Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппемен қоштасу


Әліппемен қоштасу

 

Әліппемен  қоштасу        

Тақырыбы: Әліппемен  қоштасу                                                                                                                                       

Мақсаты: 1) оқушылардың алған  білімдерін   «Әліппемен  қоштасу» кешінде бекіту;

2)  өз  ата-аналарға, ұстаздарға  білімдерін  көрсету;

3)  адамгершілікке , ұқыптылыққа,ертеңгілік  барысында  өздерін  дұрыс ұстай  білуге баулу.

Көрнекілігі:  оқу, білім жайлы ұлағатты  сөздер.  

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар!  Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, өздері жаза алатын оқушы болды. Енді міне сүйікті  Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той –сіздер  мен  біздер үшін ортақ салтанатты  мереке.

Қош келдіңіздер, дей отырып , «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға ұлықсат етіңіздер.

                                      1.«Алғашқы қадам» айдарына кезек берейік.

(Музыка ойналып , интерактивті тақтадан  балалардың суреттері көрсетіледі.)

Мына бейнеден көріп тұрғандарыңыз  1- қырқыркүйек кезіндегі ертеңгіліктен  көрніс.Сол кездегі  той сәтін тамашалаңыздар.

Бала деген шіркін -ай балдай екен ,

Тәтілігі жал  мен жаядай екен .

Арып – ашып даладан келгеніңде ,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп  Кенен Әзірбаев  айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.

 Қымбатты менің  шәкіртерім, сендерді  бар ғылымның  басы -  Әліппені табыспен  аяқтауларыңызбен құттықтаймын.Денсаулықтарыңыз мықты болып, оқуда озат болыңдар.

«Әліппе –білім көзі» айдары    

1-жүргізуші :Қайырлы  күн, уа халайық?

2-жүргізуші: Армысыздардар, мұғалімдер, әз жандар,

                    Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

                    Құшақ жая  қарсы алайық сіздерді,

                    Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

1-жүргізуші : Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар

                      Жүздеріңнен  мейірім нұр тамар

                        Алдарыңызда жауқазындай құлындар.

                         Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Ән: « Құтты  болсын  мереке ».орындайтын . Көпеева Ботакөз.

1-жүргізуші:-Достар! Осы мен  әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

2-жүргізуші : -Ой, не болды? Неге олай дейсің?

1-жүргізуші. Ал  мен  жылағым келіп тұр

 2-жүргізуші: -О,несі ,неге  жылағың келіп тұр?

1-жүргізуші : Айтпаймын  өздерің тауып алыңдар.

      Мұғалім:   Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден  бұрын біліп тұрмын.Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы  «Әліппемен » қоштасқыларың  келмей   тұрсыңдар.  Солай ма?

1-жүргізуші : Дұрыс айтасыз.Әліппемізге рахмет айтсақта ,қимай тұрмыз.

2-жүргізуші:  Балалар, Әліппені ортаға шақырайық.

Бәрі:    Әліппе,әліппе,әліппе.

Әліппе: Армысыздар, жас достар

             Армысыздар ата-ана

            Бүлдіршіндер,балғындар

            Менің атым-Әліппе

            Міне өзіңді дәріпте

             Міне осылай ер жеткен

             Ағаң менен әпкеңде

Менің  бұл  жерде 40 әріп 2 таңбам бар. Ал  сіздерге «Әріптер мен  сөйлемдер туралы» ертегсіні  айтып берейін

Ерте,ерте,ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні ұзын екен

Баяғыда орманда екі үй болыпты біреуі көк біреуі қызыл .Көк үйде дауыссыз дыбыстар ,қызыл  үйде  дауысты  дыбыстар  тұрыпты .Олардың  атасы  Әліпби  деген  дана болыпты. Осы  екі  үйдің  қызыл  үйшіктегі  әріптері  көңілді  тұрыпты.  Ал  көк  үйдегі әріптері үнсіз өмір сүріпті.

Бұны көрген   «Әліпби»  Мен  осы  екі  үйдегі  әріптерді  арластырсам  не  болады  екен? Деп ойланып, араластырса  ғажайып  бір  жайға куә болыпты. Әріптер сөйлей жөнеліпті. Осылайша  әріптерден сөз  сөйлем пайда болыпты.

Мына сөздерді оқып беріңдерші.           

      Р – Роборт ол бір ғажап

     Істер бәрін өзі ақ.

А – Анаң күнің жүрегің.

Х – Хат күтіп ем досымнан,

     Хабар келді асыға.

М – Мекткп берген  біліммен

     Марқаясыің жас ұлан.

Е – Елтаңбасы елімнің

     Неткен айбат  әдемі.

Т – дегенім жеңімпаз,

    Туымызғой қолдағы.

 

1 – ж:  Барлық әріп бағалы,

           Айттық әділ бағаны.

           Әріпсіз сөз болмайды ,

           Буын онсыз толмайды.

          Адам барлық әріпті ,

          Ардақтайды, қолдайды.

Р – Роборт ол бір ғажап

     Істер бәрін өзі ақ.

А – Анаң күнің жүрегің.

Х – Хат күтіп ем досымнан,

     Хабар келді асыға.

М – Мекткп берген  біліммен

     Марқаясыің жас ұлан.

Е – Елтаңбасы елімнің

     Неткен айбат  әдемі.

Т – дегенім жеңімпаз,

    Туымызғой қолдағы.

Р – Роборт ол бір ғажап

     Істер бәрін өзі ақ.

А – Анаң күнің жүрегің.

Х – Хат күтіп ем досымнан,

     Хабар келді асыға.

М – Мекткп берген  біліммен

     Марқаясыің жас ұлан.

Е – Елтаңбасы елімнің

     Неткен айбат  әдемі.

Т – дегенім жеңімпаз,

    Туымызғой қолдағы.

 

1 – ж:  Барлық әріп бағалы,

           Айттық әділ бағаны.

           Әріпсіз сөз болмайды ,

           Буын онсыз толмайды.

          Адам барлық әріпті ,

          Ардақтайды, қолдайды.

 

1 – ж:  Барлық әріп бағалы,

           Айттық әділ бағаны.

           Әріпсіз сөз болмайды ,

           Буын онсыз толмайды.

          Адам барлық әріпті ,

          Ардақтайды, қолдайды.

 

1.Әліппеге рахмет!

2.Мереке құтты болсын!

3.Ұстазыма  мың  алғыс!

4.Қош келдіңіздер, ата-аналар!.

 

Хор:Әліппе»     (Қырық екі әріппен,

Таныстырған әліппем)                                         

Әліппе:-Қане, бері қарайық,                            

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық.

Әліпбидің   А  тұрады  басында,

Әрқашанда  Ә  тұрады  қасында,

Байқадыңба Б  тұрады үшінші

Ал  осының  сыры неде? Түсінші

 

«А» деген   ол-аналар  ғой ардақты.

«Ә»деген  ол-әкелер ғой салмақты

«Б» деген  ол-балалар ғой  көңілді

Біздің  елде  үшеуіде кәделі.

 

Ә –Әкең –өмір тірегің.

Л-Лашын биікке самғайды.

І-  Ілтипат,ізет, ізгілік.

П – Партамызға отырдық

П – парақтап кітап оқыдық.

Е – Елге есті ер керек,

     Ер жет өсіп ертерек

 

Р – Роборт ол бір ғажап

     Істер бәрін өзі ақ.

А – Анаң күнің жүрегің.

Х – Хат күтіп ем досымнан,

     Хабар келді асыға.

М – Мекткп берген  біліммен

     Марқаясыің жас ұлан.

Е – Елтаңбасы елімнің

     Неткен айбат  әдемі.

Т – дегенім жеңімпаз,

    Туымызғой қолдағы.

 

1 – ж:  Барлық әріп бағалы,

           Айттық әділ бағаны.

           Әріпсіз сөз болмайды ,

           Буын онсыз толмайды.

          Адам барлық әріпті ,

          Ардақтайды, қолдайды.

Әліппе:- Жарайсыңдар,  балалар.

                                     «Әдептілік» айдары

Мұғалім:-Әліппе, біздің балалар  «Не жаман, не жақсы ?»туралы Тақпақтар біледі.Соны айтып берсін.

Әліппе: Жарайды, айтып берсін.

1.Не  жаман?

Біріншіден   не жаман?

Беті –қолың  кір-кір боп,

Берекесіз  ыржақтап

Бейбастық өссең ,сол  жаман.

2.Екіншіден  не жаман?

 Ессіз деніп, желпініп,

Екіленіп, ерігіп.

Ерке боп өссең , сол  жаман  

3.Үшіншіден  не жаман?

  Ұшып қонып жүретін

Шегірткедей   жеңілтек

Ұшқалақ болсаң , сол  жаман

4.Төртіншіден  не жаман?

   Төменде тұрған өздерің

   Төбеде  тұрған алмаған

   Талассаңдар, сол жаман.

5.Бесіншіде не жаман? 

   Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

Екі  алсаң сол жаман

6.Алтыншыда не жаман?

Ата-ананың  ақылын

Ала  білмей кезінде,

Ақымақ болсаң ,сол жаман

7.Жетіншіде не жаман?

 Жиренішті  әдеттен

Жирене білмей кезінде

Жетесіз болсаң ,сол жаман

8.Сегізінші не жаман?

Соқтықпай күнд ойнайтын

Серік таппай қиналып

Сергелден болсаң сол жаман

9. Тоғызыншы не жаман?

 Топ  ішінде мақтанып,

Төбелесіп жұртпенен

Таяқ жесең сол жаман

10.Оныншыдан не жаман?

Ойын қуып  жасыңда,

Оқусыз өтсен, балақай

Бәрінен  де сол жаман 

 

 

  Не жақсы?

1.Біріншіден не  жақсы?

Биязы  мінез тіл алғыш

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдылық сол жақсы.

2.Екіншіден не жақсы?

 Ерте жатып мезгілмен

Ерте тұрып төсекті

Ерінбей жисаң , сол жақсы

3.Үшіншіден не жақсы?

Үйдің  ішін тазалап

Үстіне де қарайлап

Үлгіре алсаң сол жақсы.

4.Төртіншіден  не жақсы?

  Тал шыбықтай  таңертен

  Тамаша әдет сол жақсы

5.Бесіншіден не жақсы?

 Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы

6.Алтыншыдан не жақсы?

Ашу деген бәледен

Алшақ жүріп жанаспай

Ақылды болсаң сол жақсы

7.Жетіншіден не жақсы?

Жауқазындай  жайраңдап

Жұрт ісіне қайран қап

Жатса шіркін, сол жақсы.

8.Сегізіншіден не жақсы

Саспай, жастай өнердің

Сүйсен бәрін беріліп,

Сан  істерден сол жақсы

9.Тоғызыншыдан не жақсы?

  Тәтті досқа сөз беріп

Танып жүрмей артынан

Табынды болсаң сол жақсы.

10.Оныншыдан не жақсы?

Ойлап істеп ісіңді

Озып шықсаң ортадан

Бәрінен де сол жақсы 

Әліппе. Ой, қандай жақсы балаларсыңдар.Өздерің жақсымен жаманды да айыра  біледі екенсіңдер..

                           

Әліппе:

  • Балалар,Мен өзіммен бірге Тапқышбекті ала келдім .Сендер Тапқышбекті жақсы танисыңдар.                                                                                                    Тапқышбек:Мен Тапқышбеклін .Әліппеден  менің тапсырмаларымды жақсы                     орындағандарыңды білемін .Бүгінде мен сендерге  тапсырмалар алып келдім.

 

1 -тапсырма.

Мына сөздің барылығына ортақ әріпті  табыңыздар?

Жүзім, қарбыз, пияз

 2- тапсырма  Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңыздар

  Сағ._т                            т ._лкі

 ._өрік                          ү ._рек

3-тапсырма

  • Кім маған  оқу, білім жайлы мақал айтып берер екен?

Аружан, Аслан,Айым. Оқу -білім бұлағы

Білім өмір шырағы

 

Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

 Оқу инемен құдық қазғандай

Кітап алтын қазына

Тақпышбек: Жарайсыңдар! Өте білімді балалар екенсіңдер.Рахмет сендерге.

Ән: « Мейірбан  ұстаздар.»  Орындайтын   Шәріпова  Шәмшіару.

Әліппе:-Әліппеден тағы не үйрендіңдер соны білгім келіп тұр?

  1. Енді біз оқи аламыз

 Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті  біздің  әліппе

  1. Үйретті  бізді  әліппе,

Қырық екі әріпке.

Сөз, сөйлем  құрап  әріптен,

Лайық  болдық  дәріпке.

3.Нүкте, үтір,жақшаны білдік

Азат  жолмен  шекараны  білдік

Бас  әріппен  бастап  сөйлем  жаздық

Нүкте  қойып  аяқтадық.

  1. Біз  енді  әңгімелерді,  ертегілерді  өзіміз  оқи  аламыз.
  2. Көрніс:  «Сауысқан  мен  қарға »

Автор: Сауысқан  бір  ағаштан  екінші  ағашқа  секіріп ,  шықылықтап жүрген. Бір  қарға  ағаштың  басында  үндемей  отыр  еді.  Оған Сауысқан  келіп:

-Неге  менімен  кеңеспей , томсырайып  отырсың ?  Болмаса  менің айтқан  сөзіме  нанбайсыңба ?-  деді.

Сонда  Қарға:

-Нанбаймын. Көп  сөйлеген  кісінің  сөзінің  жартысы  өтірік  болады,-деді.

« Көп  біл  аз  сөйле »

Мұғалім: -Әліппе, сіз  туралы  өлеңдер  жаттаған  еді  соны  айтып берсін.

Әліппе: - Жарайды  тыңдайын . 

Ең алғаш  алғанымда «Әліппені»                              

Қызығып  қарай  бердім  әріптерді.

Мен  үшін  жұмбақ  болып  қалар ма еді,

Ұстазым  оның  кілтін  алып  берді.      

 

Көлге  ойнаған  бұлақтың

Қайнар  көзін  көріп  пе?

Том-том  қалың  кітаптың

Басы  болар  «Әліппең»

 

Әліппем,  менің  Әліппем

Сені  қолға  алып  мен,

Есігін  аштым  мектептің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен.

 

Қош  бол , құтты  «Әліппем

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен,

Тақылдатып  сөйлеттің.

 

Өтті  оқу  сан  сабақ,

Бүгін  үлкен  салтанат.

 

Оқулықпен  достассақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

Өсті  білім , бойымыз,

Құтты  болсын  тойымыз.

 

Әліппем,  менің  әліппем,

Өмірді  келем  танып  мен,

Қайталап  айтам  мың  рет,

Өзіңе  көп  рақмет!

 

Әліппе  деген  алтын  жол

Апарар  сені  алысқа.

Жеңіл  емес ауыр  жол

Тырысып  бақ  намысқа.

 

Таныстырған  42  әріппен

Қош  бол  менің , қасиетті  Әліппем.

Сенің  арқаң  оқи  жаза  білгенім,

Сауатты  адам  санатына  енгенім.

Хор:Әліппе.(Бар кітапқа  бас болған,Әліппе – ғылым ағасы.)

  1. Жүргізуші:   Біз  әліппені  бітірген  соң  не  істейміз?
  2. Жүргізуші:   Соны  мен  де  ойлап  тұрмын
  1. Жүргізуші : Шынымен де  не оқимыз?

 Әліппе:  Қиналатын  түгіде  жоқ,  Достарым ,  менің  жолымды жалғастыратын  « Ана тілі»  пәнімен  таныстырамын.  Ана тілін  оқитын боласыңдар. Жаңа  достарыңыз  «Ана тілін»  қарсы  алайық.

Оқушыпар: - Қош  келдіңіз , Ана  тілі .

Ана тілі : Армысыздар , балалар !  Неткен  білімділер  десеңізші  әліппеден  үйренген  өнерлеріңізді  ортаға салып  жатырсыздар ма?

Кітап оқу адамға

Әкеледі жақсылық

Ой ұшқындап санада

Оянады жақсы үміт

Ұсынылатын тектілік

Кітап қана қорғаның

Көп оқысаң көп біліп

Нағыз жігіт болғаның

Балалар! Менің жұмбағым  бар  кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

1.Алтын сандығым ашылды,

   Ішінен күміс шашылды.              (жұлдыз)

2.Бір   үйдің  қырық баласы бар ,

   Сөзге шорқақ  екі данасы бар.    (40 әріп,2 таңба)

3.Ақ  қағазға  сан  қайталаған

   Жазудан  еш  шаршамаған.    (дәптер беті, қалам)

4.Бүлдірсең  дәптерді ,

   Кетірем , тап мені .   (өшіргіш)

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым». Орындайтын Құрманқұлов Иманәлі.

                              «Қожанасыр  қоржынынан» айдары

(Есік  қағылады)

2-жүргізуші: Бұл кім екен?

1-жүргізуші: Ой , достар, бұл біздің  «Балдырған» достарымыз ғой

2-жүргізуші: «Балдырған» ,мерекеміз  әлі аяқталған  жоқ , кел ортаға

Балдырған: -Сәлеметсіздер ме?  Балалар

                    -Мерекелеріңіз құтты болсын.                                                                                                                                 

Менің «Қожанасыр   қоржынымды» оқыған боларсыңдар?

Бәрі:Ия  оқыдық

Көрініс: «Қожанасырдың  мысығын  өлтіріп  алуы»

Кемпірі: Қожеке, не істеп  отырсың ?

Қожанасыр:Көрмейсің  бе, мысығымды  шомылдырып отырғанымды.

Кемпірі: Қожеке мысығың салқын судан өліп қалмасын.

Қожанасыр: Ойбай-ай ,мысығым-ай,мысығым !

Кемпірі:Айттым  ғой  өліп қалмасын деп.

Қожанасыр:Шомылдырғаннан өлген жоқ ,сығып едім , өліп қалды.

Балдырған: Бәрекелді өнерлі екенсіңдер.Мені қазақтың бар баласы жақсы  көреді.

Алғаш  әріп танығаннан бастап  түрлі  әңгімелерді оқиды

Балаларға базарлығым  көп менің. Бос уақыттарыңда  меніде  оқыңдар

Әліппе:Мен ,сендермен қоштасайын.

Оқушылар: Әліппем менің Әліппем,

                     Өмірді келем  танып мен.

                     Қайталап  айтам мың рет,

                     Өзіңе көп-көп рахмет.

Хор: Қош бол, құтты  әліппе.

1-жүргізуші:  Әліппемен  қош айтысып қаламыз,

                      Енді қолға  Ана  тілді    аламыз   

                             Ата-ана қуанышына ортақ  боп

                        Сауаты боп шықтты міне  балаңыз

ән: «Ана тілін сүйемін» орындайтындар 

  1.    Қош  бол  құтты  әліппем,

        Көп нәрсені  үйреттің

        Танысытырып  әріппен,

        Тақылдатып  сөйлеттің.

2 .   Арта  берді  кітапқа

         Бойымдағы  құмарым.

         Бірге  жүрген  қолымда

         Кітап  болды  сыңарым.

3.   Қош  бол,  құтты  әліппем!

Тіл  тұсауын  кестің  сен.

Аяулы  анам  болып  сен,

Айыбымды  кештің  сен.

 

Қорытынды:                     Құттықтау сөздер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11157 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык