Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Айгөлек» бағдарламасы


«Айгөлек» бағдарламасы

«Айгөлек» бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы:  «Айгөлек» бағдарламасы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қатысымдық тілдесімге үйрету.

  1. Білімділік: Оқушыларға Айгөлек бағдарламасы жайлы түсінік беру, алған білімдерін бағалау.
  2. Тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетіне сүйіспеншілікпен қарауға баулу, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, ұқыптылыққа баулу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың дұрыс сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық жабдықтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап әдісі, интерактивті әдіс, түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі

Пайдаланылған технологиялар: модульдік технология, ойын технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру:

-Балалар, бүгін біз жаңа тақырыпты меңгереміз, грамматикалық тақырып бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындаймыз, лексикалық тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Лексикалық минут:
  • Бүгін қай күн?
  • Жылдың қай мезгілі?
  • Күздің қай айы?
  • Біз қай республикада тұрамыз?
  • Қазақстанның елордасы қай қала?
  • Қазақстанның астанасы қай қала?
  • Сен қай ауданда тұрасың?
  • Сен қай облыста тұрасың?
  • Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала?
  • Сен қай көшеде тұрасың?

«Ой қозғау»

  1. «Айгөлек» бағдарламасы туралы не білесің?
  2. Егер сендер төрешілер болсаңдар, әнші-биші балалардың өнерін өзің қалай бағалар едің?

Тірек сөздер:

Таңдалып алынған

Танымал

Күтпеген

Сықақ

Қойылымдық

Мәртебесі

Үйлесімділігі

 

Тапсырма:  Сөздерді дұрыс оқыңдар. Сөз тіркестерін құраңдар. Мәтіннен тауып оқыңдар.

«Айгөлек» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер және әлеуметтік мәртебесі, кәсібі мен жас мөлшері әр түрлі адамдар «Қазақстан» телеарнасындағы әр жексенбісін қызықты және еркін өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Концертті жүргізудің түрлі формаларының үйлесімділігі нәтижесінде, бағдарлама кез – келген көрерменге жақын, тамаша әндерге және эпизодтық, классикалық және халықтық билерге толы болады. Көрермендер ықыласына ие болу үшін бағдарламаның мүмкіндіктері зор.

Бұл – музыкалық нөмірлерді материалға сәйкес қойылымдық элеметтермен байыту, әдемі және сапалы көріністерді пайдалану, жүргізушілердің ерекшеліктері, сықық пен күлкі, балалармен ойындар жүргізу, бағдарламаға күтпеген өзіндік ерекшеліктер  енгізу, қазіргі заманғы және уақыт талабымен тексерілген танымал хиттерді беру және т.б.

Әр бағдарлама белгілі бір тақырыпқа арналған, мысалы: «Отан», «Отбасы». Таңдалып алынған тақырып музыкалық материал мен сценарийлік жүргізілу барысын айқындайды. Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.

 

Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мұқият тыңдаңдар.
  2. Мәтінді түсініп оқыңдар.
  3. Мәтінге жоспар құрыңдар.

Жазылым.  Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңдар.

Тілдесім.  Өздеріңді бағдарламаға қатысушы ретінде жүргізуші мен әнші арасындағы сұхбат құраңдар.

  • Сәлеметсіз бе, Антон. Сіз «Айгөлек» сайысына қандай ән дайындап келдіңіз?
  • Сәлеметсіз бе, мен бүгінгі сайысқа Абайжың «Желсіз түнде жарық ай» әнін дайындап келдім.
  • Сен әнді неше жасыңнан бастап айта бастадың?
  • Мен .............

Грамматика.

Етіс

Түрлері

Жұрнақтары

Мысалдар

  1. Өздік (возвратный)

Ын, ін, н

Киінді, таранды

  1. Ырықсыз (страдательный)

Ыл, іл, л; ын, ін, н

Киінді, таралды, жуылды

  1. Ортақ (совместный)

Ыс, іс, с

Сөйлесті, ойласты

  1. Өзгелік (побудительный)

Дыр, дір, тыр, тір, ғыз, гіз, қыз, кіз

Жуғызды, жаздырды, айтқызды

 

1 жаттығу. Мәтіннен етіс жұрнағы бар сөздерді көшіріп жазыңдар.

2 жаттығу. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңдар.

Әр бағдарлама белгілі бір тақырыпқа арналған, мысалы: «Отан», «Отбасы». Таңдалып алынған тақырып музыкалық материал мен сценарийлік жүргізілу барысын айқындайды. Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.

3 жаттығу. Кластерді толтырыңдар.

4 жаттығу. Кестені толтырыңдар.

Түрлері

Мысалдар

  1. Өздік (возвратный)

 

  1. Ырықсыз (страдательный)

 

  1. Ортақ (совместный)

 

  1. Өзгелік (побудительный)

 

 

І. «Футбол» ойыны. Бұл ойында мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, екі командаға кезек-кезек сұрақ қояды.

1. сөйлем мүшелері дегеніміз не?

2. бастауыш дегеніміз не?

3. толықтауыш дегеніміз не?

4. анықтауыш дегеніміз не?

5. пысықтауыш дегеніміз не?

6. жақты сөйлем дегеніміз не?

7. жақсыз сөйлем дегеніміз не?

8. толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не?

9. жалаң және жайылма сөйлем дегенііз не?

10. баяндауыш дегеніміз не?

Ән айтып үйренейік. Әнді тыңдап, мағынасын түсініп алыңдар.Начало формы

Конец формы

Айгөлек


Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

Тапсырма. Әнді жаттап алыңдар.

  • Сендердің барлықтарыңның алдарында бағалау парағы мен конверт жатыр. Бағалау парағына әрбір тапсырмадан соң өздерің баға қоясыңдар. Соңынан қорытынды бағаны шығарасыңдар.

Қорытынды.

  • Сонымен, балалар, бүгін сабақта не істедік? Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма?

 

Бүгінгі сабақтағы қорытынды бағаларыңды журналға қоялық. Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Рахмет, сау болыңдар, балалар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айгөлек байқауы өтті
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Ұлылар елі. Сөйлем мүшелерін қайталау
Пысықтауыш
Жақсыз сөйлем
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Бастауыш
25-сабақ. Мейірімділік асыл қасиет
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3503 | Қосты: Ибраева Асем Темирхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык