Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыбайлас-жемқорлық деген не?


Сыбайлас-жемқорлық деген не?

Сыбайлас-жемқорлық деген не?

Сабақтың тақырыбы:«Сыбайлас-жемқорлық деген не?»

Мақсаты:

1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

2. Ойын – Орындық

Шарты:  5-бала , 4-орындық .Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан шығады. Алдын ала 1-баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей қалады,бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып,ақша ұсынады 100 теңге.Ойын жүргізуші,100 теңге аз 200теңге дейді.Сөйтіп осы ойынның соңыны жеңіске жетеді.

 

Мұғалім:- Ойын ұнады ма|?

  • Неліктен ұнамады?
  • Ойын кезінде  өздерңді қалай сезіндіңдер?
  • Неге бұл оқушы ойында қалды?
  • Ол не істеді?

 

3.Мұғалім:Сыбайлас-жемқорлық  деген не?

    “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

                                                    

                                            

4. Сыбайлас-жемқорлықты қала жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

   2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

    3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

 

5. Адамгершілік,әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
                                                                        Өзенге көпір салған бір сауап,
                                                                       Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

6.Сабақты қортындылау: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Жасөспірім және заң дөңгелек үстел
Саяси партиялар
Тілдің мәні мен қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Адалдық пен әділдік
Үшбұрыштың бұрышын табу
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 34383 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 16 ноября 2015 14:53
love smile lol tongue bully спасибо!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык