Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Үздік информатик» атты интелекуалдық ойын


«Үздік информатик» атты интелекуалдық ойын

«Үздік информатик» атты интелекуалдық ойын.

Тақырыбы: «Үздік информатик» атты интелекуалдық ойын

Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, даму тарихын еске түсіріп дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке, шыдамдылыққа, намысқойлылыққа жетелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы көрсетілім слайдтар.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Үздік информатик» атты білгірлер мен тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

1. 8 «А» сынып оқушысы Қойшыбаев Рамазан

2. 8 «Ә» сынып оқушысы Еңсепова Самал

3. 8 «Б» сынып оқушысы Жүсіп Қуаныш

4. 8 «А» сынып оқушысы Алибаева Малика

5. 8 «Ә» сынып оқушысы Өтешов Мұхамеджан

6. 8 «Б» сынып оқушысы Түгелбаева Айгүл

 

Ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

І. Кім жылдам

ІІ. Өзге тілдің бәрін біл?

ІІІ. Ғажайып алаң

ІV. Мықты болсаң шешіп көр

V. Қатесін анықта

VI. Сиқырлы алаң

Сонымен, бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып сайысымызды бастайық.

І. «Кім жылдам» бөлімі.  Бұл бөлімде 20 сұрақ болады. Берілген түрлі анықтамалардың жауабын дұрыс тапқан оқушылар, яғни 1 сұраққа дұрыс жауап 10 ұпайға ие болады.

1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)

2. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт)

3. Word қандай редактор? (мәтіндік)

4. Сандық пернетақтаны іске қосатын перне (NumLock)

5. Ең бірінші ЭЕМ қай жылы құрастырылды және қалай аталады? (1946 ж, Eniac)

6. Принтер түрлері (лазерлік, құйылымды, матрицалық)

7. SQR (х) – мағынасы. (х-тің квадраты х2)

8. DIV, MOD дегендеріміз не? (DIV – бүтін, MOD – қалдық.)

9. Паскаль тілін кім, қай жылы оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынды? (Никлаус Вирт, 1968-1971 жж)

10. Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

11. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)

12. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

13. Компьютердің «ақыл - ойы», ең басты бөлігі (процессор)

14. Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

15. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас (интерфейс)

16. Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж 

17. Ақпаратты сығу программаларын ата. Winrar, Winzip 

18. Интернетке қосылу құрылғысы? Модем

19. 1 Гбайт нешеге тең? 1024 Мбайт 

20. Санау жүйесі дегеніміз не? Және оның түрлері қандай? (сандардың айтыуы және жазылуын с.ж д.а. 2-түрі бар: позициялық және позициялық емес с.ж)

 

ІІ. «Өзге тілдің бәрін біл?» Жасырылған сұрақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Әр бір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.

 

1. Жыпылықтап тұратын тік сызықша не деп аталады? 

(меңзер, курсор, kursier)

 

2. Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған кішкене қорапша құралды не деп атаймыз?

 (тінтуір, мышь, mouse)

 

3. «Ас –адамның арқауы» , ал компьютердің асы не? 

(тоқ, ток, currend)

4. Ctrl+V пернесінің қызметі?

(орнына қою, вставить)

5. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін.

                                      (шам, лампочка, lamp)

 

6. Логикалық көбейтудің атауы

(және, и, and)

7. Кітап ненің бұлағы? 

(білім, знание, knowledge)

 

8. Ctrl+C пернесінің қызметі?

(көшіріп алу, копировать,

 

9. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді?

(дыбыс, звук, sound)

 

10. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік

(қате, ошибка, error/mistare)

 

11. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер

 (ақпарат, информация, information)

 

12. Есепшот қай ғасырда пайда болды?

 (XVI-XVII ғасыр,

13. Пазициялық санаут жүйесі қандай топқа бөлінеді, яғни цифрларға?

                                                                           (төрт, четырый,  

           

14. Ақпарларды қағазға шығарады, 
      Бұл құрылғы қалай аталады?

(басып шығарғыш, принтер, 

 

15. Ctrl+X батырмасының қызметі?

(қиып алу, вырезть,

 

16. Ctrl+S пернесінің қызметі?

(сақтау, сохранить,

 

17. ЭЕМ-ның неше буыны бар?

(бес, пять,

 

18. Ақпараттың қайнар көзі 

(табиғат, природа, nature)

 

19. Сәлем ненің патшасы? 

(сөз, слово, word)

 

20. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында, ұзындығы  жазулы тұр бойында.   

(сызғыш, линейка, ruler)

Сұрақтары:

Келесі бөліміміз: ІV. «Мықты болсаң шешіп көр»

Есеп.

1. Сандарды ондық санау жүйесіне көшіру.

(Екілік, сегіздік, он алтылық жүйеден ондық жүйеге ауыстыру)

1) 11,012=_______________________________________________________

2) 17,48= _______________________________________________________

3) 11С16= _______________________________________________________

2. Сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, он алтылық жүйелерге   

    Көшіру (екілік, сегіздік, он алтылық с.ж ауыстыру)

А) Бүтін санды көшіру: (бөлу амалымен)

1) 12510 =                                2) 12510 =                                3) 12510 =

            Ә) Ондық бөлшекті көшіру алгоритмі. (көбейту амалымен)

1) 12510 =                                1) 12510 =                                1) 12510 =

 

3. Логикалық көбейту (конъюкция) «және» жалғауы

1) 6:2=2 және 6:3=3

2) 6:2=2 және 6:3=2

3) 6:2=3 және 6:3=3

4) 6:2=3 және 6:3=2

4. Логикалық қосу (дизъюнкция) «немесе»  жалғауы

1) 6:2=2 немесе 6:3=3

2) 6:2=2 немесе 6:3=2

3) 6:2=3 немесе 6:3=3

4) 6:2=3 немесе 6:3=2

5. Инверция (теріске шығару).

1) 6:2=2

2) 6:3=2

3) 3*4=12

4) 4*3=10

V. «Қатесін анықта»

  1. Компютерлік вирустар – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құрту, жою және компьютерді ітен шығаруы мүмкін. Мекендеу ортасына қарай вирустарды файлдық, жүктейтін, макровирустар деп бөлуге болады.

 

  1. Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып – түю, сығу), ал файлды архивтен алу – архивтен шығару деп аталады. Архиваторлардың кеңінен тараған түрі WinRar және WinZip. Көптомдық архивтер – бірнеше бөліктен туратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.

 

  1. Windows – графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде (таңбаша терезе түрінде көрсетілген) операциялық жүйені басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажеетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.  

 

VI. «Сиқырлы алаң»

 

Бүгінгі көріп тамашалаған «Үздік информатик» интелектуалды сайысыда өз мәресіне де жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға, қатысқан оқушыларға рахмет! Келесі кездешкенше қош сау болыңыздар. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Электронды жұмыс дәптері
Санау жүйелері. Сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Информатика әлемі
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар
Ақпарат. Компьютер. Windows операциялық жүйесі
Білім баспалдағы
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2570 | Қосты: Турмагамбетова Маржан Нурбавлиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык