Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Миф түбі – ақиқат


Миф түбі – ақиқат

Миф түбі – ақиқат

Сабақтың тақырыбы:        «Миф түбі – ақиқат»

Сабақтың мақсаты:            1.Белгілі ғалым, мифтанушы, географ, этнограф С. Қондыбайдың «Миф түбі-ақиқат», «Маңғыстаунама», «Есен-қазақ», «Жауынгерлік рух» еңбектеріндегі  мифтік бейнелер жөніндегі ғылыми тұжырымдармен таныстыру;

                                               2. Оқушыларды топпен жұмыс жасай отырып, мәселені бірігіп шешуге, тарихи көзқарастарының дұрыс қалыптасуына негіз жасау және ой – өрісін, шығармашылығын дамыта отырып, ойын еркін жеткізуге үйрету;

                                               3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, түркі мифтерінің тарихын білу мен әлемдік деңгейде насихаттауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:                    сайыс сабақ

Көрнекілігі:                          С. Қондыбайдың еңбектерінен көрме, слайдтар, стикерлер, маркер

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың топқа бөлу. Әрбір дұрыс  сұрақты түрлі-түсті жетондар арқылы

бағалау

 

Сабақ эпиграфы:

«Уа, Тәңірім! Қазақтың табысынан бұрын намысын қайтарып бере гөр!

Тәңірім, қазақты және қазақстанды жарылқа!»

                                                        С. Қондыбай «Арғықазақ мифологиясы»

«Миф түбі – ақиқат» кітабы бойынша

І. Лездік сұрақтар

1. Адай тайпасының ұраны                           - Бекет

2. Миф дегеніміз не?

       Дүниенің жаралуы, құдай туралы, қоғамдық өмір, ғажайып батырлар, табиғаттағы құбылыстар туралы халық ертегісі немесе аңыздар

3. Кіші жүз неше топтан тұрады және олар қалай аталады?

Үш топтан тұрады: 1. Байұлы             2. Әлімұлы          3. Жетіру

4. Туды таңдаулы жауынгер, қолбасшы не арнайы таңдаған адам ұстаған. Ол қалай аталған?                   Туғашы

5. Халықтар жылқыны қай дәуірде қолға үйретіп, оны көлік ретінде пайдалана  бастады?                               Энеолит (мыстытас) дәуірінде

6. Байұлы бірлестігінің негізгі этникалық субтракты кімдер?

Қыпшақтар

7. Адайларды Оңтүстік Қазақстан аймағынан Маңғыстауға қоныс аударуы қанша уақытты қамтиды? Тұтас бір ғасырды (1700-1800 жылдар)

8. Халықтар арасындағы «Дін өзбектен қалды» деген мақал неге байланысты айтылады?

 Ол мұсылман болды, халқын да мұсылман етті. Ислам дінін мемлекеттік  деп жариялады

9. Шежірелік аңыз бойынша адайларға қандай қасиет  берілген?

                                      Тентектік, зорлықшыл

10. тәуелсіздік келісімен Ақтау қаласында пайда болған «бірінші қазақтар» ескерткіші                            Қашаған мен Тобанияз ескерткіштері

 

ІІ. «Маңғыстаунама» кітабы бойынша

1.Адай тайпасының әуелгі ұраны                - Телеген

2.Маңғыстаудағы Адай дәуірінің  басталуы?

       Адайлардың Маңғыстау түбегіне ене бастауы 1700 ж  шамасы. 100 жыл ішінде Маңғыстауды  толықтай иеленіп болды және оны мәңгілікке жайлап қалды

3. Хорезмшах Мұхамедтің ұлы Жәлелетдиннің Шыңғысхан әскерінен Маңғыстауға қашып келіп, қарсы соғысты бастаған жылы?             1200 жыл

4. Маңғыстауды қандай мекен деп атайды?                 «362 әулиелі мекен»

5. Маңғыстаудың  тірі символына айналған жануар – түйе. Түйеден жоғары бола алатын, тек болмысы реальды емес, мифтік болатын басқа символ бар, ол не және оны қалай атайды?         

                Ол – теңіз жылқысы. Теңіз жылқыларын – «Суын» деп атайды

6. «Қазақ хандығы» аталуының алғы шарты Үлкен Маңғыстауда қашан басталған?

            Қазақ мемлекеттілігінің бастапқы сәті Маңғыстау мен Үстірт жерінде, Қозыбастағы шаңырақ көтеруден 100 жыл бұрын болған. 1350-1390ж

7. Маңғыстау атауы қашан пайда болған?

                  Бинкишлак деп аталған, Х ғасырларда пайда болған

 

ІІІ. «Есен – қазақ»  кітабы бойынша

1.Консорция деген не?

     Аз уақытқа болса да тарихи тағдыр бастарын біріктірген адамдар тобы

2. Есен-қазақ консорциясын қалыптастырған тобырларды атаңыз?

    Үстірт пен Маңғыстауға келген қыпшақ тілді тобыр сол жердегі көне түрікпен тілді тобырлармен бірге аралас есен – қазақ консорциясын қалыптастырды.

3. «Түлей» сөзінің мағынасы                  «Сексеуіл тоғайы» дегенді білдіреді

4. Эпос бойынша «Шора батыр» жырындағы Үргеніш маңындағы түрікпен елі қалай аталады?                                               Ақшахан елі

5. Бүкіл Маңғыстаудың символы қызметін атқаратын тауды атаңыз?

      Шеркала – алып киіз үй немесе тоңкерілген тостаған секілді болып жатқан тау

6. Қазақ хандарының ішінде ең соңғы эпикалық ұйыстыру құқына ие болған хан?                                            Абылай

7. «Қырымның қырық батырын» бізге жеткізген жергілікті жырау кім?

                                               Мұрын жырау

 

ІҮ. «Жауынгерлік рух» кітабы бойынша

  1. «Жауынгерлік рух» кітабы неше бөлімнен тұрады               4 бөлімнен
  2. Кебенек киген келеді

Кебін киген келмейді    - мұндағы Кебенек қандай киім және қандай

мағынаны  білдіреді?

         Аяздан, жауын –шашыннан қорғану үшін киетін жұқа киізден тігілген сырт киім

3.Қазақта «Шынжырлы тұқым» деп кімдерді атайды?

              Ата – баба әулетіне дейін батыр болған тұқымдарды

4.Хан кеңесіне, құрылтайларға тек қару асынған адам қатыса алған. Бұл қай хан тұсында болды?                             Тәуке хан тұсында

5.Ерте кездерде батырлардың атын қай уақытта қоятын болған?

          Батырлардың аты алғаш жауға шыққанда немесе алғашқы  ерлігінен кейін қойылатын болған

6. Туды сүю ғұрпы қай елдердің  дәстүрінен ауып келген?

           Орыстық, еуропалық әскери  дәстүрден ауып келген

7. Жошы әулетінің Алтын Орданы билеуі қайсы ханнан басталады? 

                                Бату ханнан

 

Ү. «Қазақ даласы және герман тәңірлері» кітабы бойынша

1. Асстар деген кімдер?

     Герман – скандинов мифологиясындағы тәңірлердің  жалпы атауы

2.Асстар ғаламында оларға көрші екі елдің аты белгілі. Олар қалай аталады?

     Ван тәңірлердің елі –Ванахейм          Альвтардың елі – Альвхейм

3.Көшпелілік танымдағы дәстүрлі мифтік ғалам үш дүниеден тұрады. Бұл дүниелердің иелері кімдер?

       Жоғарыда тәңірлер, төменде зұлымдық иелері, ортада тірі адамдар

4.В. Щербаковтың тұжырымы бойынша Асгард – бүгінгі Ашхабад қаласы маңындағы ежелгі парфиялық астана – қала ақалай аталады?

                              Ескі Ниса қаласы

5. Грек мифологиясындағы Үркер шоқжұлдызының атауы     Плеядалар

6. Скандинав мифіндегі асстардың тегін дайлармен байланыстыруға болатын «қазан» образының қазақ жеріндегі мысалын атаңыз?

                               Түркістандағы «Тайқазан»

7. Ғалым С. Қондыбай Маңғыстау –Үстірттен табылған қайсы кешенді «Валгалла» түпнұсқаларының мысалдары болуы мүмкін дейді?

Б.з.д. V-ІІ ғасырлардағы дай  массагеттер дәуіріне жататын «Бәйті» кешені

 

ҮІ. Көшбасшылар сайысы

  1. «Мифтік Қырымдағы» орта дүниені қандай ел деп атайды?
  • «Ноғай елі» (немесе «Ұрым елі»)
  1. «Инглингтер туралы саганың» мәліметі бойынша – Асгард,  яғни «Аспан» ауылы» қайда орналасқан?
  • «Идабель» деген жазықта
  1. «Адай тегі» аңыз – хикаяларын жырлаған шежіреші ақын кім?
  • Қашаған
  1. Мұрат Мөңкеұлының өлеңіндегі «Үш қиянды» атаңыз
  • Еділдің  бойы – қанды қиян
  • Жайықтың бойы – майлы қиян
  • Маңғыстаудың бойы – шаңды қиян
  1. «Валгалла» сөзін көне исланд тілінен аударғанда нені  білдіреді?
  • «Өлілер сарайы» немесе «Өлілер залы»

 

Қорытынды:

             Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол – өткен заман адамының шындығын бойына сақтап қалған ата – баба сарқыты. Ол – өткенді саналы түрде бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше рет бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қатесі қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы» С. Қондыбай


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Маңғыстау мақтаныштары
“МАҢҒЫСТАУ ҚАЙТАЛАНБАС ТАБИҒАТ ӨЛКЕСІ”
Тас дәуіріндегі Қазақстан
XXI ғасыр көшбасшысы
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ, атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы
Дінтану негіздері пәні бойынша тест сұрақтары
Қазақ халқының қалыптасуы
Қасым хандығы
Қазақстан қола дәуірінде
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3662 | Қосты: Құлбарақ Маржан Қожабергенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык