Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Тәрбиедегі әкенің орны»


«Тәрбиедегі әкенің орны»

«Тәрбиедегі әкенің орны»

      Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Отбасында және балабақшада кішкене сәби айнала қоршаған дүние жөніндегі бастапқы ұғымдарды меңгереді, өнегелі тәрбие алады. Балабақшада ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң  нәтижелер береді.

      Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда №10 Балабақшада «Тәрбие көзайымы» орталығы жұмыс жүргізеді.. Орталық жетекшісі ортаңғы топ тәрбиешісі Қияс Ардақ жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізеді. «Асыл қасиет-анадан, өнеге алу-әкеден» дегендей, әр шаңырақтағы әкенің орнының ерекшелігі, отағасының әділ ұстамды болуы, отбасындағы әке жауапкершілігі жайында жақында «Тәрбиедегі әкенің орны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бала дамуына қайшы іс-әрекеттер жөнінде педагогикалық-психологиялық жағдаяттар оқылып, оны шешу үшін бірге ынтымақтаса отырып пікір алысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында  Қуандық аға,Әбдірахман аға, Берік аға, Мейрамбек ағайлар бала тәрбиесі жөнінде өз пікірлерін жақсы жеткізіп, берілген тапсырмаларды ұқыпты орындады.  Әкелер өз тарапынан балалармен жүргізілген оқу іс-әрекетіне, психологиялық көрініс, тренинг барысында өз ризашылықтарын білдірді. Осы өткізілген іс-шара арқылы төмендегідей жақсы нәтижеге жеттік.

  • Әкелердің балабақшадағы оқу іс-әрекетіне қызығушылығы артты.
  • Тренинг барысында белсенділік көрсетті.
  • Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі артты.

   «Адам –бақыты бала, егер ол саналы болса». Егер ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болып,балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұрпақтары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

      Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

    Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышына айналуына 2006 жылдың желтоқсан айында өз жұмысын бастаған біздің Алдашбай ахун ауылындағы №10 балабақшасының ұжымы да өзіндік үлесін қосуда.

     Балабақша меңгерушісі Зоя Мәлікқызы Абауова мекеменің алғаш ашылған күнінен бастап тәрбиешілердің  ізденіспен жалықпай шығармашылық бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік тудырып қана қоймай, оларға жан-жақты талап қоя білетін іскер басшы. Зоя Мәлікқызы өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірнеше рет «Алғыс хаты» мен «Мақтау қағазын» алса, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ, 2010 жылы «Жылдың үздік білім қызметкері» атағына ие болды.

    Осындай іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер Қалпиева Шаттық пен Ертілеуова Әсел бала жанының бағбаны бола білуде. Балабақшамызда «Балалардың шығармашылық  қабілетін дамытудың жаңаша шарттары мен педагогикалық іс-әрекет бағыттары» тақырыбында аудандық мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлеріне арналған семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің бас маманы Мария Төрешова мен аудандағы барлық балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семи нарда тәрбиешілер Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім беру салаларының талаптарына сай жұмыстар көрсетті. Атап айтсақ, кіші топқа Әсел Ертілеуова «Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, уақытты бағдарлай білуін үйрету мақсатында математикадан оқу іс-әрекетін көрсетсе, ересектер тобына Қалпиева Шаттық «Балалардың білім деңгейін анықтай отырып, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында «Топжарған» білім сайысын өткізді. Балабақшаның әдіскері осы семинарда жыл бойы жүргізілген жұмыстар, олардың жүргізілу тәртібін көрсетті. Семинарда көрсетілген барлық жұмыстар жоғары бағаланды.

    Семинарды қорытындылай келе, сөз соңында, «Бала- біздің болашағымыз, олай болса болашағымыз жарқын, егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың тәрбиелі, оқу білімімен өлшенеді. Ол үшін жан-жақты ізденіс, шығармашылықпен жұмыс істеу заман талабы. Алар асуымыз, шығар шыңымыз көп болсын!»-дейді, балабақша меңгерушісі Зоя Мәлікқызы.

    Біздің де болашақтан сеніміміз мол!  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Құқықтық тәрбие
Рухани-өнегелі тәрбие
«Біздің балабақша!»
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
«Балабақшада ақпараттық –коммуникациялық технологиялық ортаны құру»
«Тәрбие өзегі балабақшадан басталады»
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2428 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык