Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бәрін білгім келеді


Бәрін білгім келеді

 

Бәрін білгім келеді

Тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Мақсаты:

  1. Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін,      

қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3)  Өзін - өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу .

Көрнекілігі: суреттер,шарлар,геометриялық фигуралар,ертегі кейіпкерлері

Қатысушылар: Д «а» , «ә», «б», «в».

Барысы:

І.Ұйымдастыру

1. Оқушыларды сайысқа дайындау

2. Әділқазы мүшелерімен таныстыру

 

ІІ.Негізгі бөлім

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да

Өзің үйрен өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден

«Мен қандаймын» деп ойла

Жамандық көрсең біреуден

«Мен қандаймын» деп ойла –дей отырып,бүгінгі «Бәрін білгім келеді» атты дайындық сыныптары арасында өткелі отырған білім сайысына қош келдіңіздер!

 

Бүгінгі сайысымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Тапсырмаларды мұқият тыңдап  топпен ақылдасып, жауап берулерің керек.

 Алдымен бүгінгі шараның шартымен таныстырайын

1 бөлім. Топпен таныстыру.

2 бөлім. «Ой ширату».Сұрақтар қою

3 бөлім. «Кім көп біледі?».Сурет  бойынша әңгімелеу

4 бөлім. «Кім тапқыр?» Математика бойынша 3 тапсырма

5 бөлім.  «Ізденген жетер мұратқа» логикалық тапсырма

6 бөлім.   Тапқыр болсаң тауып көр  Сурет бояу

7 бөлім.  Мен елімнің болашағымын  Ой қорыту

 

  1. Әр топ өздерін таныстырады Топтың аты,ұраны,құрамы
  1. «Талап»
  2. «Сұңқар»
  3. «Болашақ»

 

  1. Ой ширату Сұрақ-жауап

Бәйгеге түсіп жарыспай ,

          Жүйріктің бағы жанар ма ?

          Біліммен өнер жарасып,

          Тәрбие – тәлім табар мән.

          Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

          Кім жүйрік ойға, сол алда.

 

1 Бүгін нешінші күн?

2.Нешінші сыныпта оқисындар?

3. Ұстаздарыңның аты-жөнін білесіңдер ме?

4 Мектептерің қалай аталады?

5. Сайысқа қатысып отырған өз тобыңда неше оқушы бар?

6. Қазір жылдың қай мезгілі?

7. Ағаштарда неге жапырақтар жоқ?

8.Сенің тұратын ауылың қалай аталады?

9.Біздің бас қаламыз қай қала?

10.Жануарда екі оң аяқ,екі сол аяқ, және екі алдыңғы аяқ,екі артқы аяқ бар? Сонда оның неше аяғы болғаны?

11. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 4 құлағы көрінеді.Неше қоян тығылып отыр?

12. Ағаштың басында 5 құс отыр еді. 2-еуі ұшып кетті.Неше құс қалды?

3. Ақыл – тастан , өнер жастан, Шығады деп дарынды

Халық айтса , халық сөзі

 Әрқашанда нанымды. –деп келесі бөлім «Кім көп біледі?» 

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

           Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

           Жасау үшін бәрің де

           Математика-

           Ең маңызды ғылым бұл,

           Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

  1. «Кім тапқыр?» математика бағыты бойынша әртүрлі тапсырмалар беремін

5.  Сырлары көп білімнің,               

Шешілмеген әлі де.

Терендігі білімнің

Керек екен бәріне – деп ,келесі бөлімді  логикалық тапсырмаларға береміз

 

6. Кәне бәріміз ортаға жиналып шеңбер құрып отырайық. Кәзір мен ортаға асық шашамын кім көп асық жинайды сол оқушы келесі бөлім бойынша сөз бастайды. Бұл бөлім  «Мен елімнің болашағымын»деп аталады. Әркі өзінің болашақта кім болғысы келетіні туралы айтып береді.

 

ІІІ.Қорытынды

 Міне,балалар,сайысымыз да өз мәресіне жетті.Мен сендерге «болашақта елімізді көркейтетін білімді ұл-қыз болыңдар,армандарың орындала берсін»деп сөз кезегін әділқазылар алқасына беремін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.
Тілді сүйсең менше сүй
«Сөзмерген» танымдық ойыны
Интеллектуалдық ойын
«Тапқыр достар» танымдық ойыны
Математика ойын әлемінде
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР САЙЫСЫ
Қызықты қазақ тілі әлемі
Ойнайық та, ойлайық!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3786 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык