Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаратылыстану ғылымдары бойынша логикалық тапсырмалар


Жаратылыстану ғылымдары бойынша логикалық тапсырмалар

Жаратылыстану ғылымдары бойынша логикалық тапсырмалар

Тақырыбы: Мендель және генетика

Генетика тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы ғылым.

1965 жылы Г.Мендель асбұршақ өсімдігіне түрлі шағылыстыру жұмыстарын шіркеудің бағында жүргізді. Оның негізгі мақсаты зерттеу нәтижесінде тұқым алынған  гибридтердің 

Оттек.  Оттектің табиғаттағы айналымы.

  1. Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады

Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.

6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер.

Сұрақ:  «Орман – планета өкпесі» дегенді қалай түсінесіз. Жер бетінде орман азайса не болады?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап: «Орман – планета өкпесі».Жалпы ормандағы барлық өсімдіктер мен ағаштар әлемінің пайдасы өте зор. Қазіргі заманда қалалардан шыққан әр түрлі зиянды улы түтіндердің ауаға тарап оның басқа организмдерге аз да болса зиянын тигізбей отыруы осы жасыл желектердің, ормандардың арқасында, олар көмірқышқыл газын сіңіріп оттекті бөліп шығарады. Жер  ғаламшарында өсімдіктер мен орман алқаптары аз болса фотосинтез процесі жүрмес еді. Ал адамдар мен жан-жануарлар ешқандай таза ауа жұта алмай тіршілігін жояр еді. Онда планетатағы бар тіршілік тоқтар еді.

  1. «Иә», «Жоқ»  баламалық сұрақтар.

Табиғатта оттектің айналымы үнемі қайталанып  отырғандықтан оның «таусылуы» мүмкін бе?

Иа/жоқ

1

 

ИА/ЖОҚ

2

 

ИА/ЖОҚ

3

 

ИА/ЖОҚ

Дұрыс жауап:

  1. Иа
  2. Жоқ
  3. Жоқ

 

  1. Сұйық оттек ракета қозғалтқыштарына қажетті сұйық отынның несі ретінде қолданылады?

А) тотықсыздандырғыш

В) тотықтырғыш

С) қыздырғыш

Дұрыс жауап: В

Ащы немесе ағылшын тұзы

  1. Ағылшын тұзы немесе ащы тұз – магний гептагидросульфаты – ромб пішіні торлы түссіз кристалдар; тығыздығы – 1,68г/см3; Моос бойынша қаттылығы – 2-2,5; суда жақсы ериді. Медицина тілінде магнезия, эпсом тұзы деп те атайды. Табиғатта ағылшын тұзы таудағы минералды бұлақтар суында болады. Ертеректе осындай миералды сулардан өндірген. Тұзды ең алғаш 1965 жылы ағылшын ботанигі Неемия Грю  Эпсом деген жердегі минералды бұлақ суынан  бөліп алған. Сондықтан да құрамында осы тұз болатын минералдың атауы да эпсомит.

Сұрақ:«Ащы немесе ағылшын  тұзын» алғаш рет Эпсом минералды көзінен ағылшын ғалымы Неемиас Грю бөліп алды. Бұл тұздың құрамы және қайда қолданылады?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дұрыс жауап: ағылшын тұзы бау-бақша өсіруде  тыңайтқыш   болып табылады. Топырақта магний жетіспеушілігінен қызанақ пен бұрыштың жапырағы сарғаюы, раушан гүлі нашар гүлдеуі  немесе жап –жасыл газон  шөбі қоңырқай тартуы мүмкін.

  1.  
  •  

Сұрақтар

  •  
  1.  

Ағылшын тұзы денені тітіркендірмейді, керісінше магний иондарының тері рецепторларына анестетикалық әсері бары анықталған.

  •  
  1.  

Бұл тұз – магний  гексагидросульфиді ромб тәрізді түссіз кристал.

  •  
  1.  

Бұл тұзды тағамға пайдаланады

  •  

                                                                                                                             

Дұрыс жауап:

  1. Иа
  2. Жоқ
  3. Жоқ

 

  1. Ағылшын тұзы медицинада дәрі-дәрмек ретінде қай ауруға қолданылады?

А) қан қысымы көтерілгенде

В) бас ауырғанда

С) буын ауырғанда

Дұрыс жауап: А

Ашыған сүт өнімдерінің артықшылығы

  1. Сүттен ашытылған диеталық өнімдер түрлі сүт қышқылды микроорганизмдер арқылы белгілі бір режиммен ашытылған сүттен өндіріледі. Олардың көпшілігі ежелден өндіріліп келеді. Өйткені, әрбір халықтың өздерінің «құпиялары» болған, бұл «құпиялар» халықтың быытыраңқы болуына  байланысты ұзақ уақыт сақталып келеді және бұл өнімдер ұлттық тағамға айналды. Олардың сүт және ұйытқы құрамының, дайындау тәсілдерінің т.б. ерекшеліктері болады. Сүттен ашытылатын ұлттық өнімдердің ішінде жақсы белгілілері: орыста – варенец, украйндықтарда – ряженка,қазақтарда – айран, қымыз, қымыран, т.б. Сүттен ашытылатын диаталық өнімдердің көптеген жаңа түрлерінің технологиясы мен рецептурасы ғылыми зерттеу институттары мен мекемелерінің зертханаларында жасалады.

 

Сұрақ: Бізге дәрігерлер сүттен гөрі, сүттің ашыған түрлерін – айран, йогурт сияқты сүт өнімдерін емдік мақсатта қабылдауда жиі ұсынады. Бұның химиялық сыры неде?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дұрыс жауап: сүттен ашытылған өнімдер ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартып, тағамның қорытылуын арттырады. Сүттен ашытылатын барлық өнімдердің міндетті түрде құрамдас  бөлігі болып табылатын сүт қышқылы ішекке жақсы әсер етеді, өйткені ол ішектегі ортаның реакциясын өзгертеді және онда пайдалы микрофлораның өсіп-жетілуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге ол тәбет ашып, ас қорыту сөлінің бөлінуін күшейтеді.

  1.  
  •  

Сұрақтар

  •  
  1.  

Сүттен ашытылатын диеталық өнімдер түрлі сүт қышқылды микроорганизмдер арқылы белгілі бір режиммен ашытылған сүттен өндіріледі

  •  
  1.  

Сүтқышқылды ашу процесінде  сүт құрамындағы қанттар сүтқышқылды бактериялардың әсерінен алдымен сүт қышқылына, сосын барып пирожүзім қышқылына айналады

  •  
  1.  

Тұрмыста тұтынатын сүттің  ашыған сүт өнімдерінің  құрамы да, ондағы қасиеттері де бірдей.

  •  

Дұрыс жауап:

  1. Иа
  2. Жоқ
  3. Жоқ

 

  1. Сүтқышқылды ашу процесінде сүт құрамындағы қанттар (глюкоза) сүтқышқылды бактериялардың әсерінен қандай процес жүреді?

А) алдымен тұз қышқылы, сосын барып сүт қышқылына айналады.

В)бірден сүт қышқылына айналады.

С)алдымен пирожүзім қышқылына, соын барып сүт қышықылына  айналады.

Дұрыс жауап: С

«Шыны  сабыны»

  1. Ертеден белгілі  шыны және қыш бұйымдарды қызыл күлгінге бояу үшін және жасыл, сары  түсті шыныларды түссіздендіру үшін қара түсті кен – пиролюзти қасиетіне байланысты «қара магнезия» немесе «шыны сабыны» қолданылады. Пиролюзит – қара қоңыр түсті жартылай металдық жылтыры бар суда ерімейтін минерал, марганецтің маңызды кені. 

Сұрақ: ерте кезден бұл минералды шыны жасашылар құрамында темір қосындылары бар жасыл шыныларды түссіздендіру үшін қолданатын. Сондықтан оны «шыны сабыны» деп атаған. Ал 1774 ж швед химигі К.Шееле, Т.Бергман және И.Ган бұл минералды көмірмен қыздыру арқылы марганец металын алды. Сонымен «Шыны сабыны» деген қай минерал?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ .

 

Дұрыс жауап: Пиролюзит – қара қоңыр түсті жартылай металдық жылтыры бар суда ерімейтін минерал, марганецтің маңызды кені. Шыны жасау үшін құм, сода және әктас алынады. Егер құмдағы темір тотығы 0,1%-дан артса, шынының түсі жасылданады. Шыныны түссіздендіріп, оған мөлдір түс беру үшін 0,1-0,7%-дай церий тотығы, беріктігін арттыру үшін  аз мөлшерде алюминий тотығын тотығын қосады.Бұл Марганец (IV) оксиді.

  1.  
  •  

Сұрақтар

  •  
  1.  

Марганец (IV) оксиді арзан тотықтырғыш, жақсы катализатор, зертханада және өнеркәсіпте кең қолданады.

  •  
  1.  

Пиролюзит – мөлдір  түсті жартылай металдық жылтыры бар суда еритін  минерал, марганецтің маңызды кені.

  •  
  1.  

Шыныны түссіздендіріп, оған мөлдір түс беру үшін 0,1-0,7%-дай  калий тотығын қосады

  •  

 

Дұрыс жауап:

  1. Иа
  2. Жоқ
  3. Жоқ

 

  1. 1774 ж шведтің қандай  химиктері бұл минералды көмірмен қыздыру арқылы марганец металын алды.

 

                  А) Гельмонт Ян Баптист

                  В)К.Шееле, Т.Бергман және И.Ган

                  С) Христофор Колумб

Дұрыс жауап: В

Тастан жасалған қамыр

  1. Б.э.д ІІІ мың жылдық шамасында құрылыста байланыстырғыш материал ретінде  балшық орнына гипс қолданыла бастады. Осы мақсатта оны әктен бұрын қолдана бастаған. Ежелде египеттіктер тастан қаланған пирамиданың аарасын (жігін) гипспен бітірген.  Жартылай сулы ұсақталған гипсті сумен араластырса дигидрат  түзіліп, масса қатты денеге айналады.

Сұрақ: Сылақшының оқушысы гипс сумен қосылғанда біраз уақыттан кейін тасқа айналады дегенді естиді. Сөйтіп ол табиғи гипс ұнтағы кльций дигидрасульфатын сумен араластығанымен  де ешқандай өзгеріс байқалмайды. Оған достары тек алебастр (күйдірілген немесе қуырылған) қана қатты деп түсіндіреді. Бұл қалай жүзеге асады?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дұрыс жауап:Гипс тасын шамамен 170°С дейін қызыдырса судың бір бөлігін жоғалтып, алебастрға (жартылай сулы гипс) айналады. Жартылай сулы ұсақталған гипсті сумен араластырғанда дигидрат түзіліп, масса қатты денеге айналады.

  1.  
  •  

Сұрақтар

  •  
  1.  

Гипстің формуласы 

  •  
  1.  

Құрылыстық гипсті табиғи минерал гипс тасынан және калций карбонатынан алады.

  •  
  1.  

Гипстің жартылай мөлдір түр өзгерісі – алебастр деп аталады.

  •  

 

Дұрыс жауап:

  1. Иа
  2. Жоқ
  3. Иа

 

  1. Табиғи гипстің құрамы қандай заттардан  тұрады?

А) құм, әктас, колчедан;

В) құм, су, кальций

С) әктас, құм, тұз

Дұрыс жауап: А


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Галогендер. Хлор
Фосфор және оның қосылыстары.
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Көміртектің қосылыстары
Алюминий
Крахмал. Целлюлоза
Оттегі -тіршілік көзі
Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Оттек. Оксидтер. Жану
Кальций және оның қосылыстары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 8464 | Қосты: Суттикожанова Сандугаш | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык