Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

 

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Мұғалімнің портфолиосы:

Мұғалімнің тегі, аты, жөні:  Кабдылуахитова  Гульмира Ермековна

Жұмыс орны:  СҚО, Уәлиханов ауданы, Мортық орта мектебі

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Санаты: екінші

Еңбек өтілі: жалпы-20жыл, пән бойынша-2 жыл.

Ұлы тұлға А.Байтұрсынұлы: «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек»-деп айтып кеткен. Бүгінгі күні мемлекетіміздің мектептеріөзгерістер мен реформалар алдында тұр. Сонымен бірге 12 жылдық білім беу үдерісіне көшу, білім беруді әлемдік стандартқа жақындату секілді маңызды мәселелер тұр. Осы өзгерістер қоғам қажеттілігінен туындап тұр деп айтуға болады. Мектептерге педагогикалық технологияларды меңгерген, кәсіби шеберлігі дамыған, жеке тұлғамен жұмыс істей алатын мұғалімдер қажет. Осы мұғалімдер алдында тұрған мәселе-білім бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру. Ал ол өз кезеңінде оқытудың түрлері, формалары, тәсілдерін түрлендіру арқылы іске асады. Кез келген сабақта оқушыны ізденуге, қызықтыра білуге баулу-мұғалімнің алдағы мақсаты.

Курсты өтпес бұрын мен сабақты дәстүрлі түрде өткізіп келдім.Кейде оқушыларды қызықтыру үшін жаңа технологиялар элементтерін қолданып жүрдім. Алайда олардың өздерінің оқуына мүмкіндік беруге,  сабақты өмірмен байланыстыра үйретейін деген ой менде туындамады. Мектепке тәжірибе өткізуге келгенде, алдымен сабағыма қандай өзгерістер енгіземін, ол қай тәсіл арқылы іске асады деген сұрақтарға жауап беруде ізденісте болдым. Әуелі оқушыларыммен қарым-қатынасымды нығайтуды ойластырдым.Осы 4 апта ішінде баланың ойын оятып, түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен материалды өз бетімен меңгеруге жетеледім және білім алудың тиімді жолдарын іздестірдім. Бағдарламаның 7 модулін бір-бірімен ықпалдастырып, орта мерзімді жоспарды құрастырдым. Мен сабақ мақсатын баланың өзінен шығатындай етіп жүйеледім. Оқушының деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізуде сабақ жоспарын «Блум таксономиясы» оқыту технологиясы негізінде құрып көрдім.Сабақ құрылымына  модульдердің қай әдіс, қандай тапсырмалар арқылы беретінімді ескердім. Тізбектелген сабақтар топтамасының көздейтін мақсаты тек жаңа материалды ұғынуға ғана емес, алған білімді өмірде қолдана алатын, танымдық қабілеті бар тұлға қалыптастыру еді.Сабағыма елеулі өзгерістер кіретіндей етіп қысқа мерзімді жоспар жасадым. Сабақ басталар алдында мен оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулінің бихевиористикалық әдісін ескердім. Бихевиористикалық тәсіл бойынша мен балаларды істеген іс-әрекеттері үшін ынталандыру мақсатында үнемі оларды көтермелеп отыруым керек.Баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті танымдық тәсіл арқылы іске асады.Оқытудағы гуманистік тәсіл деп адамға керекті қажеттіліктер пирамидасынан  құрылса, оқытудағы әлеуметтік-жағдайаттық тәсіл  адамның мінез-құлқын бақылау, психологиялық тұрғыдан қарау және назар аудару деп түсіндім.Сыныпта оқушының оқуына жайлы жағдай жасап, өз ойын ортаға салғанда өздерін қысылмай еркін ұстауға үйренді.Дәстүрлі сабақта қате жауапқа «дұрыс емес», «неге дайындалмайсың?» деген сөздерді жиі айтатынмын. Өзгергенім: «жарайсың!», «жақсы, бірақ толықтыру керек» деген қолдаулар айтып, ынталандырып отырдым. Алдағы уақытта оқушылармен демократиялық қарым-қатынас ұстануды тәуір көремін.

Оқыту үдерісі топтық жұмыс арқылы іске асты. Сыныбымда он алты оқушы болды. Олар үш топқа бөлінді.  Топта төраға, бақылаушы, тайм-кипер, баяндамашы, хатшы рөлдері бөлініп, міндеттерін түсіндіріп отырдым. Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер модулі топтық жұмыс  әдісі арқылы жүзеге асты.Топтық жұмыста оқушылардиалогқа түсті,достарының ойын тыңдап, қиындықты бірге шешуге,ынтымақты қарым-қатынас қалыптастыруға үйренді.Оқушыларды топқа «шашылған әріптер», мозайка, айлар атымен, карточкадағы сандар, анаграмма т.б. түрінде олар тез, әрі созылмай, тәртіппен бөлінуге үйренді.Топқа не үшін бөлу керек? Топтық жұмыс барысында оқушылар жұмыс нәтижесін бір-бірінен кеңес сұрай отырып талдайды.Топтық жұмыстың мен үшін маңызды болғаны-оқушылар проблеманың шешу жолдарын іздестіреді, ақпараттарға сыни көзбен қарайды. Жұмыс барысында іс-әрекет бірлескен түрде өтті. Тапсырманы бірдей де, жеке де беріп жаттым. Топ мүшелерінің еңбектерін өздері де, басқалары да бағалап жатты.Жалпы топ жұмысын бағалау арқылы белсенділік танытты.Топтық жобаны жасау кезінде  тапсырманы проблемалық оқыту әдісі арқылы бердім.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің проблемалық оқыту әдісі пән мазмұнын баяндап , дайын білімді ұғынып үйренуге емес, олардың ой-өрісін, логикалық қабілетін дамытуға бағытталған.Сондықтан берілген тапсырманы өмірмен байланыстыруды, теорияны өмірдегі дүниемен ұштастырып дәлелдеп көруді ұсындым. Проблеманы шешуде оқушылар дайын жаттанды дүниені көшірмеді, ізденіп, зерттеу,бірлескен еңбек арқылы проблеманы шешуге талаптанды. Сөйтіп өз ойларын ортаға салып постермен қорғады.Байқағаным, А-деңгейлі баланың  шығармашылықпен айналысуға талпынысы пайда болды. Ол өз тобының ақылшысы, басқарушысы ретінде көзге түсе бастады.В-деңгейлі оқушы  білімді өздігінен табуды үйреніп жатыр, пікірін айтып, дәлелдей алатын болды. С-деңгейлі де топпен жұмыс істеу барысында  қызығушылығы артып, берілген тапсырмаларды орындай алды. Топтық жұмыста талантты жәнедарынды балалардың рөлі көрінді.Дарынды балалардың мәселену шешу және есте сақтау қабілеттерін ескере отырып, оларға күрделі тапсырмалар беріп отырдым. Дарындылығы бар балалар өз ісіне жауапкершілікпен қарап, басқаларға өзінің  білімімен бөлісіп,  ой ұшқырлығын танытып, шығармашылықәрекет етуде болды. Тапсырма орындауда қиналмады. Топтық, жұптық, жекелей әдісімен берілген жұмыста өзіндік пікірін еркін жеткізуге ұмтылды.Деңгейлік тапсырмаларды орындауда баланың шығармашылығы, ізденісі, мүмкіндігі көрінді. Дарынды оқушылар сабақ барысында берілген  деңгейлік тапсырмаларды толығымен орындауға ұмтылып,уақытты пайдалы жұмсауға үйренді.Қиындықты жеңуге үйреніп, жаңа ойлар айтты. Бірақ кейбір балалар  тапсырманы бұлжытпай орындаса да, өзінің пікірін жартылай  және қысылып айтты, ұялшақтық танытты. Осыларды ескере отырып, оқушының өзін-өзі реттеуді дамытуға назар аудардым.Сабақта балаларды қолдап, ынталандырып жүрдім.Ал болашақ жоспарымда олардың дарындылығымен қатар өзіне деген сенімділігін арттыруды жоспарладым. Әр сабақта тренингтер өткізуді басшылыққа алдым,себебі тренингтер  ұжым алдында жауапкершілікті сезінуге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі реттеу сезімін қалыптастыруға үйретеді.Ынтымақтастық атмофераны қалыптастыруға назар аудардым. Оқушыларды табыс өлшемдерін құруға  және өз жұмысын қорытындылауға үйреттім.

Жаңа тақырыпты талқылауда «Джиксо» әдісі балаларға ұнағаны көрінді.Алғашқы сабақтарда тақырыпты түсіндіруге әр топтан А-деңгейлі дарынды балалар барды, қалған балалар  тек тыңдаушы қызметін атқарып қалды.Джиксо әдісі балаларға бұрыннан таныс емес әдіс болғандықтан, балалар қызығушылық танып,баяндаушыны мұқият тыңдап отырды.Топтағылар сұрақ қойып, жаңа тақырыпты түсінгенін айтты. Дарынды балалар өз біліміне сенімді болған жағдайда көшбасшы рөлін де ойдағыдай атқара алатыны сабақта көрінді.Оқытудағы басқару жәнекөшбасшылык модулі топтық жұмыста орын алды. Топтық жұмыста өзінің идеясын нақты көрсете алған баланың көшбасшылығы сезіліп, ол  барлық жұмысты басқарды. Онымен келіспеген балалар да болды. Олар біраз бәсекелеске түсіп, бірақ ортақ мақсатқа жету жолында тіл табысып жұмыстарын бірге орындады.Бір топта бір емес, бірнеше  көшбасшысы бола бергені жаман емес деп ойлаймын.Себебі біз өмірге де әр баланы көшбасшылық ете алатындай дайындаумыз қажет.

Дәстүрлі оқытуда «мұғалім-оқушы», яғни мұғалімнің  рөлі басым болатын. Жаңа технологияда  «оқушы-мұғалім»  ұстанымы негізінде  сабақты ұйымдастыруға бағыттадым. Оқу үдерісінде білім алушыға өз  бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға мүмкіндік жасап, күтілетін нәтижеге жетуге талаптандырып отыруымыз керек. Іс-тәжірибе барысында балалар топпен жұмыс уақытында пікір алмасып, оны дәлелдеді, өз ойын жеткізеді, сұрыптады және талқылады, сыни көзбен қарады.Нәтижеге жету жолында шыңдалған ойлауға қадам жасады.Жаңа білім жайлы ақпарат жинап, бұрынғы біліммен ұштастырды. Әр жеке тұлғаның белгілі бір қорытынды шығарып,өз ойын еркін жеткізе алатын жағдайда сыни ойлау пайда болды.Сыни тұрғыдан ойлау  модулі сабақта түрлі әдістер арқылы жүзеге асты. Мәселен, постер қорғауда  талдау, зерттеу әдісі арқылы іске асты. Сабақта қамтылған деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сәйкестендір,  5жолды өлең, Венн диаграммасы, Инсерт кестесі т.б. стратегиялар  ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту әдістері арқылы  жұмыстар жүріп жатты.Осындай түрленген тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырса, мен осы тапсырмалар беруде олардың танымдық қабілеттерінің дамыттым.Жалпы менің сабағымда диалогтік оқыту сабаққа өзгеріс енгізді.Диалогтік оқыту модулі аясында  оқушылардың таным белсенділіктерін әрі қарай арттыру мақсатында   диалог құрудың маңызы зор деген ойдамын.Диалог мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында іске асады және сабақтың әр кезеңінде көрініс табады.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған [1,39].Диалогтік оқыту әдісі арқылы мен оқушының пікірімен санасып, оның өз ойын ашық түрде білдіруіне мүмкіндік беріп отырдым. Диалогтік оқыту әдісі жұптық жұмыста да, топтық жұмыста да көрінді.Топта бірлескен жұмыс арқылы бір-бірімен сұхбат құрып, бір-бірінен сұрап, білгендерін айтып, ортақ шешім шығаруға үйренді. Дәстүрлі сабақта оқушылардың барлық іс-әрекетін өзім бақылайтынмын. Ал осы сабақтарда оларға бір шешімге келуде, өзін, бір-бірін бағалауға мүмкіндік бердім.

  Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудың Мерсердің (2000) зертттеуі бойынша 3 түрі бар:

- Әңгіме-дебат

- Топтық әңгіме

- Зерттеушілік әңгіме

Қазақ тілі сабағында көбінесе топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгіме әдісі жүзеге асты. Ал диалог сұрақ-жауап әдісі арқылы өтіп жатты. Балаларға қойылатын сұрақтар төмен  және жоғары дәрежелі болатынын ескеріп, мынадай сұрақтар қойдым. Төмен дәрежелі сұрақтар сөз тіркесі деген не?сөз тіркесудің тәсілі нешеу? т.б. сұрақтарды жатқыздым.Осындай сұрақтар жаттанды жауапты талап етіп, оқушы ойын дамытпайды деп ойлаймын.Жоғары дәрежелі сұрақтар, мысалы:

üЕсімді сөз тіркестеріне қандай мысалдар келтіре аласың?

üҚиыса байланысқан сөздер арқылы өз ойыңды жеткізе аласың ба?

üҚалай ойлайсыңар, өздерің сөз тіркестерінің қай түрін көп қолданасыңдар?

üМатаса, қиыса байланысқан сөз тіркестері бар мақал-мәтелдер айт.

Осындай ойлантатын сұрақтар қойып, оқушының сындарлы ойлау қабілетін дамытуына назар аудардым. Жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы білім деңгейі анықталды. Жауап бере алмаған жағдайда балаларға басқаларды тыңдатқыздым.Уақыт өте келе дәстүрлі сабақтан айырмашылығы сезіле бастады.Балалар  қазақ тілі  сабағында өздерін жайлы сезінетін күйге жетті, ал мен осы уақыт ішінде бір  жаңа тақырыпты түсіндірген емеспін, тек бағыт-бағдар берушінің рөлін атқардым.Сыныптағы балалар өзгере бастады. Мәселен, А және В-деңгейлілер тақырып бойынша білімін басқалармен бөлісуге үйренді. Бұрынғы сабақтарда жақсы оқитындар басқаларды менсінбей, тек өз деңгейлі балалармен ғана қарым-қатынас жасайтын еді. Топтық жұмыстан кейін дарынды оқушы тұйық оқушымен диалогқа түсіп,сұрақ-жауап арқылы оның сөздік қорын молайтуда үлес қосты.Алдағы уақытта дарынды және талантты балалардың мүмкіншілігін ескере отырып,жоғары жетістіктерге жетуге қолайлы жағдай туғызып отырамын.

 Кейбір сабақтың ұйымдастыру формасы жеке жұмыс түрінде де болды. Ондай сабаққа тек жақсы оқитындар қатысып келді.Ал өзім оқушыларға пікірін соңына дейін айтуға мүмкіндік бермей келгенімді енді түсініп отырмын. Көбінесе жоспарлаған жұмысымды өтуге үлгермей қаламын ба деген қорқыныш болады. Осы тәжірибе уақытында сабақтарымда кемшіліктер болғанымен, оқушылардың бәрі қатысып отырды. Сократ айтқандай: «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей аламын».Осыны ескере келіп, мен оқушыларға білімді өз бетінше табуға жол көрсетіп, бақылаушы рөлін атқардым. Әр сабақ соңында топтар бір-бірімен бәсекелестік емес, достық қарым-қатынаста таралғанын бақылап отырдым.

Сабақтың қызықты, нәтижелі өтуінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану маңызды болды. АКТ балаларға сабақты ғылыми тұрғыдан ұғынуға мол мүмкіндік береді. Тек оны бірқалыпты емес, деңгейлер бойынша түрлендіріп пайдаланған жөн. АКТ-ны пайдалануда балада байқағыштық қабілеті дамиды, ол салыстыруды, бақылауды, бағалауды, жинақтауды,суреттеуді үйренеді. Сол себепті мен де өз сабағыма АКТ-ны қолдану тиімді  жолдарын іздестірдім.

  Балалардың жан-жақты білім алуына, ізденімпаздыққа баулу, сыни тұрғыдан ойлау, зияткерлік қабілетін дамыту-тағы басқа мақсаттарға жету үшін АКТ-ның маңызы зор.Бірақ сандық технологияларды меңгеруде білімім әлі таяздау.Мен бүгінгі күннен бастап АКТ-ның мол мүмкіншілігі туралы көп ақпараттар іздестіру және оқу материалын алдын ала жоспарлап,оқу үрдісін тиімді етіп пайдаланамын.Ал бүгінгі күні біздің мектебімізде АКТ-ның мынадай түрлері ғана қолжетімді. Олар-теледидар бағдарламасы, Интернет желісі (жылдамдығы баяу), интербелсенді тақта, компьютер, ноутбук. Ал ұялы телефон желісі, Активстудио,онлайн-режиміндегі интернетке әлі де қол жеткізе алмай отырмыз.М ен интербелсенді тақтаның бар мүмкіншілігін сабақта пайдаландым. Әр сабақ слайд-презентация, ноутбук пайдаланумен өтті. Интерактивті тақта тапсырмаларды өздігінен орындауда, уақытты үнемдеуде сабақта менің негізгі көмекшім болып табылды.А, В-деңгейлі балалардың кейбірі үй тапсырмасын ғаламтор көзінен іздеп дайындалып жүрді.Сабақ барысында интерактивті тақта, кейде ноутбук арқылы қойылған көңілді жаттығу балалардың ішкі уәждеріне әсерлі болды.Көңіл-күйі көтерілген балалар сабақ бойы белсенді болды. Интерактивті тақта оқушының ақыл-ойын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі тақтада тапсырмалар дайын күйінде алдын ала жазылып тұрады.АКТ-ны сабақта қолданғанымның негізгі мақсаты- қоғам сұранысына сай, компьютер құралдарын жоғары деңгейде пайдалана алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру. АКТ-мен байланысты тапсырмалар оқу материалын терең түсінуге, алған білімін ұзақ есте сақтауға, оқуға қызығушылық арттыруға көмектесті.

Іс-тәжірибеде АКТ-ның көмегімен әртүрлі тапсырмалар орындаттым.Сабақтың тақырыбын анықтау, пысықтау,деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, сәйкестендіру кестесін,тест орындауда интерактивті тақтаның көмегі қолайлы әрі тиімді болды. АКТ-ны енгізуден соң сабақта өзгерістер мол болды. Мәселен, сабаққа қызығушылықтары(уәж, ынта, ұмтылыс)  белсенділіктері артты.

Мектебімізде ғаламтор жүйесінің жылдамдығы баяу болғандықтан, мұғалімдер мен оқушыларға білім мен ғылым жетістігінен хабардар болу, ақпараттық білім кеңістігінен қажетті мәлімет алуқиынға соғады.Уақыт өте келе ғаламтор желісі түзеледі деп,  электронды оқулықтар мен онлайн режиміндегі сабақтарды  оқу үдерісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеріледі деп ойлаймын.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі негізіндебағалаудың екі түрі барын білдім.Дәстүрлі сабақта мен бағаны өзім ойланбастан қоя салатынмын.Ал енді форматиті бағалау бүкіл сабақ бойы жүріп жататынын біліп, балалардың білімін құрылған критерий бойынша бағалап, өз-өзіне, топ басшысына, топ мүшелерінің өздеріне баға шығаруға мүмкіндік бердім. Бағалаудың осы түрлері арқылы бала өзінің білім деңгейін біліп, білгенін жетілдіруге құлшыныс жасады. Ал суммативті бағаны көбінесе өзім шығарып отырдым.Ол тапсырмадан ұпай жинау арқылы немесе тесттің дұрыс жауабы негізінде  атқарылды. Сабақ соңында рефлексия жүргіздім.Олар стикерге «екі жұлдыз, бір тілек»  ретінде ұсыныстарын немесе сабақтан алған әсерін жазды. Оқушылар бағалау парақшаларын толтырды. Мұнда балаға еркіндік беріледі. Олар сабаққа өздері қалай қатысты, белсенді болды ма, қандай кезеңде өзін көрсете алды, не қиын болды т.б.сұрақтарға жауап беріп, өзінің сабақтағы рөлін және қосқан үлесін анықтайды.Осындай  түрде жүргізілген рефлексия алдағы ауқытта  баланы толығымен жұмыс істеуге жетелеп, тұлға ретінде қалыптасуына көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Курстың Бағдарламасын басшылыққа ала отырып, сабағыма мынадай өзгерістер енгіземін деп жоспарладым.

1.Сабақ жоспарын жеті модульмен ықпалдастыру.

2.Тапсырмаларды сыни тұрғысынан беруді ұйымдастыру.

3. Оқушыларыма өздігінен білім алу жолын іздестіру.

4.Балаларды оқыту үдерісінде жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Іс-тәжірибе барысында  оқушыларымда мынадай өзгерістер пайда болды.

  • Оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетті.
  • Сұрақтарға толық, нақты жауап беруге үйренді.
  • Өзара бағалауды үйренді.
  • Өзін-өзі реттеуге дағдыланды.

Курсты оқу барысында өзімде де төмендегідей өзгеріс пайда болды.

  • Сабақ барысында оқушыларға еркіндік бердім.
  • Сабақ жоспарына жаңа әдіс-тәсілдер енгіздім.
  • Бағалаудың жаңа түрлерін ұстандым.
  • Бағыт-бағдар берушінің рөлін атқардым.
  • Оқушылармен демократиялық қарым-қатынас құрдым.

Қорытындылай келе, жаңашыл дәстүріне өтетін сабақтар сыни тұрғыдан ойлауы, барлық модульдерді ықпалдастыра пайдалану келешекте оқушыларды шығармашылыққа жетелейді. Өз білімімді жетілдіруде  әр сабағым оң нәтиже беретініне сенемін


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Сабақтың тиімділігі мұғалім және оқушы табысының ынтасы
Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Оқытудағы жаңа тәсілдер
Азық-түлік дүкенінде
Биология сабақтарына жеті модуль идеясын енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 6913 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз