Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ана тілім-ардағым!»


«Ана тілім-ардағым!»

 «Ана тілім-ардағым!»

  Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім-ардағым!»

  Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің                         көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру              

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер.

 Сабақ түрі: сайыс

 Барысы:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақиық ақын С.Торайғыров жырлағандай, бүгінгі            «Ана тілі- ардағым» білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Балабақшамыздың меңгерушісі: Меденова Ж.Ә.
  2. Психолог: Ибатуллина А.Д.
  3. Тәрбиеші: Мажитова К.Н.

Әр кезең сайын баға қойылып отырады.

 I.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

І. «Бәйге»

ІІ. «Мақал-сөздің мәйегі»

ІІІ. «Жұмбақ жасыру»

  1. «Ойлан, тап»

 

Топ атымен, ұранымен танысу.

«Қыран» тобы.                                                                   «Тұлпар» тобы

Ұраны: «Қырандай күшті қанатты,                        Ұраны: «Желмен бірге жарысқан,

                Біз-өрендер талапты»                                                 Тұлпар қалмас жарыстан»

   І кезеңіміз «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр бір сұраққа

1 ұпайдан қойылады.

   «Қыран» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

  1. Президентіміз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  2. Неше жыл мезгілі бар? (Жыл мезгілі бар)
  3. Төрт түлікті ата (Түйе, жылқы, сиыр, қой)

5.Мынау қандай ертегі? (Бауырсақ)

  «Тұлпар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Біздің Елордамыз қалай аталады? (Астана)

  1. Біз Қазақстанның қай жерінде тұрамыз? (Бірлік ауылында)
    3.Қандай жыл мезгілдері бар? (Көктем, жаз, күз, қыс)

4.Отбасыға кімдер жатады? (Әке-шеше, аға, апа, іні, қарындас, сіңілі)

5.Мынау қандай ертегі? (Жеті лақ)

ІІ кезеңіміз «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл кезеңде 2 топ мақал айтып жарысады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Демімізді алайық,

Бір отырып,

Бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

   ІІІ кезеңіміз «Жұмбақ жасыру» деп аталады. Бұл кезеңде 2 топ бір-біріне жұмбақ жасырады.

 Ойын: «Кім жылдам?»

  Балаларға доп салынған сурет қиындылары беріледі. Ал 2 топ жарысып доп қиындыларын дұрыс орналастырулары қажет.

IV кезең «Ойлан, тап». Тақтаға жасырылған суреттер ілінеді. Тәрбиеші суреттің сипаттамасын айтады, ал балалар қандай зат екенін табуы керек.

1.Дәмі тәтті, қызыл, сары, жасыл түсті, дөңгелек  болады. Ол дәрумен. (Алма)

2.Онымен жарыстарға қатысады, шабады. Түсі қара торы, ақ, қара болады. Төлі-құлын,

сүті-қымыз. (Жылқы)

3.Онымен бояуға болады, ұшы бар, сурет салады, түрлі-түсті түстері болады. (Қарындаш)

4.Пішіні-дөңгелек, төртбұрышты болады. Оған біз тамақ, торт, салат саламыз. (Тәрелке)

5.Төртбұрышты, түсі көбінесе қара болады. Экраны бар. Біз одан мультфильм қараймыз. (Теледидар)

6.Оны күтіп ұстауымыз қажет. Ауызға салуға болмайды. Ол қатты, жұмсақ та болады. Біздер онымен ойнаймыз (Ойыншықтар)

7.Төрт аяғы бар,  әр түрлі түсті, пішіні де әр түрлі болады. Біз оған отырамыз. (Отырғыш)

8.Біз  оның жүнінен шұлық тоқимыз, көрпе жасаймыз. Сүтін ішеміз.Жыл басынан құр қалған. Оның екі өркеші бар. (Түйе)

Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша балаларымыздың ән шашуын қабыл алыңыздар!

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Ән: «Ана тілін сүйеміз».

Енді, әділқзазыларымыздың шешімін тыңдайық. (Балаларды марапаттау)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тілді сүйсең менше сүй
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
«Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты тілдер мерекесіне орай өткізілген ойынның жоспары
Мемлекеттік тіл-менің тілім
Қазақшаңыз қалай?
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Ел тағдыры – тіл тағдыры
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 11061 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык