Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Су патшалығына саяхат.


Су патшалығына саяхат.

 

Су   патшалығына   саяхат.

                                Тақырыбы:  «Су   патшалығына   саяхат»

 

              Мақсаты: Табиғаттағы   маусымдық  өзгерістерді  байқай  білу қабілеттерін                                  

                                  арттыру.Балалардың  қарапайым  математикалық түсініктерін                   

.                               қалыптастыру. Заттардың  көлемі,  пішіні,  түсі  бойынша  бір                                         немесе  бірнеше  болатыны және  олардың   кеңістікте  түрліше  орналасатыны  туралы  түсініктерін бекіту. Геометриялық  пішіндерді  танып,  ажырата  білуін жетілдіру.Тәуліктің  қарама-қарсы  бөліктерін анықтай білуін дамыту  (таңертең-кеш, күн-түн)

 

               Қолданылатын  көрнекі  құралдар: слайд көрсету, ойыншық және тірі қоян,

                                                                            үлестірмелі материалдар (геометриялық              

                                                                       пішіндер,қайықтар,түрлі-түсті жіптер,моншақтар),

                                                                          айна,су ханшайымдардың макеттері

 

               Билингвальды  компонент:  қоян-заяц,   алтын  балық- золотая рыбка,  

                                                              қайықтар- лодки, су ханшайымдары-русалки.

Оқу  іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шаттық шеңбері:

Балалар, бүгін тобымызға  алтын Күн  қонаққа  келіпті.Кәне, алтын Күнге арналған өлең жолдарымызды айтайық!

 

 

 

 

-Жарайсыңдар балалар!

Осы Күн туралы  сендер  не білесіңдер?

  -Күн  қандай?

 - Күн  қайда?

 

-Керемет, сендер Күн туралы көп біледі

екенсіңдер, ал Күн  сендер туралы  еш нәрсе білмейді, сендерді  танымайды.

Мына сиқырлы  айна арқылы  Күнге өзімізді таныстырып жіберейік.

Ойын: «Сиқырлы айна»

 

-Күн  сендерге риза болды, ол біздің бүгінгі күнімізге сәттілік тілейді.

(балалар орындарына отырады)

 

2.Балаларға бейнеролик көрсету.

 

 

-Балалар, бейнероликтан жылдың қай

мезгілін көрдіңдер?

-Ендеше,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде  табиғатта қандай құбылыстар болады?

 

 

 

 

 

Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

 

 

 

 

 

Балалар  шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады:

 

Кіп-кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай  талпынып,

Көкке  қолды  созамыз.

 

Күн – әдемі

Күн-шуақты

Күн -мейірімді

Күн-дөңгелек..........т.б Күн-аспанда

Күн-жоғарыда........т.б

 

 

 

 

 

 

Мен-байсалды            Бауыржанмын

Мен-сабырлы Бәйдібекпін

Мен-ақжарқын Әйгеріммін
Мен-ибалы   Томириспін...................

 

 

 

 

 

Балалар бейнероликті көріп тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Көктем  мезгілін

 

-Көктем  мезгілі

-Көктемде күн жылынады.

-Жаңбыр жиі жауады.

-Ағаштар бүршік жарады.

-Құстар ұшып келеді.

-Шөптер,гүлдер өседі.

 

 

 

 

Көктем,көктем,көктемде,

Құстар ұшып келгенде,

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

 

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді.

Орман,тоғай, бауларда,

Құстар үні төгілді...........

........т.б

 

Ұйымдастырушылық

 ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.(есік қағылып топқа Әдемі кіреді, қолында қорапшаға салынған ойыншық қояны бар)

 

-Әдемі, сенің неге көңіл күйің жоқ?

 

 

-Әдемі, біз сенің тілегіңді орындай

 алмайтын  сияқтымыз!?...

-Бірақ,... балалар  ертегіде алтын  балық  адамдардың тілегін орындайды

деп естуші едім, мүмкін алтын балықты іздерміз. Сөйтіп Әдеміге көмектесерміз.

-Балалар, Әдеміге көмектесеміз бе?

 

(балалар музыка әуенімен теңізге аттанады)

 

4.-Міне,балалар, біз теңізге де келіп жеттік.Бірақ, алтын балық көрінбейді.

Кәне, алтын балықты шақырайық!

 

-Алтын балық: «Балалар, дауыстарыңды естідім, мен су астындамын,сендер менің тапсырмамды орындағанда ғана су бетіне жүзіп шығамын»

(құмыра су бетіне қалқып шығады)

 

-Ендеше,алтын балықтың  бізге қандай  тапсырмалары бар екен?

 

1-тапсырма: «Суда қанша балық жүзіп жүр және қандай санамақ білесіңдер?»

 

-Балалар,кәне, балықтарды санап жіберейік.

 

-Қандай санамақ білеміз?

 

 

 

 

 

 

-Түлікке нелер жатады?

 

-Бұлар қандай жануарларға жатады?

 

 

2-тапсырма: «Жағажайдағы қайықтар тесіліп қалыпты, соны жамап беріңдер»

Д/о: «Пішіндерді тап»

 

-Балалар,қайықтардың тесіктері геометриялық пішіндерге ұқсайды екен.Кәне, геометриялық пішіндерді атап,қайықтарды тиісті пішіндермен жамайық.

 

(екі бала тақтаға шығып,үлкен қайықты пішіндермен жамайды)

 

3-тапсырма: «Су ханшайымдарына

көйлектерінің түсіне қарай моншақ жасап беріңдер»

Д/о: «Түсіне қарай тізбекте»

-Кәне, су ханшайымдары қандай түсті көйлек кигендерін айтып жіберейік

     

 

-Балалар,алтын балықтың тапсырмалары көп екен,кәне шеңберге тұрып, бойымызды сергітіп,ойын ойнап жіберейік!

 

Қ/о «Теңіз толқиды»

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма: « Жағажайдағы қайықтарды, ағаштарды және судағы балықтарды көлеміне қарай сипаттап беріңдер»

 

 

 

 

5-тапсырма: «Су жәндіктерінің орнын анықтап, айтып беріңдер»

 

 

 

 

-Міне,балалар біз алтын балықтың барлық тапсырмаларын орындадық.

Енді алтын балық су бетіне жүзіп шығатын шығар?.....

 

(Алтын балық музыка әуенімен су бетіне жүзіп шығады)

 

Алтын балық: «Балалар сендер менің тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар. Сендер өте білімді екенсіңдер,дегенмен де сендерге қояр бір сауалым бар»

-Сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

-Қай уақытта ойнайсыңдар?

-Үйге қашан қайтасыңдар?

-Барлық адамдар қай уақытта ұйықтайды?

 

Алтын балық: « Менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер,жарайсыңдар! Енді балабақшаларыңа қайта беріңдер, тілектерің орындалады»

 

 

Балалар Әдеміге таңырқай қарайды.

 

 

-Анам менің туылған күніме ойыншық қоян сыйлап еді, бұл қоян жансыз ойыншықтың бірі ғана. Сондықтан да осы қояныма жан бітіп, менімен ойнаса,

тамақтанса деп армандаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-КӨМЕКТЕСЕМІЗ !!!

 

 

 

 

 

-АЛТЫН БАЛЫҚ!

 (2 рет шақырады)

 

Балалар алтын балықтың дауысын естіп,оның тапсырмаларын орындауға келіседі.

 

 

 

 

 

Балалар балықтарды санайды және санамақ айтады.

 

 

 

1,2,3,4,5. Суда 5 балық жүзіп жүр.

 

Бір  дегенім-бала,

Санды дұрыс сана!

 

Екі дегенім-ешкі,

Таудан келер кешке.

 

Үш дегенім-үйім,

Үйде жақсы күйім.

 

Төрт дегенім-түлік,

Жүргін, мұны біліп.

 

Бес  дегенім-бесік,

Келеді сәби өсіп.

 

-Жылқы,сиыр,қой, ешкі,түйе

-Үй жануарларына жатады.

 

 

 

 

 

-Шаршы, үшбұрыш,

шеңбер,  сопақша

 

 

Әр бала өзіне берілген қайықтарды тиісті пішіндермен жамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қызыл, сары, көк, жасыл

 

Балалар өздеріне берілген жіптің түсіне қарай моншақтарды тізеді де, су

ханшайымдарының қолдарына іледі.

 

 

 

 

 

 

Теңіз толқиды 1

Теңіз толқиды 2

Теңіз толқиды 3

Бір пішінге түс!

(балалар әртүрлі жануарлардың кейпіне түседі)

 

Мынау ұзын қайық,ал мынау қысқа қайық Ұзын қайық жағаға жақын тұр.

Қысқа қайық жағадан алыс тұр.Мынау үлкен балық, мынау кішкентай балық. Мынау биік ағаш. Мынау аласа ағаш.

 

 

Балалар  балықтардың,

тасбақаның,бақаның орнын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуанады.

 

 

 

 

 

 

-Таңертең

 

-Күндіз

-Кешке

 

-Түнде

 

 

Балалар ойыншық қоян салынған қорапшаны алып, балабақшаға қайтады

 

(балалар орындарына отырады)

 

-Балалар, алтын балық шынымен біздің тілегімізді орындадыма екен?..

Кәне, қорапшаны ашып көрелік!

 

(қорапшаны ашқанда тірі қоян шығады)

-Қоян қандай?

-Қоянның жүні қандай?

-Қоян  не жейді?

 

 

Әдемі:  «Балалар, сендерге көп рахмет. Сендердің барлықтарыңды менің қояныммен ойнауға шақырамын»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуанады

 

Қоян әдемі,сүйкімді...

Қоянның жүні жұмсақ,үлпілдек.

Қоян сәбіз,орамжапырақ жейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуана келіседі.

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сиқырлы жолдар.
«Ормандағы саяхат»
«Көңілді көктем»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Кішкентай гномдар
Алтын балық сәндік өнер
5 санымен таныстыру
Ойыншықтар сыры
Пішіндер әлеміне саяхат
Әртүрлі дөңгелектер
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6383 | Қосты: Шаумурнова Эльмира Қалымгерейқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык