Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құрманғазы – халық кегінің күйшісі.


Құрманғазы – халық кегінің күйшісі.

Құрманғазы – халық кегінің күйшісі.

Қазіргі кезде музыка мектебінде домбыра сабағын оқытудың жаңаша түрлері қамтылуда. Шығарма ойнау күн сайын жетіліп, түрленіп, шыңдалу үстінде. Осы тұрғыдан қарағанда шәкіртке өскелең үлгіде дәріс беру үшін ұстаз өзі жан-жақты дайындық үстінде болуы қажет.

     Ал домбыра тарту өнерінің негізі – күйшілік. Ол құрылымдық негізі мен орындалу мәнеріне қарай төкпе және шертпе деп екі үлкен орындаушылық дәстүрге бөлінеді де, дәстүр өз алдына бірнеше мектептерден тұрады. Осы тұрғыдан қарағанда, әр күйші, сазгердің өзінің орындау , жеке ойнау мектебі болады. Бүгінгі өскелең талаптарға сәйкес, саз мектептерінің оқу бағдарламасына жаңа білім мазмұнының тұжырымдамасына, халық педагогикасына бетбұрыс енгізіледі. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық дәстүрді, музыканы, ән-би, күйді, мәдениетті, Қазақстан тарихын - , белгісіз болып келген халық сазгерлерінің шығармаларын насихаттау алға қойылды.

      Осы бетбұрысқа сүйене отырып, мен де Абайдың әндері мен күйлерін жинақтап оны оқушыларға үйретуді мақсат етіп отырмын. Қазір Абайдың үш-төрт күйін тауып отырмын. Ерекшелігі, шығу тарихы, штрихы, қағысы тұрғысынан біздің ойнап жүрген күйлерге ұқсамайтын өзіндік сазы, бояуы терең Абай күйлерін үйреніп, насихаттау үстіндемін.

     Оқушыға үйретуде оның әр күйін пән аралық байланыс сабақ ретінде әдебиет сабағымен ұштастыра өткіземін. Мысалы, «Май түні» күйінде тірі табиғат бейнесі жақсы көрініс тапқан. Абай атамыздың бұл күйі оның әндерінің стиліне өте жақын. Мәселен, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жаз» туралы өлеңдерін оқып беріп, табиғат сұлулығын әдебиетпен байланыстыра отырып күйді үйретемін.

     Ал «Торы жорға» күйінде Абайдың талантына бас иген Дәке деген бай, дәулетті адам ақынды құрметтеп ат сыйлайды. Абай жорғаның көз тартар сұлулығына , әсем жүрісіне сүйсініп, бірден оған «Торы жорға» деп күй шығарады. Бұл күйде ат тұяғының алысы, жорғаның сымбатты  сұлулығы, шабысы – желісі, үстіндегі күміс ертоқымымен шашбауларының  сылдыры мен сыңғыры, кісінегені барлығы кербез әуенде бейнеленген «Аттың сыны» деген өлеңін оқимын.

    Енді «Абай желдірмесі» ән-күйін алсақ, бұл күйді ақын әнмен байланыстырып шығарған. Айталық, «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Ғылым таппай мақтанба», «Өзгеге көңілім тоярсың» тағы басқа әндері мен жастарға ақыл, қайрат, жігер беріп өзінің балалық шағынан бастап бүкіл өмірін ән-күймен суреттеп бейнелеген. Абайдың күйлерімен қатар әндерін де шәкірттерге үйретудемін. Мысалы, «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін үйретерде оқушыларды тұрақтылыққа, сыпайыгерщілікке, инабаттылыққа баулып Абайдың қыз бен жігіттің әніндегі лирикалық сағынышқа толы ыстық махаббатын, айнымас сезімдерін оқушыларға тәрбие ретінде жеткіземін.

    Осы сабақтарымды жоспарлап бірнеше сағатқа бөліп панарама, концерт, лекция сабақ етіп,өткізуді жоспарға алдым. Шәкірттерімнен Абайдың әндерін қара сөздерін білуін қадағалап отырамын.

     Тек Абайдың күйлерімен тоқтамай, басқа да сирек  орындалатын күйлерді іздеуді қолға алып, жұмыс істеп келемін. Мысалы, Байжігіттің күйлері, Шәкірдің күйлері, Шәкәрімнің әні мен күйлері тағы басқа халық сазгерлерінің шығармалары бар.

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы – халық кегінің күйшісі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Құрманғазы туралы түсінік.

Ұлттық музыкалы аспаптарды пайдаланып, ұлттық сана – сезімін ояту.

ә) Дамытушылық: Музыканы тыңдауды үйрету, музыкалық нюанстарды дұрыс қолдана білуін дамыту.

б) Тәрбиелік: Халық күйіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі: музыкалық сабақ.

Көрнекілік: «Халық компазиторлары» сериясынан Құрманғазының портреті, «Бұл кім,ол не?» энциклопедиясы, ІІ том 197 бет, ұлттық музыка аспаптар қобыз,домбыра және Ә.Сәрсенбаев, М.Өтемісұлының портреттерін сабақ теріне қарай пайдаланамын.

Үй тапсырмасын сұрау. Күй тартыстың мәні«, «Аңыз күйден тартыс», «»

Жаңа сабақ:  Сабақ кіріспе - әңгіме ретінде басталады.

Жұмбақ шешу

         Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

         Теңселіп тербеледі адам соқса.

         Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

         Не пайда, үндемейді адам жлқта.     (домбыра)

Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс тапты. Одан әрі жұмбақ шешумен байланыстырып сұрақ-жауап әдісімен кітіспе -әңгіме өткізіледі.

  • Домбыраның құрылысы қандай? – деген сұраққа Жадыра домбыраны көрсетіп,жеке бөліктерін атады (құлағы, шанаға, ішегі, пернелері,тиегі, беті)
  • Қазір оркестрге лайықтап жасалған домбыраның прима, тенор, бас және т.б суреттерін көрсетіп, түрлері туралы түсінік беремін. Біз оларды домбыра оркестрінің құрамынан көріп жүрміз.
  • Балалар, халқымыздың ұлттық аспабы – домбыраға жан бітіре сөйлеткен атамыз кім? Ол кісі қайда, қашан дүниеге келген?
  • Ол Құрманғазы атамыз. Ол қазіргі Атырау облысы, Теңіз ауданына қарасты Жиделі деген жерде туған.
  • Енді аталарыңның қандай шығармаларын білесіңдер? «Адай», «Балбырауын»,«Түрмеден қашқан»,«Кісен ашқан»,«бұқтым – бұқтым » т.б күйлері бар.
  • Дұрыс айтасыңдар, ал мен сендерге күйлердің шығу тарихынан қысқаша айтып берейін.

Құрманғазы бірнеше күй шығарған, әр күйдің өзінше тарихы бар, сондықтан да ол кісі ұлы күйші, әрі композитор дейміз. Ол 1889 жылы Астрахан облысының Зеленок ауданы, сахма деген жерінде қайтыс болған. Халқымыздың дарында күйшісінің есімі Алматы Мемлекеттік консерваториясына берілген.

Енді бүгін, балалар, біз осы сабақта атақты күйшінің бала кезінде домбыраны қалай жасағандығы және кімдермен кездесіп, жүздескені туралы жазған Әбу Сәрсенбаев аталарыңның «Халық кегінің күйшісі» әңгімесімен толық танысамыз.

 Әбу Сәрсенбаев – Құрманғазының жерлесі. Ол Атырау облысы, Теңіз ауданында туған.

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан, майдангер – журналист балаларға арнап «төлдер айтысы» кітабын жазды, «Қазақ поэзиясы» антологиясының 361 – бетінен суретін көретемін. «Халық кегінің күйшісі» атты әңгімені айтып беремін.
  • Балалар, ойланып көріңдер, әңгімеге қалай жоспар құруға болады?

     Балалардың жасаған жоспары:

     Қой баққан бала болған соғң атын «Кішкентай» қойдым деп жауап берді.

  • Ендеше балалар, сол «Кішкентай күйін тыңдайық, «Кішкентай»күйі махамбет Өтемісұлы, Исатай батырға арнаған.

«Мұрагер» домбырашылар ансамблінің орындауында «Балбырауын» мен «Адай» күйлері тыңдалды.

мақсаты, орындауда саусақтардың еркін ауысуы. Аппликатура мен        позиция дыбыс бояуын сол қолда дұрыс орындаудың басты шарты. Осы позицияларды меңгергенде ғана ойнау шеберлігі шыңдала түседі. Сонда дыбыс сапалы болады.

    Сол қолда ішекті іліп тарту әдісі «Көңіл толқыны», «Бес жорға» күйлерінде, табиғи флажолет Сүгірдің «Бес төре» күйінде қолданылады.

   Әр өрнектердің барлығы нотаға жазыла бермейді сондықтан күйші осы өрнектің керек екендігін күйді ойнағанда өзі сезіне пайдалану керек. Мысалы, «Қаратау» шертпесінде нота (си,до) нотаға жазылады  бірақ (до) нотасын басып ойнамайды, (си) нотасын саусақ пен тарту арқылы (до) нотасын шығарады. Осындай әдіс амалдарды пайдалану арқылы күй құдіретін тануға болады. Сол қол саусақтары әр мектепке тән қол қойылымымен ойналу керек, мектептерді дұрыс меңгермйінше, орындаушы деңгейі төмен болуы  да сондықтан.

    Мысалы шертпе күймен төкпе күйдің айырмашылығы шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғаны мен, оның айтарлықтай өзгешеліктері де бар. Олар

  1. Бұл дәстүрде 1,2,3 саусақтар жиі қолданылады.
  2. 3,4 – саусақтар мен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.
  3. Бас бармақ сирек пайдаланылады. Мысалы, «Қос басар» күйінде бір тактінің ішінде біршама әдіс амалдарды пайдалануға болады.

Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні: екі қолдың жымдасқан үндестігіне күй тартудың көп ғасырлық тәжірибесінің арқасында кейбір әдемі әдіс-тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс-тәсілдерді айтамыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күй тартыстың мәні.
Садуақас күйімен жұмыс
Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.
Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Қазағымның қазынасы-домбыра
Музыкадағы табиғат көрінісі. Н. Тлендиев «Сарыжайлау» әні
Құрманғазы Сағырбайұлы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Домбыра аспабы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4010 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык