Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқыту процесінде халықтық педагогиканы пайдалану тиімділігі


Оқыту процесінде халықтық педагогиканы пайдалану тиімділігі

Оқыту процесінде халықтық педагогиканы пайдалану

тиімділігі

Тақырыбы:    Оқыту процесінде халықтық педагогиканы пайдалану тиімділігі

 М А З М Ұ Н Ы

  І. Кіріспе

 Мектеп – ұлттық білім ошағы     .......................................               1- бет

 ІІ. Негізгі бөлім

 Халық педагогикасының ерекшеліктері...........................           2-3 бет

 Халық педагогикасы – ұлт мәдениетінің негізі ............................  4-5 бет

 Оқу процесін халық шығармашылығы үрдісінде жүргізіу ........... 6-7 бет

 ІІІ. Қорытынды

 Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы ...............................     8 бет

 І. Кіріспе

 Мектеп  – ұлттық білім ошағы

 Соңғы жылдары педагогикалық ақпарат беттерінде халықтық педагогика туралы сан алуан ой-пікірлер айтылып келеді. Өйткені ақпараттар ғасырында білім жүйесінің алдында тұрған міндет –білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. 

Мектеп –ұлттық мәдениет ошағы,  жалпы адамзат өмірін ұлттық нышанмен  және ұлттық нышанды жалпы адамзат мәдениетімен толықтырушы, үйлестіруші көпір. Ұлттық тамыры жоқ мектеп ерте ме, кеш пе халықтың қолдауынан қол үзеді. Сондықтан қазақ мектептерінің ең басты мақсаты: өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеуді одан әрі жетілдіре беру болып қала бермек.

 ҚР Президенті Н. Назарбаев «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» қазақ газеттерінде берген сұхбатында (29. 05 2008 жыл) «Жаһандану жағдайында да ерекше қазақы қасиеттерді сақтап қалу үшін біз көп нәрсені ескеруге тиіспіз»  деп ұлттық болмысты сақтай отырып, дамудың алғы шебіне шығуға шақырғаны белгілі. Ендеше мектептерде қазақы тәлім – тәрбиеге ерекше ден қойғанымыз абзал. Елімізде ұлттық білім беру жүйесі екі бағытта жүреді.

  1. Ұлттық педагогиканың негізінде оқушыларға білім мен өнеге берудің тиімділігін көтеру
  2. Халықтық тәрбиенің ықпалы мен пайласын ұқтырып, ұлттық сана – сезім тұрғысынан тәрбиелеу.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Халық педагогикасының ерекшеліктері

Бірде қазақтың ұлы тұлғалары, ірі қоғам қайраткерлері Д. Қонаев, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барады. Ол жерда оларды француздың атақты жазушысы Луй Арагон қонаққа шақырады. Қонаққа келген үшеуіне қарап: «Қазақ деген қандай халық екен десем, сендердің түрлеріне қарап отырып қазақтың нар тұлағалы, білімді, мәдениетті халық екендігіне көзім жетіп отыр»  деген екен. Сонда олар: Қазақтың біз ортаншысымыз, бізден де тұлғалы, білімді жандарымыз бар деп жауап беріпті.

Сонда француз жазушысы таң қалып «Сендер орташасы болсаңдар, сендерден биіктері қандай болды екен» таңырқап, басын шайқапты. Сол айтпақшы қазіргі біздің алдымызда отырған шәкірттеріміз қазақтың нар тұлғалы, білімді азаматтардың кішілері екендігіне кім кепіл бере алады. Ал біз сол балаларды  ұлтқа, жұртқа, елге деген ұлтжандылық көзқарасы мен қасиетін тәрбиелеп жатырмыз ба? Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген бастауыш сынып жасындағы оқушы Гари Потер, Шрек, Бэмби сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып отыр.

Өткенге менсенбей қарау – жетесіздіктің қала берді жабайылықтың нышаны болса, өткенді біліп, өшкенді жандандыру – интеллектуалдық есеюдің парасаттылықтың белгісі. Дәуірлердің қателігін түзетіп, дана уақыт өтіп жатыр сырғанап – деп,  ұлы Мұқағали көрегенділікпен айтып кеткендей, бүгінгі өмір талабына сәйкес рухани қазыналарымызға жаңаша қарап, рухани танымдық, тәрбиелік маңызына қарай оларға әділ баға беріле бастады. Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды, халқымыздың өсиеті мен өнегесін, дәріптеген дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын олардан қалған ескірмейтін ескі сөздерді мақалдар мен нақылдарды бүгінгі ұрпаққа оқу тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауында сыр шерткен асыл мұраларымызды тарих санасынан көрсету –негізгі мақсатымыз болуы керек.  Ал бұл мақсатқа жету үшін халықтық педагогика негіздеріне сүйну керек болады. Оның үстіне халықтық педагогикадағы «Бала тәрбиесі бесіктен», «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген ұлттық тәрбиеге байланысты ұлағатты ой үстіне халықтық педагогиканың алтын қоры болып саналатын Ұлы Абай атамыздың 19-сөзіндегі «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген ойын қоссақ адам ата-анадан туғанда есті болмай көре, біле, ұғына жүріп есті болатынын, сондықтан әкесі қой баға білмейтіннің баласы да қозы баға білмейтінін, ол үшін ұлттық тәлім тәрбие бала өмірінде үлкен орын алатындығын ескергеніміз жөн. Халық педагогикасы әлемдегі барлық халықтарда бар. Олардың әрқайсысында жалпы адамдық және ұлттық ерекшелік толық сақталған. Өйткені жоқтан бар жасалмайтыны сияқты бар нәрсе де жоғалып кетпейтіні хақ. Сонау Каменский, Ушинский, Ыбырайлар жасаған педагогика да халық тағлымына негізделген. Өйткені халықта: «Халық айтса, қалып айтпайды», «Айна айна емес, халық айна», «Халық қартаймайды», «Халық қаһары қамал бұзар», «Ата-анасынан айрылған өскенше жылайды, халқынан айрылған өлгенше жылайды»- деген дана сөздерінің қағидасы- «халықтың» ұғымын басшылыққа алуды болжайды. Сондықтан да еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қолы жеткен күннен бастап, барлық тәлім-тәрбие жүйесі халық педагогикасына негізделіп жүргізіле бастады.

Тәлім-тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өйткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр-салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәде-сыйымызға, жол-жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық. Бұл жерде халқымыздың ойшыл қаламгері Ғ.Мүсіреповтың: «Өткенді аңсай бергеннің бұл күнге жарасымы жоқ, ал өткеннің жақсысын білмегеннің келешегі жоқ» деген бағдарлы ойы осы тақырыбымыздың түп қазығы.

 2. Халық педагогикасы – ұлт мәдениетінің негізі

 А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының бір тобы Ы. Алтынсарин негізін қалаған қазақ даласындағы келер ұрпаққа білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруге күш салды. Мектепке қазақ балаларын көбірек тартып онда сапалы білім беру үшін мектеп қазақ халқының өмірінен тыс болмай оның мәдени, рухани дүниесімен біте қатынасып халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – ғұрпы мен өмір сүру салтының, тілінің психологиялық ерекшеліктерінің немесе ұлттық ерекшеліктерінің негізімен қабысып жату керек болады.

Халық педагогикасы – ұлт мәдениетінің негізі. Ол халықтың халық болып тарих сахнасына шыққаннан бері ғасырлар бойы еліміздің оқу тәрбиесінің пәрменді құралы болып қызмет атқарып келеді. Бүгінгі әлемдік арнаға түскен ғылыми педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны өзінің ғылыми

зерттеу объектісіне айналдырды. Ол жөнінде кезінде әлем танығын ұлы педагогтердің бәрі де өз ойларын ортаға салған болатын . Мысалы, француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж. Руссо «Бала тәрбиесінің көзі еңбекте, баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек» десе, орыстың ұлы педагогі К.Д, Ушинский: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Тәрбие мен оқудың халықтық сипатын ескере отырып, оның негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру қажет» дейді. Ал ақын әрі ғалым-педагог М. Жұмабаев: « Ұлттық тілдің кеми бастауы, ол ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Әр ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айдай ашық көрініп тұрады» деп ана тілінің құдіреттілігіне ерекше мән беріп тұр. Сонда «Қазақ халқының халықтық педагогикасының оқу-тәрбие құралы боларлықтай ерекшеліктері неде?» деген сауалға ой жүгіртсек, олар мыналар дер едік:

  1. 2 млн 700 мың шаршы километр 3 Франция мемлекеті сыятын кең далаға орналасқан бүкіл қазақ халқына ортақ бірыңғай салт-дәстүр мен әдет – ғұрыптың, тілдің бірлігі.
  2.  Халықтық педагогиканы отбасы мүшелерінен бастап бүкіл ауыл-аймақ, ел-жұрт болып, ұжымдық оқу-тәрбие құралы ретінде пайдалануы
  3. Адам баласы туғаннан өлгенге дейін немесе пәниден бақиға дейін үнемі оқу мен тәрбиелену құшағында болатынын ескерсек, оқудың да, тәрбиенің де үздіксіздігі мен жүйелілігі негізгі ұстаным болып саналады. Осы ұстаным халық педагогикасынан өзекті орын алып келеді.
  4. Дүниежүзілік озат елдердің бала оқытудағы ғылыми іс-тәжірибесі жеке бастың үлгі өнегесіне негізделетінін ескерсек, оның қазақ халқына да тән екендігін байқаймыз. Мысалы, үлкенді сыйлау, өнер адамдарын қастерлеу. 
  5. Халық педагогикасында халықтың негізгі ұстанымы адамгершілікті, бауырмалдықты, қайырымдылықты, ізгілікті марапаттау болып келген. Қазақ халқының ежелгі дәстүріне ден қойсақ жетімді жетім етпеу, бала мен қарттарға қамқорлық ата дәстүріміз болып саналады.
  6. Өнер мен білімді егіз деп қарау; сөздің құдіретті күшін қадір тұту; әнші, ақын, сал-серілерді елдің еркесі деп бағалау – ел дәстүрі болған.
  7. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп     

          келген.

  1. Ата-бабаларымыз отбасының, ананың, ауыл-аймақтың, рудың, Отанның намысын қасықтай қаны қалғанша қорғауды ұран етіп ұсынған. Сондықтан патриотизм – халық педагогикасының басты қағидаларының бірі.

  Оқу процесін халық шығармашылығы үрдісінде жүргізу жолдары

 Өмірде сыналған осы қағидалар бүгінде елімізде қалай іске асырылып жатыр  дегенге келсек,бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі.

Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы бастауыш сынып пәндерін оқытуда халықтық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой.

Әйтсе де оны  оқушы санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет.  Мысалы, барлық сыныптарда халық ауыз әдебиеті тарауы беріледі, ал халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі - халықтық педагогика.  Қазақ  халқының  тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер  мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымызөз ұрпағын бесікте жаткан кезінен  өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми  тұрғыдан  сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге  қарап жол тауып, қаршадайынан  есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды  табатын  ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі  мал  шаруашылығына  байланысты болғандықтан,  бала 5—6 жасынан  ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді,жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы  ұйқастардың  бәрі  балаларды  қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін  шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата - дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ертегілер. Ертегі –  бала жанын қоректендіретін рухани қор және балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтық салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.

Ертегі сондай - ақ – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді.

ІІІ. Қорытынды.

Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен басқа ақын-жазушылар шығармаларын оқытуда да халықтық педагогикаға соқпай өтуге болмас. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылады.

Қазақ халқының  ұлттық тәлім тәрбиесі мен  мәдениеті  талай  халықтардың  өкілдерін  таң қалдырғаны  тарихи  жазбалардан  белгілі. Ұлы саяхатшылар  мен  зерттеушілер  қазақтың  ежелгі  тұрмыс тіршілігі, мәдениеті  мен  ауыз  әдебиеті  туралы, ер адамдар  мен  әйелдердің  моральдік этикалық ерекшеліктері  туралы, олардың  тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы  әлеуметтік   орны  туралы, ұлттық  наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді  өмір  сүргеніне қарамастан  салты  мен  дәстүрінің  біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен  бейнелеу  өнерінің, ауыз  әдебиеті  және  музыка  өнерінің  жалпы  дала мәдениетінің  таң  қаларлық  үлгілері  туралы  таңдай  қаға  айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы - өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының ең негізгі міндеті болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 Б. Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004

  1. Қ. Меңдаяқова «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» «Тәрбие құралы» №5 қыркүйек-қазан 2004
  2. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, І том, Алматы, «Рауан», 1994
  3. М. Жаздықбаева Ұлттық білім беру негізі         №6 маусым  2004 жыл 14 бет
  4. Р. Дәулетова. Асыл мұра «Қазақстан мектебі» №2 ақпан 2009 жыл М. 3 бет
  5. С. Қалиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы, «Мектеп», 1987.
  6. С. Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. Алматы, «Білім», 1995

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Халық тәрбиесі - құндылығымыз!
Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі
«Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні»
Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу
Математика пәнін халықтық педагогика элементтерімен байланыстыра оқыту
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
Шамалар
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 5108 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз