|
|
Ұлы Отан соғысының ардагері
Республикада жасақталған әскери құрамалар Ұлы Отан соғысының басты майдандарында болып, жеңіс жолында аянбай жаумен шайқасты. Солардың бірі болып Мурзагалиев Барадос атай еді. Ол 1919 жылы Батыс Қазақстан обылысы Тасқала ауданында Семиглавый Мар ауылында дүниеге келген. Отбасы көп балалы болған . Ата-аналарынан ерте жетім қалған. .Әжесінің тәрбиесінде кішкене тентектеу болған, әжесі қайтыс болғасын балаларды балалар үйіне жастарына қарай тапсырылған, сол кезде бауырларынан айырылған. Сосын 16 жасынан еңбекке араласып, ФЗО-ға барған. 1937 жылы 18 жасында Отан қорғау борышын өтеуге аттанады. Содан 1939 жылы елге қайтамын деп жүргенде Кеңес- Фин соғысы басталып сол соғысқа қатысқан. 1941 жылы 26 маусымда артиллерияның 595 гвардиялық құрама полкінде болып, соғыс басталған күннен кейін 5 –інші күні соғысқа кірген. 1942 жылдың шілде айында сол көзінен жарақат алып бір көзінен айырылған , содан кейін жарақатына байланысты соғыстан босатамыз дегеніне көнбей қайтадан соғысқа сұранған, ауылға келместен соғысқа қайтадан қатысқан. 1942 жылы атайға Қызыл орденмен марапатталған. Ол соғыста барлаушы болған. Украйна жерінің картасын жатқа білген қай жерде қай ауыл екенін соғыстан кейінде айтып жүрген. Ол дерек қалай қалғаны туралы мынадай естелік бар. Атай соғыстан кейін Вавилин ауылында тұрған сол ауылда геолог қызметін атқарған Қиясова Гуля деген болған сол геолог жұмысты Украйнада істеген кейін денсаулығына байланысты жұмыстан қалған Ол да осы ауылда тұрған екен. Екеуі әңгіме айтады екен сол кезде Барадос атайдың Украйнаның барлық ауылын картаға қарамай жатқа айтқанына өте таң қалатын көрінеді екен. Барадос атай өте зиялы адам болған деседі, киінгені жүріс-тұрысы адамдармен қарым –қатынасы және немістілі мен француз тілінде еркін сөйлеген. Ол туралы оның жалғыз қызы Света апай былай «Менің достарымның бірі Алматы қаласында шет тілінде бес жыл оқығандары бар үйге қонаққа келетін сонда мен оларға әкем французша білем дейді сөйлесіп көрші десем сөйлескенде өте таң қалды. Біздер бес жылда тілімізді бұрап кейбір сөздерді айтуға қиналамыз сенің әкең қайда оқыған еш қиналмай сөйлеп отыр» деді. Соғыста қандай қызмет атқарғаны туралы өзі айытпаған тек соғыстан кейінгі жылдары қайта-қайта әскери адамдар алып кетіп қайтадан әкеліп тастаған туралы деректерді әйелі мен балалары айтады. Неліктен алып кетті? деп сұраған кісілерге мынадай жауап қатады екен: «Менің фамилиямен ұқсас Мурзагалиев деген аудармашы болған солмен шатастырып алып кеткен ғой». Енді аудармашы шатастырмаған сияқты себебі Ол кісі жоғарыда айтып кеткендей неміс тілі мен француз тілінде өте жақсы сөйлеген және соғыс болған жерлерді өте жақсы картасыз-ақ біледі екен соған қарап әрі барлаушы, әрі аудармашы болған шығар деп ойлаймын. Соғыстағы әскери билеті жоқ екен, басқа құжаттарының барлығы бар неліктен әскери билетін бермеген екен сол билетте қандай қызмет етілгені жазулы тұрады ғой. Сол кезде барлығы құпия болды емеспе. Аудан мұрағатында ешқандай дерек жоқ. Берлин қаласында шайқасқа қатысып, Германияны азат еткені үшін медальмен 1945 жылы марапатталған, осы жазу әскери міндеттен босатылғаны туралы куәлікте жазылған және тағы да мынадай жазулар «21 тамыз 1944 жылдан 18 наурыз 1946 жылға дейін 3320 арнайы тексеру пунктінде болған» бар, аман есен елге тек 1946 жылы оралғаны туралы көз көргендерде айтады. Ауылға Отан соғысының батыры Шамов Михайльмен бірге 1946 жылдың желтоқсан айында осы Семиглавый Мар станциясынан түскен екен. Содан соң еңбекке араласып барлық адамдар сияқты жұмыс істеген. Ол кісі соғыс ардагерімін деп ешқашан мақтанбаған, қарапайым балған, тек сәл тентектеу мінезі қалмаған.Ауылға келгеннен кейін үйленген бір бала бір қыздары болған. Балаларының анасы ауырып 1954 жылы әйелі қайтыс болған. Екі баламен жетім қалған сондада мойымай екі баласына ана болар анаға үйленген . Ол Жұпар апай еді , балаларды өз баласынан кем көрсетпей өсіріп жетілдірді. Бір бала мен екі қызды қатарынан кем қалдырмай өсіріп тәрбиелеп отырды. Сол апайдан жалғыз қызы ауылда әкесінің қара шаңырағында отыр. Жалғыз ұлын аяқтандырып екі қызын құтты орынға қондырып бақытты ата-ана аттанды. Колхозда қой баққан. Содан соң басқа да жұмыстар істеген. Ұлы Отан соғысының 20 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 7 шілде 1965 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 50 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 25 жылдығына орай 1970 жылы мерей той мебальмен марапатталды. « Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін » КСРО-ның қорғаныс министрі Кеңес Одағының Маршалы А.Гречко. Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 25 сәуір 1975 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 12 сәуір 1985 жылы мерей той мебальмен марапатталды . Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. 28 қаңтар 1988 жыл. Еңбектегі ерлігі үшін 29 қазан 1981 жылы марапаталған. 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікке шықсада шаруасыын дөңгелетіп 30 шақты қой мен 4 бас сиыр ұстап баққан. Атай 1996 жылы 77 жасында 7 қарашада дүниеден өткен. Қасиетті де киелі адам болған екен, барлық сан 7 киелі санда болған.
Қорытынды.
Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды. Көптеген қазақстандық жауынгерлер жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске араласты. Соғыс жылдары 3,5 мың қазақстандық партизан отрядтарында болды. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96.638 қазақ жауынгері бар. 11.695 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, осылардың 497-сі қазақстандық, бұлардың жүзге жуығы қазақтар, 110 қазақстандық «Даңқ» орденінің үш дәрежесіне де ие болды. Бұрын айтылып, жазылып жүрген, тіпті ғылыми еңбектер мен үкімет адамдарының ресми баяндамаларында 500-дей адам деп көрсетіліп жүрді. Қазір олардың саны 106 батыр деп жазылды. Бұлар соғыстағы ерліктері үшін ештен-кеш жақсы дегендей, әділеттік салтанат құрып, «Алтын Жұлдызын» алған адамдар.
Ұлы Жеңістің мерейтойына байланысты Кеңес Одағы Батырларының санын миллион адамға шағып, ғылыми талдау жасаған едік. Миллион адамға шаққанда Батырлар саны қазақта 35 адам болды, ал түркменде – 20, қырғызстанда – 18, өзбекте – 16, тәжіктерде – 14 адам. Бір ғажабы Сталиндік өктемдіктен өткен, ендігі жерде «біздің қазақтардың соғыста көрсеткен ерліктері өз дәрежесінде бағалана алды ма» деген сұрақ туады. Меніңше, жеткілікті бағаланған жоқ. Пікірімізді нақты фактілермен дәйектейік.
Бірінші дерек – 1941 жылы Панфиловтың тірі кезінде Бауыржан Момышұлы Ленин орденімен марапаттауға ұсынылған, ал, генерал И. Серебряков 1942 жылы жаңа жыл қарсаңында оған «Кеңестер Одағының Батыры» атағын беруді ұсынған болатын-ды. Өкінішке қарай, бұл екі награда да Баукеңе бұйырмады. Себебі, жоғарғы әскери басшылар Баукеңнің өздерінен бұрын әскери романға бас кейіпкер болғанына «риза» болып жүрген. Демек, «қайдағы жоқ киргиз» біздерден бұрын әскери-тарихи романға кіріп кетті деген көпе-көрнеу көре алмастықтан жолы кесілді. Осы себепті Александр Бекке де Сталиндік сыйлықты бергізбей қойды. Баукеңді дивизия командирлігіне тағайындау кезінде оны Жуков: «Мен полковникті соғыстың қаһарманы екен десем, кітаптың қаһарманы екен ғой», – деп кекетеді. Баукең сөзден ұтылсын ба, оның бет-жүзіне қарамай, бірауыз сөзбен «Нокаутқа» түсіреді. Жуков өзінің ойланбай сөйлегені үшін, Баукеңнен кешірім сұраған екен.
Екінші дерек – Рейхстагқа жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтар да атақсыз қалып қойды. Бұларды 150-ші дивизия командирі Шатилов құшақтап сүйіп, қуанышын жоғары жақтағы командирге баяндайды. Олар болса, екінші рет Жеңіс туын қайта тіркеуге бұйрық беріп, біреуі – орыс Егоров, бір грузин Кантария дегендерді жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктіреді. Бұл – 1 мамыр күні еді. Ал, Қошқарбаевтар 30 көкек күні түстен кейін тіккен болатын. Ұлы Жеңістің 36 жылдығы қарсаңында қазақстандықтар үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжан осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің мемлекеттік мұражайының қорына табыстады.
Біздің Барадос атамыз соғысқа бастан аяқ қатысып өз дәрежесіне лайық орын ала алмай отыр, ол кісінің облыстық немесе республикалық дәрежеде зерттеліп тарихтан өзіне лайықты орын алса деп едік.
Жеңіспен аяқталған осы соғыстың тура және жанама шығындары сан рет өліп, сан рет тірілген қазақ халқы үшін 30 жылға (1916 –1945) созылған қасіреттің ойранымен де тікелей ұштасып жатыр. Соғыс басталар алдында КСРО бойынша қазақ халқының саны 3 млн. 250 мыңға жетіп, апатты оқиғалардан кейін қайта толығып келе жатқан болатын. Демографиялық деректерге қарағанда, тікелей майданға 500 мың қазақ азаматы атанған. Соның 350 мыңы, яғни 70 пайызы соғыста қазаға ұшыраған. Сонымен қатар елге қайтпағанмен, соғыста қолға түсіп тірі қалғандары да жоқ емес. Соңғы кезеңде ғана белгілі болып отырған бір шындық бойынша – 5,3 миллионға жуық солдат жау қолына түскен болса, соның кемінде 75 мыңы қазақ азаматтары болған. Олардың бірқатары аман-есен елге оралған. Осы жерде бізді сорлатқан тағы бір шындық, сол елім-жерім деп келген азаматтың көбісін «сатқын» деген жаламен түрмеге жауып тастаған кезеңдерді де бастан кешкен халықпыз. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ сияқты халықтың өзінен ғана 300-350 мың азамат қазаға ұшыраған. Бұл жеңістен кейін дүниені жаңа бөліске салған АҚШ сияқты ұлы державаның екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығынынан (191 мың) бір жарым-екі есе дерлік көп шығын десе де болады..
Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жеңісі. «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», Отан үшін отқа түскен өршілдік пен елшілдіктің өшпес айғағы. Аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы. Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де, соғыс табы әлі де толық жойыла қойған жоқ. Қайта сол соғыстағы Ұлы Жеңістің айбыны алмастай жарқырап, арта түсті. Ол да болса бейбіт заман, берекелі тірліктің жемісі. Қазақ Қазақ болғалы қаншама сұрапылды, зар заман зұлматты көрді. Осынау сайын даланы қорғап қалған бабалаларымыз да, сол даланың сай-төбелеріндегі сан мыңдаған мазарлар да жанкешті шайқастардың, жарқын жеңістердің куәсі. Дана Халқымыздың даңқты шежіресі, еліміздің тағлымды тарихы.
«Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. 2000 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке қарағанда, майдангерлердің қатарында 75 мыңнан астам адам бар еді. 2005 жылғы 9 мамыр қарсаңындағы мәліметте олар 35 мың 300-ге түскендігі көрсетілген. Ал 2009 жылдың 1 қаңтарындағы цифр бойынша біздің республикамыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерден 12 мың 879 адам қалған.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында біздің осы адал ниетіміз, жақсы тілегіміз соғыс ардагерлеріне арнаған құттықтауымыз болсын! Ал, бұл күнге жете алмай, көз жұмған ардагер батырларымыздың, боздақтарымыздың аруақтары осы тілегімізді қабыл алсын! Сонымен бірге, жас ұрпаққа ардагерлеріміздің ерлігі үлгі-өнеге, өсиет болғай!
Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз.Соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз
Олар кімдер? Олар да ет пен сүйектен жаралған қарапайым адамдар. Олар алдарына үлкен мақсат қойып, бейбіт өмірді бастан кешті. Жалындаған жастық кезеңін кенеттен от шарпыды. Амалсыздан қолына суық қару алып, ел-жұртын фашизмнің қанды шеңгелінен қорғауға аттанды.Соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп,қанқұйлы жауды ойсырыта жеңді. Олардың әрқайсысы батыр деп аталуға лайық.
Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |