Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.


АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.

 

АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАР.

Кіріспе.

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны  тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз  білім беру ісіне көңіл бөліп, көптеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс  жүргізу ісін қаржыландырып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп  қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

         Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.

         Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді.

         Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

- таратылып берілетін оқу материалдары;

- бақылау және тестен өткізу материалдары;

- жаттығулар;

- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану  тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

- экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне  және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

         Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

         Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын  даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі  салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:

- программа жасау мерзімін қысқарту;

- программа  жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;

- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

-оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Оқыту мақсатында арналған программалар жасауда HTML “Java” FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.

         Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазақстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD-дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақырыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.

         Бұдан былай қазақ-орыс тіліндегі электрондық оқу құралдары да тегін таратылатын күйге жетіп, Интернет жүйесіндегі АҚШ, Ресей білім порталдарындағы тәрізді оқу орындарының web-сайттарында орналастырылады деген ойдамыз. Қазақ-Британ техникалық университеті мұнай-газ және информатика саласындағы мамандар даярлауда студенттер күшімен жасалған электрондық оқу құралдарын алдағы оқу жылына үздіксіз білім беру бағдарламасына сәйкес www.kbtu.edu.kz адресі бойынша орналастырмақшы болып отыр.      

         Ал, Ресейде кең тараған алғашқы компьютерлік оқулықтарға “Инженерлік мамандықтарға арналған жоғары математика” курсын жатқызуға болады, онда бірнеше жоғары оқу орындары  дайындаған 17 түрлі программалар дестесі (пакеті) келтірілген. Бұл оқулықтың ерекшелігіне бір программалық кешен аймағында бірнеше жеке оқу программаларын біріктіріп, математика пәнін оқытудың біртұтас компьютерлік курсын жасау ісі жатады. Оған кез келген маман қосымша тақырыптар қосып толықтыруына болады. Оның үстіне бұл программаға арнайы математикалық есептеу программаларын да қосып пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

         Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық  оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі экономиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді  керек етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға (дайындауға да) тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын  жүзеге асырып, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған “Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту” мемлекеттік бағдарламасы да компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру тиіс. Президентіміз бастаған Білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні талас тудырмаса керек.

         

1. АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1.1  Ақпарат және информатика

     "Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау,  түсінік деген ұғымды береді. Ақпарат -адамнан да ерте  тұған құбылыс.Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап–ақ ақпатартты беру  мен сақтаудың  жаңа құралдарын  іздейді және табады. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі салаларына  кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия,  экономика, физика, математика, информатика және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ ақпарат ұғымы әр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат әр түрлі заттар мен қоршаған ортаның әсері болып табылады. Яғни ол қандай түрде берілсе де, ақпарат өзімізді қоршаған ортамыздың нақтылы немесе қиялдағы бейнесі болып табылады. Ақпарат адамның өзінің басында алынған мәліметтердің өңделуі нәтижесінде тууы мүмкін.

    Ақпарат тек сыртқы әсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған деректерін өңдеуден де алынадыСондықтан да ақпарат ұғымына бір мәнді анықтама беруге болмайды. Бірақта күнделікті өмірден алынатынына және пайдаланылатындығына сүйене отырып, мынандай жуық анықтама беруге болады:

     Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

     Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.

  Философиялық  түсінік бойынша  ақпарат дегеніміз  нақты әлемді (өмірді , қоршаған ортаны)  мәліметтер және   хабарламалардың  көмегімен  көрсету.  Бұл хабарламалар  тіл(сөзбен айту),бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар,графиктер,т.б. түрінде болады.

   Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады.

    Бүкіл  қоғамды  ақпараттандыруға  ынталандырған  есептеуіш  техникасының  дамуына  байланысты  ақпаратпен  жұмыс  атқарудын  әртүрлі  аспектілері  туралы  ғылымдар  комплексі – информатика  пайда  болды.

     Информатика-  ақпаратты  алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен  пайдаланудың барлық  аспектілерін зерттейтін ғылым.

 Информатика  ақпаратты  сақтау мен  өзгертуге  бағдарланған  арнайы  компьютерлер  шыққанда , яғни  біздің  ғасырымыздың ортасында  пайда  болды,бұл құбылыспен  бірге  компьютерлік революция басталы.

    Информатика әрекеттің сегіз  негізгі  бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық  пәндердің  комплексінен тұрады.

1 сурет- Информатиканың бағыттары

 

Информатиканың негізгі мәселелері :

-кез-келген  табиғаттағы  ақпараттық  процестерді  зерттеу;

-ақпараттық техниканы  жасау және  ақпараттық процестерді  зерттеу нәтижелерінің  базасында  ақпараттарды  өңдеудің жаңаша  технологиясын жасау;

-компьютерлік  техника  мен  технологияны жасау  мен  ендіру  және  қоғамдық  өмірдің барлық саласында  тиәмді  пайдаланудың ғылыми және  инженерлік  проблемаларын шешу.

1.2 АҚПАРАТ ТҮРЛЕРІ

Ақпараттың мынадай түрлерін немесе типтерін бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден, ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша.

Адамзатта бес сезім мүшесі бар:

·  көз; көз көмегімен адамдар түстерді ажырата алады, мәтіндік, сандық және графиктік түрге жататын ақпараттарды қабылдай алады;

·   есту; құлақ арқылы дыбыстық ақпарат – сөзді, әуенді, дыбыстық сигналдарды, шуды қабылдай алады;

·   иіс сезу; адамдар танау көмегімен қоршаған ортадағы иістерді сезе алады;

·   дәм сезу; тілдің дәм сезу рецепторлары заттардың дәмі - ащы, қышқыл, тәтті, тұзды екендігі жайлы ақпарат алу мүмкіндігін береді;

· саусақпен (немесе жай терімен) сипау арқылы заттың температурасы - оның ыстық немесе суық, сапасы жағынан жұмсақ немесе бүдір екендігін сезіне алады.

Адам сыртқы орта жайлы ақпараттарды өзінің сезім мүшелері арқылы алады. Практика жүзінде адам ақпараттың 90%-ын көзбен (визуалды), шамамен 9%-дайын құлақпен (аудиальный) және тек 1% шамасын басқа сезім мүшелері (иіс сезу, дәм сезу, ) арқылы қабылдайды.  

Осы сезім мүшелері арқылы ақпарат миға барып түсетін болғандықтан, сезім мүшелері талдаушы /анализатор/ деп аталады.

Компьютер адамға  мәтіндік,  сандық,  графикалық ақпараттарды сақтау және өңдеу мүмкіндігін береді.

Екіншіден,  ақпараттың берілу түрі бойынша.

Біз тек техникалық құрылғылар (жекелікте, компьютер) "түсінетін"  ақпараттарды қарастырайық.

Мәтіндік ақпарат,  мысалы,   кітаптағы мәтін,  дәптердегі шығарма,  спектакльдегі актер репликасы,  радио арқылы берілген ауа райы. Ауызша қарым-қатынаста (жеке дидарласу,  телефон арқылы сөйлесу,  спектакльдің радио арқылы берілуі) ақпарат тек сөз түрінде,  яғни мәтіндік   түрде берілетінін байқаймыз.

Сандық ақпарат,  мысалы,  көбейту кестесі,  арифметикалық мысал,  хоккей матчының есебі,  поездің келу уақыты және т.б. Дәл сандық ақпарат сирек кездеседі. Көбінесе ақпараттың ұсынылуы аралас түрде қолданылады.

     Графикалық ақпарат: суреттер,  схемалар,  сызбалар,  фотобейнелер. Ақпараттың мұндай түрде берілуі ыңғайлы, себебі қажетті образды бірден жібереді, ал сандық немесе сөз арқылы берілген ақпараттан кейін оның образы ойлау арқылы жасалады.     Сонымен бірге ақпараттың графикалық түрде берілуі берілген ақпарат туралы толық түсінік бере алмайды.  Сондықтан ақпараттың мәтіндік,  сандық және графикалық түрде бірігіп берілуі тиімді.

   Мысалы,  геометриядағы есепті шешу барысында біз сызбаны (графика)+түсіндірме мәтінді (мәтін)+сандық есептеулерді (сан) қолданамыз.

Музыкалық (дыбыстық) ақпарат.

Қазіргі уақытта есептеу техникасында ақпараттың (көпорталы,  аралас) мультимедиалық түрде берілуі негізгі болып  табылады. Бұл жүйеде түрлі-түсті графика дыбыспен, мәтінмен,  қозғалмалы видеобейнелермен және үш өлшемді бейнемен бірігеді.

Үшіншіден,  ақпараттың қоғамдағы мәні бойынша.

Ақпараттың түрлері:

· Жеке - бұл нақты адамның білімі, тәжірибесі,  интуициясы,  білу,  эмоциясы болуы мүмкін ;

· Қоғамдық,  қоғамдық-саяси,  ғылыми-жариялық,  яғни біз ақпараттарды жалпы  ақпарат құрамынан аламыз. Сонымен қатар,  бұл бүкіл  адамзаттың тәжірибесі, тарихтық,  мәдени және ұлттық салт-дәстүрлері және тағы басқалары;

· Күнделікті - біз қарым-қатынас барысында бір-бірімізбен алмастырылатын ақпараттар;

· Эстетикалық - бұл көркем өнер,  музыка,  театр және сол сияқтылар;

· Арнайы -  ғылыми,  өндірістік,  техникалық,  басқарушы.

Кесте 1 Ақпараттың жіктелуі

Ақпараттың жіктелуі

Қабылдау

бойынша

Берілу түрі бойынша

Қоғамдағы мәні бойынша

Визуалды

Аудиалды

Иіс сезу;

Сипап сезу

Дәм сезу

Мәтіндік

Сандық

Графикалық

Музыкалық

Аралас

Жалпы:

күнделікті;

қоғамдығ – саяси;

эстетикалық

Арнайы:

ғылыми;

қндірістік;

техникалық;

басқарушы

Жеке:

білім;

білу;

интуиция

 

    

1.3  Ақпараттық процестер

Біріншіден, адам ақпараттарды caқтaй алады. Біз кітап, газет, журналдар оқығанда, өзіміздің миымызға мәлімет жинаймыз. Демек, адам миы ақпараттарды тек қабылдап ғана қоймай, оны сақтай да алады. Адам миына әсер ететін ақпарат көлемі өте үлкен, сондықтан оларды дәлме-дәл сақтау мүмкін емес, яғни қабылданған ақпаратты біреуге қайта айтқаныңызда, ол дәлме-дәл болмайды. Сондықтан да ақпараттарды сақтап тұру үшін сыртқы ақпарат сақтаушылар пайдаланылады. Олардың қатарына қағаз, папирус, пергамент, фотопленка, таспалар, дискілер және т.б. енеді.

Екіншіден, адам ақпараттарды қайта тарата алады.

   Адам өз миында сақталған ақпараттарды біреуге айтып бере алады.    Әңгіме кезінде бір адам айтушы (ақпарат жолдаушы), ал екінші адам тыңдаушы (ақпарат қабылдаушы) болады. Кітап оқыған кезде сіз қабылдаушы  боласыз да, aл автор жолдаушы болып табылады. Ал, оқыған кітабыңыздың мазмұнын біреуге айтсаңыз, сіз ақпарат жолдаушы боласыз да, ал екінші адам қабылдаушы болады.

Ақпарат алмасу - екі жақты процесс, ол үшін жолдаушы және қабылдаушы болуы керек. Хабар беруге пайдаланылатын құралды ақпарат беру арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және т.б. жатады.

Үшіншіден, адам ақпараттарды өңдей алады.

Ақпараттарды өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады. Ақпараттар өнделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның мағынасы өзгермейді.

         Ақпараттарды өңдеу үздіксіз процесс, тіпті сіз ұйықтап жатқанда да ақпараттарды өңдеу процесі жалғаса береді.

Алынған деректерді өңдей отырып, математикалық есептерді шеше отырып, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ала алады.

Адам өзі қоршаған ортадан ақпарат қабылдайды, оларды реттейді, салыстырады, талдайды, соның  нәтижесінде жаңа ақпарат құра алады.

Сонымен, адам ақпараттарды сақтай алады, өңдейді және тарата алады. Бүл жағдайда адам қандай да бір амалдар орындайды, оны ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті әр түрлі құрылғыларды пайдалана отырып, өзі ұйымдастыра алады. Ол құрылғылар қатарына: қағаз, магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер және тағы басқалар жатады.

Ақпараттар жинақталады, беріледі, сақталады және өңделеді.

Ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.

Адам қабылдайтын ақпараттар таңба  және образды түрде болуы мүмкін.

         Образды ақпарат деп дәм, иіс, сезім сияқты табиғи ақпарат көздерінен алынатын ақпараттарды айтады.

Таңба түріндегі ақпараттарға  сөз, жазу және тағы басқа ақпараттар жатады.

     Жазба мәтін әртүрлі белгілерден (а, в, ".", "-" ...) тұрады. Сөздер дыбыстық белгілерден  - фонемалардан тұрады. Фонемадан сөз және сөйлемдер құрастырылады. Сөз және жазу бір-біріне ұқсайды.    Олар әріптердің сөз буындарының комбинацияларынан құрастырылады.

Таңба түрінде қатысуды қатынасу mілі дейді. Қатынасу тілдері табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Табиғи тілге кәдімгі ұлттардың жазба және сөйлесу тілдері жатады. Мысал ретінде, қазақ, орыс, ағылшын және де басқа тілдерді атауға болады.

Жасанды тілдерге формальды, математика, физика, музыка, компьютер тілдері жатады.

Әр тілдің өзіне сәйкес алфавиттері, сөз құрастыратын белгілері (символдары) болады. Мысалы, қазақ тілінің 42 символы, орыс тілінің 33 символы, ағылшын тілінің 28 символы бар, ал морзе тілі екі-ақ белгіден: ".", "-" тұрады.

Сандарды құрастыратын алфавиттер көп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық және оналтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді. Мысалы, екілік жүйеге тек екі символ: 0 және 1 енеді.

Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпараттарды өз бейнесінде (образды) және таңба түрінде қабылдайды.

 

                                                                                                                          


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақпарат. Әлемнің ақпараттық бейнесі
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Ақпараттық процестер
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрі
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Ақпарт және ақпарат түрлері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 6408 | Қосты: Камалова Роза Абдумуталиповна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык