Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлемнің бірыңғай мүшелері


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты: білімділік – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан-жақты толық мағлұмат беру; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру; дамытушылық- өз пікірін айтуға төселдіру,танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі-мысалды әдіс.

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау сабағы

Көрнекілік: таблица,перфокарта,кеспе қағаздар,сурет. интерактивті тақта

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Сынып оқушыларын түгелдеу,сабаққа келмеген  оқушылардың себебін білу, дайындықтарын тексеру.

ІІ Үй жұмысын тексеру

 Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қайталау, карточкалар беру

1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері деген не?

2. Оңашаланған айқындауыш?

3. Қосарлы айқындауыш?

Оқушылардың білімдері қорытындыланып, жаңа сабақты бастау.

Түрлері

Сөйлемдер

Оңашаланған айқындауыш

Қосарлы айқындауыш

1

Аптаның соңғы күні, сенбі күні, саяхатқа шығамыз.

+

 

2

Бұлардың сөзін Баян бәйбіше келіп білді.

 

+

3

Ұста Болоат оң қолынан өнер тамған шебер адам.

 

+

4

Мәкіш, өз туысына, інісіне, тамашалай қарады.

+

 

5

Сара тәтей аң-таң

 

+

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.

Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

(Шәкәрім. «Бостандық таңы атты» өлеңінен)

 Шәкәрім өлеңінде бір тұлғада тұрған, бір ғана сұраққа жауап беретін, сөйлемдегі қызметі бірдей сөздер бар ма?               (ауызша талдату)

І V Тақтамен жұмыс

Мағынаны тану:

Сөйлем ішінде қызметі, сұрағы, тұлғасы бірдей және бір ғана мүшемен  байланысатын бірнеше сөз жиынын сөйлемнің бірыңғай мүшесі деп атаймыз.

  1. Сөйлемнің біріңғай мүшесі барлық сөйлемнің мүшелері бола алады.

Р/с

Мысалдар

Сұрағы

Сөйлемдегі қызметі

1

Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.

Кімдер?

Бірыңғай бастауыштар

2

Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.

Нені?

 

Бірыңғай толықтауыштар

3

Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

Қандай?

Бірыңғай анықтауыштар

4

Күңірентіп, жауындатып, дауылдатып, ағындатып салынған Әсет әні тыңдарманын баурап алды.

Қалай?

 

Бірыңғай пысықтауыштар

5

Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.

Не істейтін?

Бірыңғай баяндауыштар

 

  1. Сөйлемнің біріңғай мүшелері жалғаулықты, жалғаулықсыз шылаулар арқылы байланысады.

тыныс белгісі үтір. (қойылуы, қойылмауы)

мысалы:

  Ащы мен тұщыны татқан білер,алыс пен жақынды жортқан білер (мақал).-мен,-бен,-пен жалғаулығы арқылы байланысқан

Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің біріңғай мүшелеріне мәнін білдіретін мүше.

Жалпылауыш мүшелер бірыңғай мүшелердің алдынан не соңынан келеді.

Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің алдында келгендіктен одан кейін қос нүкте қойылып тұр.

  1. Оның боигадасында түрлі ұлт өкілдері: орыс, татар, ұйғырлар істейді.

 

 Бірыңғай бастауыштар жалпылауыш сөздің (барлығы) алдында келгендіктен жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да,бірыңғай мүшелер өзара үтір арқылы бөлінеді.

  1. Сайрам, Тараз, Отырар – бәрі көне қала.

V  Оқулықпен жұмыс :

 

63-жаттығу

1. берілген өлеңде біріңғай сөйлем мүшесіне тыныс белгісін қойыңдар.

2. Сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

64-жаттығу

Заманымыздың хандарын түркілерден шығарып, дәуірдің, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты: оларды адамдарға бас қылды; шындық істерді, солады қолдады; олармен бірге күрескендерді құрметтеді әрі соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қағады.

 

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.

  1-деңгейлік тапсырма:

  Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.

  1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.
  2. Мынау тастар Жезқазған АлтайАлатау Қаратау кендерінен табылған.
  3. Бұғыбай  көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.
  4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.
  5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.
  6. Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

2-деңгейлік тапсырма:

1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт.

2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз.

3-деңгейлік тапсырма:

   Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.

4-деңгейлік тапсырма:

  1) Сурет бойынша әңгіме құрау.Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт.

  .

 

.Бекіту кезеңі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен сөйлем.

   Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

 

«Топтастыру әдісі» бойынша жаңа сабақты бекітеміз.

   Өзара салаласа,басқа                           Әрқайсысы синтаксистік

   мүшелерімен сабақтаса                       қызмет атқарады.

  байланысады.

                                            Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

   Бір сөзге қатысты болады.                                  Бір сөз табынан жасалады,

                                                                                    тұлғалас болып келеді.

VІ. Үйге тапсырма беру:  65-жаттығу.

  VIІ.бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 57885 | Қосты: Жукенова Асемгуль Сериковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык