Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті


Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті

Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті

Тақырыбы:

 Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға арифметикалық амалдардың орындалу ретін түсіндіру, алған білімдерін тереңдету

 

Дамыту-шылық:

   Алған білімдерін есептер шығаруда жаңа білімді бекітуде қолдана білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, дамыту

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз бетінше  еңбектенуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:

  Интер.тақта, Power paint оқулық, кестелер, суреттер,  бор, стикерлер, плакат, маркер

Қолданылатын модульдер:

СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс

 Қолданылған әдіс-тәсілдер:

  Диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

7 мин

 «Бір – бірімізге жылу сыйлайық» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттыру, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру  үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы(  оқушылардың көңіл-күйлерін анықтап, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткіземін)

Топқа бөлу. (Сыныптағы оқушыларды  бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы сандар арқылы үш топқа бөлемін.)

І.Қызығушылы-ғын ояту 5 мин

Үй тапсырмасын тексеру үшін,«Өткенге шолу» бойынша  әр топ сағат тілімен айтып шығады. Әр топтың  өздеріне тиесілісін айтып болғаннан кейін, екінші топ бірінші топтың тапсырмаларын орындалуын  бағалайды .

Бұл тәсілдің нәтижесінде оқушылардың өткен материялдарға дайын екендігін көрсетеді.

Сабақ арасында кері байланыс жүргізу. Оны мен «Бағдаршам» жаттығуы арқылы жүргіземін. Оқушыларға алдын ала әр топтың алдына қызыл,сары, жасыл түстегі парақшаларды таратып қоямын. Осылар арқылы оқушылар өздерінің түсінбегендігін  немесе қарсы екендігін білдіріп, бағалайды.

ІІ.Мағынаны тану

7 мин

1.«Көрнекілік»  жаттығуы бойынша оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлап, берілген плакатқа сүйене отырып, жаңа  сабақты таныстыру.

2. «Амалдарды таба білейік» жаттығуы арқылы қалып қойған амалдардың таңбаларын атау.

3. «Кім жылдам?» жаттығуы арқылы әр топ амалдардың орындалу ретін сақтай отырып, есептейді.

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

7 мин

 Топтық жұмыс жүргізу. «Есеп шығарайық» жаттығуын жүргізу. Әр топтан 1 оқушы есепті оқиды, 2 оқушы шартын айтады, 3оқушы шешуін айтады,4 оқушы жауабын айтып, берілген тапсырманы қорғайды.
1 - топ: №9 есеп  

2 - топ: №10 (1) есеп  

3 - топ: №10 (2) есеп
 

ІV. Сергіту сәті

 3 мин

 

«Сандар әлемі» жаттығуы

Шарты: оқушыларға алдын ала таратылған сандарға сүйене отырып, кестені ауызша есептеу.

V.Ой қозғау

10 мин

 «Қорғай білейік» жаттығуы. Әр топ топтасып,

Плакатқа берілген теңдіктерді жазып, теңдік тура болатындай етіп, жақшалар қояды. Топ өзара келісіп, бір оқушы  қорғайды.

Жұптық жұмыс. «Сен мені, мен сені» жаттығуын орындау барысында  оқушылар  қалдықпен бөлуді орындап, тексеріп бағалайды.( Өзара бағалау.) 

Тест тапсырмасымен жұмыс. (қай амал бірінші орындалатынын көрсету)

VІ.   Өзін-өзі бағалау 2 мин

Оқушылар өз аттары жазылған плакатта өзін- өзі  бағалайды.

Балалардан өзін неге 4-ке, неге 5-ке бағалағандығын сұрау.

VІІ. Кері  байланыс

3 мин

Сабаққа байланысты не ұнады? не ұнамады? деген сұрақтар арқылы кері байланыс алу.

VІІІ. Үйге  тапсырма

1 мин

92 бет, № 5,6 тапсырмалар

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау
Көктем сәні
Екі амалдан тұратын есептер.
Өткенді қайталау
Математика әлемі
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Эксперимент жаттығуы
Рационал сандарды бөлу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2961 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык