Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Тәрбие өзегі балабақшадан басталады»


«Тәрбие өзегі балабақшадан басталады»

«Тәрбие  өзегі  балабақшадан  басталады» 

Тақырыбы:«Тәрбие  өзегі  балабақшадан  басталады» 

  Жас  жеткіншектерді тәрбиелеу  жұмысының  негізі ең алдымен  отбасында  қаланып, сонан соң  балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік  қалануы үшін, балабақшада  берілетін білім  мен тәрбиені дұрысм қалыптастыру  өз қолымызда. Біздің  басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының  негізгі ережелері   мен  талаптарын  басшылыққа ала отырып, білім  салаларында білім  алу құзіреттіліктерін  қалыптастыру.

   Алдашбай ахун  ауылында орналасқан №10 Балабақша Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын  2006 жылы заңды  негізде 2  топпен  ашылды. Балабақшада 18 қызметкер  жұмыс жасайды. Олардың 7-еуі  педагог-тәрбиешілер. Қазіргі таңда  балабақшада 40  бүлдіршін тәрбиеленуде . Балабақша  оқу- тәрбие  жұмыстарының  жоспарын жасап, бекітіп, сол бойынша  біршама жұмыстар  атқарды. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  жалпыға міндетті білім  беру  стандарты  негізінде мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен оқыту  бағдарламасы топтарда  жүзеге асырылуда. Бес  білім беру  саласымен  жұмыс жасау елеулі  нәтижелер берді. Балабақшада оқу-тәрбие  жұмысын жақсартуда  педагогикалық  кеңестер, тәрбиешілерге және  жас  мамандарға  арналған кеңестер жүргізіледі. Олар өз іс-тәжірибесінде  халық педагогикасымен  қатар, психологиялық жаттығулар, тренингтер, әр  алуан ойын тәсілдерін  пайдаланады. Әрбір топтағы тәрбие, білім беру-өнегелі әдептерге үйретуде қолданылатын  жаңа әдіс-тәсілдер  мен ойын түрлері  арқылы  жүргізілетін тәрбие жұмыстары  нәтижесін беруде.Балабақшада  кең  тараған  ата-аналармен  жұмыстың бірі-Ашық есік күні. Ата-аналармен  топтарға  саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді  көрсету  немесе дебаттар, әңгімелесу  сәттерінде  алған  әсерлерін бөліседі., туындаған  сұрақтарға  жауап  алады. Тұлғаның  қалыптасу  нәтижелілігі ең  алдымен отбасындағы  өнегеге  байланысты  десек, әр  топтағы  белсенді  ата-аналармен өткізілген « Тәрбиедегі  әкенің  ролі», « Менің сүйікті әкем», « Бала  тәрбиесі- баршаға ортақ», « Сіз қандай  ата-анасыз?» т.б. ертеңгілік, дебаттар,кездесулер  осының айғағы.  Сонымен  бірге  балабақшада  еңбек етіп келе жатқан  әдіскер Гүлжан Қуантаева  жас  мамандарға  қамқорлық көрсетіп, өз ісін жауапкершілікпен атқарса, жаңашылдыққа ұмтылып, ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеттерінде  жаңа технологияларды  пайдаланып  жүрген тәрбиеші Қалпиева Шаттық, ізденімпаз тәрбиеші Қияс Ардақтың  жұмысы  көз қуантады.  Ертеңгіліктердің  қызықты  да  тартымды өтуіне  әуез жетекшісі Азамат Итемгеновтің еңбегі бар. Әрбір  өткізілген шараларды  атап айтсақ: « Қарттарым – асыл  қазынам», « Тіл болашағы – балабақшадан», « Тіл дамытудың ғажайып әлемі», «Неткен, ғажап ертегілер», « Мен  елімді жырлаймын»,» Менің Отаным-Қазақстан» т.б.

  Балабақшамызда «Балалардың шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жаңаша  шарттары  мен  педагогикалық іс-әрекет  бағыттары» тақырыбында аудандық  мектепке дейінгі мекемелері әдіскерлерінің семинар-кеңесі өткізілді және «өте  жақсыға» бағаланды.. Өткізілген әрбір іс-шара  балабақшаның «Нұр-Ай»  газеті арқылы жарыққа шығады. Газетте  бала тәрбиесі  жөнінде  ата-аналарға арналған бұрыш, «Бала тілі-бал» айдары, «Ұзын құлақ  хабары» жарияланады.  Балалардың өмірін  сақтап, өсіп-жетілуіне, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс тәлім-тәрбие, білім беруді ең басты міндетім деп санаймын. Мемлекет пен ата-ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халықтың болашағы- сәбиінің тағдырын барлық ықылас ниетімен  сеніп  тапсырады. Мұндай  сенім  мектепке дейінгі мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз осы жауапкершіліктің үмітін ақтап, болашаққа нық сеніммен  қадам басамыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің тәрбиеге көзқарасым
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психология
«Біздің балабақша!»
"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "
Әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері
«Тәрбиедегі әкенің орны»
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
«Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру»
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде ата – аналармен жұмыстың ұйымдастыру жолдары.
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4897 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык