Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.


Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Информатика

Сыныбы

5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Информатика. Ақпарат .

Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Мақсаты

Информатика және ақпарат ұғымдарын меңгеру.

 

Күтілетін нәтиже

А) Информатика және ақпарат туралы білімді игереді.

Б) Ақпара түрлерін ажыратып, мысалдар келтіре алады.

В) Ақпараттарды салыстырып, өңдей алады және өмірмен байланыстыра

     алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, әдістемелік құралдар, бос флипчарттар, интербелсенді тақта, компьютер, маршруттық карталар, ғаламтор беттері, слайд-шоу т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

 

«Бір тілек» атты  тренинг өткізу

Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген психологиялық ахуал тудыру.

 

 

Оқушыларды топтарға бөлу.

«Компьютер» және «Информатика» деген екі топқа бөлемін.

 

Мұғаліммен амандасады.

 

 

 

Тренингті жасау

/Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін айтады. Мысалы, бүгінгі сабақтан бестік ал! т.б./

 

Оқушылар  бөлініп, отырады.

 

Тұсаукесер

 

Үй тапсырмасына-3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесерге –

2 мин

1.«Аукцион» тәсілі

 /үй тапсырмасы/

Әртүрлі заттар берілген, олардың артында сұрақтар жасырылған. Әрбір заттардың артындағы сұраққа жауап берген кезде ғана сатып ала алады.

 

 

Ол заттар мынадай:

 

А йна

Қ алам

П ланшет

А лқа

Р адио

А лтын

Т елефон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

Осы  аталған заттардың бас әріптерін құрағанда қандай сөз шығады? /ақпарат/

 

Олай болса, бүгін ақпарат

сөзімен таныс боламыз.

Ақпарат сөзіне сыни тұрғыдан ой әлемінен өздері не білетіндерін айтқызу. Оқушыларға ой еркіндігіне мүмкіндік беру.

 

2. «Топтастыру» стратегиясы

/тұсаукесер/

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Әрбір құрылғыны ала отырып, сұрақтарға жауап берулері керек.

Сұрақтары:

  1. Техника қауіпсіздігі ережелері жалпы неше топқа бөлінеді? Қандай?
  2. Монитор мен көз арақашықтығы қанша болуы керек? Неге?
  3. Пернетақтаға ауыр заттар қоюға болады ма? Неге?
  4. ДК-мен жұмыс жасау алдыңдағы ережелерге қандай ережелер жатады?
  5. Апаттық жағдайдағы ережелерге қандай ережелерді жатқызуға болады?
  6. Жұмыс аяқтау барысында қандай ережелерді ескеру қажет?
  1. Жалпы ережелер ол қандай ережелер

 

«Бағдаршам» арқылы

өз-өзін  бағалау 

 

 

 

  1. Ақпаратқа қатысты өздерінің кез-келген жауаптарын айту керек.

/оқушылардың барлық және кез-келген жауаптары қабылданады/

Негізгі бөлім

 

Мәтінмен танысу – 7 мин

 

Топта талқылау – 2 минут

 

Постерге салу – 7 минут

 

Постер қорғау – 5 минут

Информатика. Ақпарат .

Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Оқулықпен жұмыстану   І тарау

Мәтінмен жұмыс §2 ,3.   12-21 бет

 

«Ойлан. Жұптас. Бөліс»

Жеке, топтық жұмыстары ұйымдастырылады.

/Топтық әңгіме әдісі арқылы топта талқыланады нәтижесінде постерге түсіреді /

 

     Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру,  жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

    Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

   Ғылымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы, 10%-ын – ест, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Ақпараттың түрлері:

   Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

     Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

   Ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде.

      Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

Ақпараттың қасиеттері:

       Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мысалы,   2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез-келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігі жойылады. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

    Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

Ақпаратты жөнелту

  Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды.

   Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады.

Ақпаратты өңдеу

   Ақпараттың кез-келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады.

Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады. Ақпаратты тасымалдау үдерісіне әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы қатысады. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

(5 сынып информатика оқулығы, авторлары: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов, Арман-ПВ,2013)

 

Бағалау: 

 

 

Сергіту сәті

Бүгінгі күннің жадысын жазып, тақырыпты дәптерлеріне жазады.

 

Оқулықпен жұмыстанады.

/әр топ мәтінмен жеке танысады/

 

 

Оқушылар бір-бірлеріне ой тастап диалог құрады.

Бірігіп постер жасайды.

 

Ғаламтордан тақырыпқа сай материал іздейді.

 

 

Wiki беттерімен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 жұлдыз, 1ұсыныс әдісі арқылы топтық өзара бағалау.

 

Көз және бой жаттығуларына арналған жаттығуларды жасау

 

 

Қорытынды

 

Бекітуге –

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс парақшасын толтыру –

2 мин

 

 

 

Бағалау критерилерін толтыру – 2 мин

 

 

«Сәйкестендір»

/Бекіту / 

Құлақ – Есту    Тіл – Дәм сезу     Көз – Көру

 Қол – Сипап сезу        Мұрын – Иіс сезу

Мәтіндік       Графикалық       Дыбыстық

Бейнелік /видео/      Сандық .

Көру арқылы –81%-ын, Есту – 10%-ын , Иіскеу – 4%-ын , дәм сезу –  3%-ын және сезу – 2%-ын сезу арқылы

Бағалау

 

Дарынды және таланты оқушылар үшін

кеңейтілген тапсырмалар

(Бастапқы нүктеден соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет)

 

Тұсаукесердегі топтастыруды толықтыру.

 

 

 

 

Үйге тапсырма

§2 ,3

Ақпаратты қабылдау сезім мүшелеріне

 5 мысалдан жазып келу.

16 беттегі кестені толтыру.

 

 

«3:2:1»

/Керібайланыс/

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

Сабақты аяқтау

 

 

 

Оқушылар берілген тапсырмаларды өз міндеттеріне сәйкестендіреді.

 

 

 

 

Бүгінгі сабақ бойынша өз-өзін басбармақ арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

Тұсаукесердегі топтастыруды қайта толықтырады. Артықтарын алып, керектерін қосып жазады.

 

 

 

Күнделіктеріне жазып алады.

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша өз ойларын қорытындыларын

«3:2:1» керібайланыс парақшаларына түсіреді.

 

 

 

Бағалау критерий парақшаларына бағаларын толықтырып түсіреді.

       

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақпарат және ақпараттық үдерістер
5 сынып тақырып бойынша тестілер жинағы.
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрі
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Ақпарт және ақпарат түрлері
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 4585 | Қосты: Умсынганым Болатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык