Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің туған өлкем


Менің туған өлкем

      Менің туған өлкем

     Тәңірім Табиғат-анаға сұлулықты аямай берген-ау!Бір жағын тау,бір жағын құм алып жатқан ауылымның Баутин аталуының өзі, көңілімнен шықпайды.Қазақ ”Отан отбасынан басталады” деген сөзді тегін айтпаған.Біз қазақ жерінің киелі топырағының қадірін білетін,қазақтың кең пейіліндей салт-дәстүрін сіңіріп өсіп жатқан ұрпақпыз.Мен Қазақстанымның кең-байтақ даласын,бақытты ұрпағын көріп,шексіз қуанышқа кенелемін.Туып-өскен өлкемді құрметтеу-менің азаматтық борышым.Сеннен асқан ыстық,қымбат ештеңе жоқ...Кұлан жортып,бөкен мекендеген иен далаң да,аспанмен астасып,төбесін мұнар шалған тауың да,ананың аялы алақанындай маңдайымнан еркелете сипайтын,самал желің де,көгілдір көгің,алтын шапағатты күніңде...бәрі-бәрі мен үшін қымбат.Мен туып-өскен өлкем Баутин ауылымда туғанымды мақтан етемін.Атамекеніміз жылдан-жылға дамып келеді.Мәдениет үйі,орта мектеп,дәрігерлік мекемелер,балабақшалар күрделі жөндеулерден өтті.Биыл балалардың көптен аңсаған балабақшасы ашылды.Туған жерімнің күннен-күнге көркейген келбетіне қуанамын.Балалық балдәуренім өтіп жатқан Баутин аулы жүрегіме шуақ құяды.Туған өлкем кішкентай болғанымен,маған өте ыстық тартып тұрады.Ауасы кең,суы мол,жері майса өлкемнің болашағына үлкен сеніммен қараймын.Құмы құт,суы мөлдір туған өлкемнің болашағы білімді іскер жастарымыздың қолында.Біз тәуелсіз қазақ елінде шат-шадыман өмір сүрудеміз.Бейбіт өмірді жалғастырушы азат елдің ұрпағымыз.Мен халықтың болашағы зор,мәдениетті болуын тілеймін.Ол үшін өзім сынды жастардың оқыған,білімді,өз еліне шын жаны ашитын ұлтжанды болуларын қалаймын.Және бұл біздің қолымыздан келетініне сенемін.

                                            Туған жерім,кең далам,

                                            Қандай ыстықсың сен маған.

                                            Туған елім – Қазақстан,

                                            Әнге қосамын әрқашан.

     Атап өтетін ерекше жағдай,күні кеше ерекше мерей тойлардың бірі Түпқараған ауданына 20 жылдығы аталып өтті.Таңертең тұрысымен бұл қуанышты мерей тойға асықтық және түпқарағандықтардың барлығы осы тойда болды десем, артық айтпағаным.Алаң наурыз тойындағыдай сәнді,көңілде әнді толтырып және тойға бір күн бұрын киіз үйлер тігілді.Жағалай тігіліп,түндігі түрілген киіз үйлер,ортадағы күрес алаңы,алтыбақан,ұлттық киім киген ұйымдастырушылар бұл тойдың мерейін асқақтата түсті.”Түпқараған ауданына жиырма жыл” атты безендірілген шаңырақты биік тұғырына қондырған көлік жүріп өтті.Шаңырақ ауданды құрайтын ауылдар мен абыз қала,аңыз қала Ақкетіктің атындағы уықтардан осында өмір сүріп жатырған түрлі ұлт өкілдерінен құралған бейбіт өмірді сомдайтын көрініспен ашылды.Түпқараған бүгінде түрлі ұлт өкілдерінің құтты мекеніне айналды.Түпқараған ауданының 20 жылдық мерекесінің ашылуы сөзін алған Түпқараған ауданының әкімі Асауов Темірбек Тыйылұлы бүгінде торқалы тоймен құттықтап,Түпқарағанның тұрғындарының отбасына амандық,береке мен бақ тіледі.Алаңның ортасы концерттік бағдамалар,бір бөлігі ағашүйлерден құрылған,қазаны көтерілген қазақы ауыл тойдың сәнін келтірді.”Баутин” әкімінің,”Каспий” коммуналдық мекемесінің тіккен ағаш үйлері қонақтарды барша ақ пейіл ниеттерімен қарсы алып,шәйлап,асқа шақыру өтіп ерекше өтті.Тамаша тойға тарту ретінде кешкілік кезде аламан ат бәйгесі болды.Содан кейін Республикамызға белгілі “Жігіттер” квартетінің орталық алаңда концерттік бағдамасын беріп,түпқарағандықтарға ән-шашуын тарту еткен болатын.Бүкіл Қазақстанның аудан,ауылдарына белгілі Қазақстан тәуелсіздігіне жиырма жылдығы көптен күткен мерейтойымыз,аталып өткен болатын.Аталарымыздың басты арман-мұраты болып,қолдары жетпей кеткен бақытқа бүгінгі ұрпақ кенеліп отыр.Өз алдына шаңырағын тіктеп,Елтаңба мен Әнұран иеленген елімізде жақсы жаңалықтар ағыл-тегіл жалғасып жатыр.Туған жердің қойнауындағы қыруар байлықтың қызығын көру өз халқымызға нәсіп болды.Бір жылдары бұл да бір үлкен арман еді-ау...Әр өңірдің өзіне тән кенішін игеру ісі жаңаша сипат алды.Маңғыстаудың “кара алтынын” иегрушілер қатары артып,теңіз табанынан да мұнай қолға алу қолға алынғалы жатыр.Маңғыстауға қадам басқан  жылдардан бері әр түрлі кәсіпорындар жергілікті халыққа жақсы қырынан танылуда.Менің өз өлкемде,маңғыстауымда жергілікті кәсіпорындар салынып жатқанына,күннен-күнге көркейіп келе жатқанына қуаныштымын.Рас,Қазақстан тәуелсіздігін алған жиырма жыл ішінде еліміз экономикасы қарқынды дамып,ТМД елдерінің көпшілігін басып озып,ілгері шығып кеттік.Халықтың тұрмысы түзеліп,әл-қуатты нығайды.Ел тәуелсіздігі нығая түсіп,халық тұрмысы молая бергей.

                                             Тарих куә, не көрмеді бұл қазақ,

                                             Сұрқиялық саясат пен сан азап.

                                             Батырлар мен шешендерім тумаса

                                             Болар ма едік,бүгінгі ұрпақ біз азат

        Менің ойымша,бүгінгі Қазақстан халқы-тәуелсіз елінде,тыныштықта,бостандықта өмір сүруге әбден лайық.Ата-бабаларымыз арманы тәуелсіз ел болу еді.Біз тәуелсіз ел болуға қол жеткіздік.Барлық ұрпақтың болашағы баянды болуы,бірлігі берік,дүние жүзінің қай елімен болса да терезесі тең өмір сүруі жаңа мемлекеттің іргетасын бекітіп,қабырғасын қалап,шаңырағын тіктеген біздің буын үшін аса жауапты,тағдырлық міндет.”Менің туған өлкем”атты ой толғауымды аяқтай келе,Қазақстанымның елі аман,абыройы асқақ,жақсы атағы мыңдаған жылдарға ұлассын деп айтқым келеді.

 

                                                                 Ғиззатова Тілекші

                                                   Маңғыстау облысы

                                                  Түпқараған ауданы

                                                  Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Тәуелсіздік-тұғырым
Аяулы анашым.
Туған жердің тағдыры толғандырады
Тәуелсіздік шыңы.
Менің Отаным - Қазақстан
Ел тарихы ертеңге керек
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 8229 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык