Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»


Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»

Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»

Сабақтың мақсаты: а) өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың оқуға                                                                             қызығушылығын арттыру, мазмұнын түсініп, өз сөзімен айта білуге  баулу.

                                  ә) тіл байлығын дамыту, бейбітшілік туралы түсінігін кеңейту.                                  б) жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын қолдауға, ерлікке, достыққа адал болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       кіріктірілген сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  қима қағаздар, слайдтар.

Сабақтың барысы:    1. Ұйымдастыру кезеңі

                                    2. Үй тапсырмасын сұрау

Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін жатқа айту

- Бата берген атасы көпке не тіледі?

- Балаға кім бол деп тілейді?

- Ата сөзі қандай сөз?

- Қандай бата сөздерін білесің?

3. Жаңа сабақ

Слайд көрсету. Ұлы Отан соғысы туралы деректер. Соғыс туралы әңгімелеу.

  • Соғыстың жаман екенін ұқтық. Енді осы апатқа қарсылығын өзінің өлең жолдарымен білдірген ақындарымыздың бірі – Қайрат Жұмағалиев ағамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қ.Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем!» өлеңі

Сабағымыздың мақсаты – өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу.Өз Отанымызды сүюге, ерлікке,достыққа адал болуға баулу.

Слайд. Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.

Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар.

4. Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Іштей, тізбектей оқу

5. Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс    Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.

                            Жырақ – шалғай, алыс, қашық.

  • Балалар, әр тапсырманы орындағаннан соң батырларымыздың құрметіне мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып отырамыз.

6. Шығармашылық жұмыс

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.

  1. Оқу орталығы – өлеңді тізбектей оқиды.
  2. Жазу орталығы – өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді теріп жазады.
  3. Шығармашылық орталық – ұйқас сөздерді пайдаланып, өлең құрастырады.
  4. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.
  5. Оқу орталығы – өлеңнің мазмұнын айтады.
  6. Жазу орталығы – бейбітшілік, батыр, туған ел туралы мақал – мәтел жазады.
  7. Шығармашылық орталығы – бейбітшілік туралы сурет салады.
  8. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.
  9. Ойын «Сөзден сөз тудыр»

Бейбітшілік сөзінен жаңа сөз тудыру.

Бейбітшілік – Бейбіт, шіл, кіл, тік, тік, шік, кіші, ішік, кілт, бейіт, іл, ілік, екі, тіл, іш, етік, шет, шеті, ет, еті, біте, тіке, бет, тек, кет, білік, білек, бекіт, Бекіш, бел.т.б.

  1. Мәңгі гүл шоқтарын қою.

 

Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?
  • Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
  • Өлеңдегі балалардың тілегі не?
  • Өзің қандай тілек тілер едің?

Слайд.

  • Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанымның бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте! – деген ақын ағаларымыздың өсиет сөздерін есте сақтап, сол Отан үшін қаза болған батырларымызды бір сәт еске алайық!

Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу

  1. Көгершіндер ұшыру
  • Сабағымызды еліміздің тыныштығы үшін «Бейбітшілік сақталады» әнімен аяқтаймыз.

Ән «Бейбітшілік сақталады»

  •  

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, мағынасын ашу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»
М.Мақатаев Үш бақытым.
Жеңіс күні.
Қазақстан. Қ.Аманжолов
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Саду Машаков «Мәншүк» өлеңі
Мен соғысты жек көрем!
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Жарасқан Әбдірашев
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3645 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык