Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мектеп №41 ОМ Мерзiмі: 3.03.2015 №25
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: қайырымдылық,адамгершілік,мейірімділік,кішіпейілдік.
Мұғалім: Жанаева Нұргүл Класс –3 «а,б» Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу; Оқулық,дәптер,
Үнтаспалар,слайд.
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Салемдесу. 5 Т.
Тыныштық сәті.(4 мин) Су патшалығына саяхат
2. Үй тапсырмасын тексеру:
«Сары тауық пен балапандары»
Сұрақ қою
-Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
-«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
-Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
3.Дәйексөз.
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Халық даналығы
2 рет ұлдар, 2 рет қыздар, барлығы хормен бір рет қайталайды.
-Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.
4.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
«Жақсылық пен Жамандық».
Мысал ертегі.
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара. Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.
- Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі. Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап: «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»
- Ненің таңбасы, ата?
- Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.
Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді. Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:
- Қайсысы дейсің, балам?.. Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.
5. Сергіту сәті
Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/
Жылы - жылы жүзбенен
Маңдайыннан сипайын /сипау/
Жылы - жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын /құшақтасу/
6.Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма:
Суреттерге қараңдар.
-Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
-Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
- Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
Дәптермен жұмыс
1-Тапсырма
Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар
2-Тапсырма
«Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар
3-Тапсырма
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.
Қортындылау
Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік.
7.Топпен ән айту.
«Айгөлек»
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде 3 рет
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде 3 рет
Би билеймін дөңгелеп.
8.Үйге тапсырма.
«Жан Ана» оқып келу.
9.Тыныштық сәті.
Мұғалім: Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...бүгінгі сабақтан түйгендерімізді жүрекке сақтап алайық.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6048 |
|
|
|
25-сабақ. Мейірімділік асыл қасиет

Автор Жанаева Нұргүл Өтегенқызы
Ақтөбе қаласы №41 жалпы білім беретін орта мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |