПА ЖҮЙЕСІ ADOBE PAGEMAKER - мен жұмыс: ашу, шығу, жабу.
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу
MS word туралы жалпы түсініктер. MS word бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. PowerPoint презентациясын құру
Графика әлеміне саяхат
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының
Формалар. Visual Basic программалау ортасында формамен жұмыс
Слайд жасау Power Point бағдарламасы
Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2431 | Қосты: Тансикбаев Адилхан Абилович | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык