|
|
Биология пәнінде тізбектелген сабақтар топтасында бағдарламаның бір модулінің қолдануы жайлы есебім.
Кембридж университетінің Н.Ә. Назарбаев зияткерлік мектебі жанынан құрылған педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының Алматы облыстық филиалында педагог кадрлар біліктілігін арттырудағы үш айлық қурстың бірінші бетпе-бет кезеңінен алған теориялық білімім мен тәжірибемді негізге ала отырып менде ой туындады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушы - мұғалім, оқушы -оқушы бір-бірімен диалогқа түсу арқылы негізгі білімді алады. Оқушының білім алуда диалогтің рөлі зор. Оқушылар сыныптастары мен мұғаліммен әр-түрлі рөлге түсу арқылы диалогті оқыту жеңіл түрде жүзеге асады.
Мерсер мен Литлтон ( 2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39 б.)
Оқытуда сөздің, сөйлеудің рөлі маңызды. Барнс (1971) сабақ барысында тілді қаншалықты қолдансаң, соншалықты ықпал етеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,39 б.) Мұғалім оқушыға вербалды құралдарды пайдалану нәтижесінде әр қойған сұрақтарын айту арқылы, соны талдап, дәлелдеуге жетелейді. Адамдар диалогты қолдана отырып , талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы білім алады. Оқушылар бір-бірімен топта диалогқа түсу арқылы ең алдымен тілін дамытады, өз идеяларын толық жеткізуге, өздері бір-бірін тыңдауға дағдылана бастайды.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір-алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40 б.)
Диалог арқылы оқыту негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім ,оқушы арасынадағы диалогтің шәкірттердің өзіндік идеяларын жүйелеуіне , дамуына көмектеседі. Сабақтың жоспарын құруда оқушылардың қалай оқыту керектігін анықтап алу керек. Оқушылар өз беттерімен қандай жұмыстарды орындау керектігі жайлы білуі керек. Осы мақсатта мен, « Өндіріс және тұтыну қалдықтары », « Биосфера-тіршілік қабаты», « Биосферадағы зат және энергия айналымы», « Биосфера және экожүйелерді қорғау» тақырыптарында тізбектелген төрт сабағымды жоспарлап оны жүзеге асырдым.
Осы жоспарлаған сабақтарымда оқушылар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында дөңгелек шеңберге тұрып бір-біріне сабақ алдында жақсы тілек, лебіздерін айтты. Мысалы: бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, сабаққа белсене қатысуыңа тілектеспін, оқуда жақсы қырыңнан таныла бер дегендей, кейінгі сабақтарымда әр елдің амандасуы әр түрлі дегендей ,амандастырып көңіл күйлерін көтеріп сабағымды оқушылармен сұхбаттасу жүргізуден бастадым. Оқушыларға топтасып жұмыс жасау тек дәстүрлі сабақтағыдай жарыс емес, білім алуда бір- біріне ықпалдаса отырып, бірлесе нәтижеге жетуге болатындығын айта отырып, оқушыларды топтарға бес топқа бөлдім. Топқа бөлуде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Алғашқы сабағымда түстерге байланысты топтастырып, әр түске жеке-жеке мағлұмат пен суреттер бердім. Мысалы: көк түс- машина, зауыт түтіні, жасыл түс-жерді аялауға арналған суреттер, қызыл түс- адамның аяғы баспаған таза табиғат,сары түс-шашылып жатқан қоқыстар,қызыл-сары түс-маска киген адамдар бейнеленген . Кейінгі сабақтарымда фигуралар, санау арқылы топтастырдым. Оқушыларға топ ережесін құрғызу арқылы,оны негізге ала отырып сыныптағы әр баланың ойы құнды екеніне жағдай жасап түсіндірдім. Аталған төрт сабағымда оқушылардың өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру мақсатында сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын естеріне түсіруге мүмкіндік бердім. Соның негізінде мен үй тасырмасын еске түсіру, оқушыларды диалогқа тартуға қалыптастырдым. Оқушылардан кері байланыс алу мақсатында үй тапсырмасын талқылау негізінде оқушыға деңгейлік сұрақтар,оңай сұрақтан күрделі сұраққа дейін қою болды. Сабақта оқушы- оқушымен ғана диалогқа түспеуі керек. Оқушы мұғаліммен де диалогқа түсуге міндетті, себебі оқытудағы мұғалім негізгі тұлға болғандықтан деп ойлаймын. Сондықтан өзім сұрақты қойып бастадым , бір оқушы жауап беріп, келесі оқушыға сұрағын қояды. Бұл арқылы мен оңай сұрақтан бастап берсем, оқушылар өз өздерін жетелеу арқылы сұрақтарды күрделендіре түсіреді. Мысалы: мен оқушыларға « Қалдықтарды қалай атаймыз?» деп жалпы сұрақ қойдым. Сонда сыныбымда жақсы оқитын оқушым Айгел Темирлан «Қалдықтарды қоқыс деп атаймыз» деп жауап бере отырып, ол өзінің « Әр бір отбасындағы бір адам тәулігіне қанша қоқыс шығарады?» деген де Жұлдыз атты оқушым « Әр бір отбасы тәулігіне 1,2-1,4 кг қоқыс шығарады » деп, сұраққа жауап берді. Сұрақ оңай болғанымен оқушының шапшандығы ,тез айтуы таң қалдырды мені . Бұл кезде мұғаліммен оқушы,оқушы мен оқушы арасында диалог жүрді.
Оқушыларға берілген сұрақтарға топ мүшелері ұйымдасқан түрде, бірлесе отырып жауап бере алды. « Қалдықтарды залалсыздандыру үшін қандай жұмыстар атқару керек?» нысаны бойынша қойылған сұрақ: « Қай елде бұл проблема жақсы жолға қойылған? » Ол сұраққа топ мүшелері былай деп жауап берді: бірінші топ әр адам өзінің айналасын үнемі тазалап отыру керек деп айтса, келесі топ тауға барғанна кейін қоқыстарын жинап кету керек деді, енді бір топ қалдықтарды өндейтін зауыттар салуды жолға қою керек , тағыда бір топ ең бірінші қалдықтарды өндейтін зауыт Германия да салынды деп айтты , бесінші топ менің жаңалықтардан қөргенім қалдықсыз технология Жапонияда жақсы жолған қойылған деді . Бұл сұрақтарға жауап беру кезінде американдық психолог Флейвеллдің метатануға берген анықтамасына сүйене отырып оқушылардың метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірбиесіне қадағалау жүргізу қабілетін дамығанын байқауға болады. « Өндіріс және тұтыну қалдықтарына не жатады ? » , « Қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияның соңғы өніміне не жатады ? » , бұл түрткі болуға лайықталып құрылған сұрақтар, бірінші оқушыдан жауап алынды, оқушының жауаптары түзетілді, өткен тақырыпқа оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беруге итермелеу болды. Бұл сұрақтардың барлығы бүгінгі сабаққа қажетті тірек ұғымдар. Оқытуды мұғалім мен оқушы бірігіп ұйымдастырды, сұрақтарға жауап берді, мұғалім олардың алға ілгерлеулерін бақылап, сұрақ бойынша қиындық тудырған мәселелерін мұғаліммен бірлесе отырып орындауға рұқсат беріліп постерді жасады.
Тапсырманы орындау барысында әр топта оқушылар бір- бірімен диалогқа түсу арқылы берілген тапсырманы орындады. Бірінші топтан Жуманиязов Ержанның берген тапсырмада өндіріс және тұтыну қалдықтарынының табиғаттың құрамдас бөліктеріне тигізетін зиянын талдап жатқанда , сол топтан Шакирова Жұлдыз оның сөзін толықтырып Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарын қосты. Келесі үшінші топтан Сұлтан Бекзат қалдықтарды әр –түрлі аурулардың негізі болып жатқанын көрсетті. Ал Шакирова Айсулудың тобы қалдықтардың әсерінен ормандар жойылып, өртеніп кетудің әсерінен жануарлар мен өсімдіктердің түрлері қызыл кітапқа тіркеліп жатыр деп талдады. Менің байқағаным дәстүрлі сабақта оқушылар білмеген сұрағын мұғалімен сұрағаннан гөрі үндемей қалғанды жөн көретін, ал топтық жұмыста оқушылар білмеген сұрақтарын бір-бірінен сұрау арқылы білімді өз бетімен игеруге талпынады, әрі бірін- бірі толықтырып отырады. Дәстүрлі сабақтарда сұрақты оқушыға мұғалім қоятын болса топтық жұмыста оқушылар сұрақты бір- біріне қояды. Алғашқы сабақтарда топтар бір біріне сұрақ қойғанда тек оқулықпен ғана шектелсе, кейінгі сабақтарымда олар жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге қарай сұрақ қоятын болды. Биосфера –тіршілік қабаты деген тақырып.Биосфераның негізгі үш қабатын талдай отырып , оқулықпен интернетті көмекке ала отырып ашық жүйелі сызба нұсқа құрап шығындар ?, деген тапсырма берілді . Әр топтан тапсырманы қорғау барысында оқушылармен диалогқа түсу негізінде жетелеу сұрақтарын қойдым. Келесі тапсырмамда оқушы тақтада постерларын қорғап жатқан кезде, әр топ бірлесіп беррілген терминдер парағынан қанша сөз қолданады екенін тексеріп шықты. Сонда оқушылар тапсырманы топтар арасында талқылап, бір- бірімен бәсекеге түсіп жылдам орындап, қорғап отырды. Әрине бірінші сабағымда бірден диалогқа кірісіп кетпеді. Өйткені, олардың сөйлеумәдениетінің төмен деңгейде болуы, өз ойларын жеткізе алмаулары, қысылатындары әсер етті деп ойлаймын. Келесі сабақтарымда аздап болса да, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, тыңдау мәдениеті дами түскенін, өз ойларын жеткізе алу дағдыларының қалыптаса бастағанын байқадым. Сыныбымда Марал деген оқушының соңғы сабақта бірінші сабақтан қарағанда, өз ойын ашық айтуға дағдылана бастады. Ол келесі сабақтарда өз ойын еркін жеткізетін болды. Қандай тапсырма берсем де, ойын айтуға тырысқанын байқадым. Марал бұл ситуациядан топтағы диалог арқылы шығатын болды. Яғни, өзі білмегенін достарынан білгісі келетінін көрсетіп отырды. Оларда тыңдай отырып, қорытынды шығарды. Сол шешімін дереу жеткізуге ынталанып отырды. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы « Биосферадағы зат және әнергия айналым» тақырыбын ашу негізінде өткен сабақты қайталау арқылы тақырыпты аштық. Оқушылармен диалогқа түсу незінде жаңа тақырыпқа жалпы шолу жүргіздім. Әр топқа мынадай сұрақтар бердім. Табиғаттаға зат және энергия айналымдарының рөлі?
Биосферадаға зат айналымының тепе-теңдігі бұзылса не болады?
Біз биосфераға қалай көмектесе аламыз?
Сұрақтарды барлық топтар талдап болғаннан кейін ыстық орындық ойынын жүргіздім. Сыныптың ең жақсы оқитын оқушысы Айгел Темирлан шығып барлық сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берді. Оқушылар қолдарын шапалақтап ризашылықтарын білдірді.Жаңа тақырыпты « Биосферадағы зат және әнергия айналым» оқу үшін әр топқа тапсырмалар берілді. Әр топ өз тақырыбын 5 бөлімге бөледі, №1 бөлімнің негізін құрайтын бір сөйлем жазу, сөйлем тақырыпты бір оқығанда ашып, басқа оқушы мағынасын бірден түсіну қажет.2минуттан кейін постер ауысады да, келесі топтағы оқушылар сөйлемді оқып, талдап, 2-ші абзацтын тауып түсіндіретін сөйлем жазады.Постер 5 рет ауысу керек, бұл тапсырманының негізінде әр топ мүшелері келген бөлімді түсіну мақсатында , сөйлем жазу үшін , оқып ,түсініп талдап, негізін жазады.Бастапқы топ өз постерін тақтаға қорғап , түсіндіріді, басқа топтар сұрақ қояды.
1-топқа. Су айналымы
2-топқа. Көміртек айналымы
3 топқа .Оттек айналымы
4 топқа .Азот,күкірт,фосфор айналымы
5 топқа.Табиғаттағы зат айналымдар
Әр топ өз тақырыптары бойынша өз ойларын постерге түсіреді,келесі топтың тапсырмасын толықтырып, шектеулі уақыт ішінде жұмыла жұмыс жасады.. Бірінші топ су айналымында судың кіші және үлкен айналымдарын түсіндірді, екінші топ көміртектің табиғаттағы күйлерін айтып талдады, үшінші топ оттектің табиғатта фотосинтез процессі кезінде пайда болатынын, өсімдіктердің табиғаттағы маңызын айтты, төртінші топ азоттың табиғатта бұршақ тұқымдас өсімдіктерінің тамыры ауадан жинақтайтынын түсіндіріп, бесінші топ жалпы зат айналымдардың табиғаттағы маңызын түсіндірді.
Менің сабағымдағы тапсырмалардың негізі визуалды түрде суреттерді , бейнежазбаларды көру болды. Оқушы суреттерді көру арқылы нені көріп түрғанын , бір- бірімен салыстыру, айырмашылықтарын ажырату негізінде берілді. Оқушылар визуал әдісі арқылы сыни түрғыдан ойлуға, диалогқа түсуге, көшбасшы болуға ұмтылады. Төртінші сабағымда «Биосфера және экожүйелерді қорғау» тақырыбында топқа бірлесіп слайд жасау деген тапсырма бердім.Топ мүшелері слайдты жасау үшін ғаламтор жүйесін көмекке алып , жоғары сынып болғандықтан терең тапсырманы ашуға тырысты. Әр топқа мынадай тапсырма берілді:
- топқа: Биосфера және экожүйелерді қорғау .
- топқа: Экологиялық проблемелар
- топқа: Озон қабатының жұқаруы .
- топқа: Қышқыл жауындармен азот оксидтері
- топқа:Улы тұмшалар
Оқушылар топта талқылап, сызба, сурет, кесте арқылы слайдқа түсірді. Жоғарыда атап өтілген оқушыларды қызықтыру мақсатындағы жүргізілетін жұмыстың бірі- постер. Сабақта постермен жұмысты аяқтағаннан кейін сыни тұрғыдан ойлай отырып, өздері жасаған жұмыстарының нәтижесінде нені байқадыңдар деп сұрап отырдым. Барлық топтар өз постерларын қорғаннан кейін, бір- біріне сұрақ қойды. Оқуышылардың « түрткі болатын » қойылған сұрақтапын қадағалап отырдым. Оқушылардың білімді алуына « түрткі болатын» сұрақтардың бірінші жауап алу үшін де, баланың жауабын түзету үшін де қажет, мәселен: сұрақты балаға қарапайым ғылып қою арқылы өткен материалға оралып, ой тастауға ,жүйелі жауап беруге итермелеп,жетелейді.. Сұрақ-жауап әдісі оқушылардың бір- бірінен үйреніп, басқа оқушылардың ойларын құрметтеппен ойын жинақтауға көмек беріп отырады. Менің тізбектелген сабақтар топтамасында кездескен кедергілерім: Сынып оқушылары ең бірінші сабағымда диалогқа түскенде еркін сезіне алмай , ойларын шала жеткізді, жұптық,топтық жұмыстастарда, өздері құрған топ ережесін сақтамай отырды, топтағы оқушылар арасында бірін-бірі түсінбеуішілік болды.. Топтық жұмысты тек жарыс деп қабылдауы да, топта жұмыс жасауға бейімделе алмай, топқа бөлуде оқушылардың мен оның қасына отырмаймын ол менің досым емес, мына топта жаман оқитын оқушылар көп ,олар біздің топты артқа қарай тартады деп бір- бірін кемсу болды, тыңдау мен сөйлеу мәдениеттері төмен болды. Мен нені өзгерттім: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым, өз ойын еркін жеткізіп, өзара пікір-таласқа түсіп, ойларын ортаға салып, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, топтық жұмыста өз беттерінше білімге қол жеткізіп, оқудағы қиындықтарды женуге дағдыландырдым.Сабақта биологиялық диктант тәсілін қолдандым, себебі әр сабақта биологиялық терминдердің жазылуы мен айтылуын талдап отыруымыз қажет.Мысалы: «Биосфера-тіршілік қабаты » тақырыбын тексеру мақсатында Гидросфера,Тропосфера, Планктон, Нектон, Бентос,Биосфера,Литосфера,Атмосфера деген сөздердің мағынасын жазғанда барлық оқушылар қатесіз жазып мені қуантты.Әр сабағымда оқушылар бір-бірін тексеріп бағалап отыруына дағдыланды. Диалогты қолданудағы нәтижем: Оқушылар арасында ынтымақтастықтың қалыптасуы, тақырыпты өз бетінше меңгеріп алуын дағдыланды.. Сөйлеу, ойлау, жазу дағдылары дамып жетілді.. Өз ойын еркін айта отырып, өзгелерді тыңдауға пікірлермен санасуға үйрене бастады.
Келешекте тақырыпты ашу үшін , өткен материалды қайталауға, биологиялық терминдерді еске түсіру үшін оқушыларға үй тапсырмасын бергенде тәжірибе жасауға, қызықты тапсырмаларды ойлап, слайд жасап келуге нұсқау беремін деп шештім. Бұндай тапсырма беру оқуышылардың сыни түрғыдан ойлауына ықпал етіп, тақырып бойынша сындарлы , еркін сөйлеуге ынталандырады, білімді қалыптастырыппен вербалдандыруға көмектеседі. Тапсырмаларды жүйелі, қызықты, пайдалы, мәнді етіп таңдауды жоспарлап отырмын.
Келешекте оқушыларға диалогтың үш түріне арналған жүйелі тапсырмалар ды дайындауға өзімді дағдылаймын. Топта сұхбат, пікір-талас жүргізе отырып, идея тастау арқылы қиындықтарды жеңу ,оқушыларды ынталандыратынын рефлексиядан көрдім. Болашақта диалогтік оқытуды жандандырып, оқушыларды дағдыландыру қажет, оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып өзімнің биология сабағымда диалогты оқыту арқылы оқушылардың шығармашыл ойларын дамытуын көздеп отырмын. Болашақта шәкірттерімді шығармашыл, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіне деген сенімі мол, білімді ұрпақ тәрбиелеуге жетелеймін.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |