Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.


Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.
Сабақ №28 Сыныбы: 7 Күні: Пәні:Информатика
Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл, ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын дамыту, PowerPoint
бағдарламасына қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды Microsoft PowerPoint терезесін қолдануда сауаттылыққа, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі - практикалық
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, сурет, музыка
Оқыту әдістері: түсіндірмелі, көрнекі, сөздік, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Оқыту формалары: жеке, топтық
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. /2-мин/
а/ ұжымдық әрекет;
ә/ санитарлық-гигиеналық әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау әрекеті;
в/ жұмыс дәптерін толтыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /11-мин/
"Бізден сұрақ-сізден жауап"
1. Математикалық мәтінді енгізу

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /15-мин/

МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. РоwerРoint мына әдістердің бірімен іске қосуға болады:
Меню арқылы: Пуск – Программы - Місrosoft РоwerРoint.
Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып:
Создать – Презентация Місrosoft РоwerРoint-ты таңдайды.
Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft РоwerРoint терезесі келесі элементтерден тұрады:
Терезе тақырыбы (Заголовок окна) – Windows терезесі үшін – стандартты.
Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.
Құралдар панелі (Панели инструментов) – үнсіз келісім бойынша Стандартная және Форматирование панелдері көрсетіледі.
Жұмыс аумағы (Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.
Жағдай жолы (Строка состояния) – көру режимі және презентация жайлы әр түрлі ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және т. с. с. көрсетілетін ақпараттық жол.

Меню жолы келесі элементтерден тұрады.

1. Файл. МS Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, презентацияны WORD-қа жөнелту/;
2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау, және объектіні редакциялау;
3. Көрініс. Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту командалары;
4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т. б.);
5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т. б. өзгерту командалары;
6. Сервис. МS Offiсе әдеттегі инструменттері және де РоwerРoint ерекше командалары;
7. Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар мастерін пайдалануды қоса);
8. Тезере. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді;
9. Анықтама. Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен қатар Көмекшіні шақыру мүмкін болады.
РоwerРoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі қарастырылған:
1. Әдеттегі.
2. Құрылымдық.
3. Слайдтар.
4. Слайдтарды сорттаушы.
Слайдтарды сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контексттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық - экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып әр уақытта аяқтауға болады.
Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру
Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады.
Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылы құрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, Стандарттар саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану (Применить оформление) батырмасын шертеміз немесе Формат-Безендіруді қолдану командасын орындаймыз.Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану (Применить оформление) сұқбат терезесі ашылады. Сұқбат тезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып,қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз.Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып,басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.
Power Point программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы, презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайндалады.
Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Power Point программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.
Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары(Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

ІV. Сабақты бекіту. /7-мин/
«Ойға білімдік шабуыл»
Жаңа тақырып бойынша “Өзіндік мысалдар” көрсету.
PowerPoint бағдарламасында PowerPoint терезесі қандай элементтерден
тұратынын көркемдеп жазып көрсет.

V. Қорытындылау. /6-мин/
"Сұрау - қорытындылау"
- Сабақта қандай мәселе басты болды?
- Не қызық болды?
- Қандай жаңалықпен таныстыңдар?
- Нені үйрендіңдер?
Әр сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін

VІ. Бағалау. /2-мин/

VІІ. Үйге тапсырма. /2-мин/
1. Мазмұнды тапсырма:
10-сынып оқулығынан 1. 6. 2. тақырыпты оқу, конспектілеу.
2. Ерекше тапсырма:
Алдағы келе жатқан 9 май Жеңіскүні мерекесіне байланысты слайд жасап келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Microsoft PowerPoint ортасында жұмыс істеу. Көрмелерді әзірлеу.
Автомазмұн шеберінің көмегімен презентация даярлау
Презентацияны безендіру
Кестеаралық байланыстарды құру
Презентация. Презентация компоненттері. Презентация құралдары. Power Point туралы жалпы мәліметтер.
Үлгілер (Шаблондар) және дизайн. Шебер. Слайд құру
Безендіру. Баптау және көрсету. Баспаға жіберу
Power Point – та презентацияны құру және қорғау
Презентацияны құру. Безендіру шаблондары
Слайд жасау Power Point бағдарламасы

Автор Ахайдарова Жансая Бахытжановна

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимнзия

Бөлім: Материалы / Информатикадан презентациялар | Көрсетілім: 4989 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар