Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлем мүшелері. Бастауыш


Сөйлем мүшелері. Бастауыш

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Бастауыш

Сабақтың мақсаты:   Сөйлем мүшелері және бастауыш тақырыбында сыни тұрғыдан ойлау модулін   қолдану арқылы оқушының  ой - өрісін дамыуға мүмкіндік беру,   ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолданып, шапшаңдық пен нақтылыққа  жетелеу,алған білімдерін  өмірде қолдана білуге үйрету. 
 Сабақтың талдауы:  Сыныпта 20 оқушы оқиды. Сынып өте белсенді және сонымен қатар, өте шулы.   Бірінші сабақ топпен жұмыс негізінде өтті.  Сабақ интерактивті   әдісті талап етеді. Ең алдымен,  оқушыларды түрлі -түсті қағаздар арқылы топқа бөлдім, әр оқушы ұнаған түсті қағазды таңдап алып бір түсті таңдаған оқушылар бір топ құрап, сол топқа барып жайғасты.Бұл сынып топпен жұмыс жасауды алдында білгендіктен маған қиынға түспеді.  Осы жерде  Фариза мен Руслан деген оқушыларды  зерттеуге алдым.   Фариза   -  оқу үздігі,  өте қабілетті, дарынды оқушы, салмақты қыз. Руслан   болса,  орташа оқитын, тәртіп бұзатын,  қабілеті болса да,  оқуға деген қызығушылықты танытқысы келмейтін оқушы.  Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін өткіздім. Оқушылар орындарынан тұрып, бір –бірлерін дос болуға шақырды. Әр топ мүшелері тез арада өз ішінен топ басшысын, баяндамашыны, хатшыны, уақыт төрешісін, спикерін  тағайындады. Сыныптың білімін бағалау үшін мен әр оқушының алдына бағалау парақшаларын тараттым. Және де бұл жерде келіспеушілік тумау үшін тақтада бағалау критерийлерін жазып қойдым.  Үй тапсырмасын мен «Мен саған, сен оған» ойынын қолдандым. Бұл жерде оқушы мен оқушының арасында диалог жүрді.  Оқушының үй жұмысын жақсы дайындалып келгендігінен оқушы  мен оқушының арасындағы диалог жақсы жүріп отырды.  Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін, оқушының бар ынтасын  жаңа сабаққа бағыттау үшін      оларға бірнеше сұрақтар қойдым. Оқушылар бұрыңғы өткен білімдеріне сүйеніп, жауап беруге тырысты. Бұл  жерде  мұғалім мен оқушының арасында диалог жүзеге асты. Жаңа  тақырыпты оқушылар тақтада жазылған сұрақтарды негізге ала отырып оқулықты пайдаланып, топпен жұмыс жасады.  зерттеуге алынған  Руслан І  топта  отырғысы келмей, өз бетінше отырды. Бірақ  топ басшысы  Рахат топ ішінде топты алып шығу мақсатында  топ мүшелеріне тақырыпты  түсіндіре бастаған кезде Русланның да қызығушылығы оянды.  Руслан қызығушылық танытып, Рахатқа сұрақ  қоя бастады. Ал Рахат  өзімшілдік танытпай, қойылған сұрағына  мүдірмей жауап беріп, Русланға түсіндіре бастады. Осы жерде диалог қалыптасты деуге болады. Алынған білімді тексеру мақсатында мен сұрақтарды негізге ала отырып оқушылардан сұрай бастаған кезде баяндамашы рөлінде болғандықтан  Руслан  қызығушылық танытып қолын көтеріп, жауап беруге тырысты. Осы білімді бекіту үшін мен төрт топқа мынадай тапсырма бердім. І топқа  мәтіннен күрделі сөздерді  тауып дәптерге жазу, ІІ топқа сөз тіркестерін, ІІІ топқа тұрақты тіркестерді тауып жазу керек болса, ал IV топқа  Фаризаның  тобына осы  3  топтағы  сөздер қайсысы сөйлем мүшесі бола алатынын көрсетуі тиіс еді.  Фаризаның тобы алғашқыда тапсырманы түсінбегендей болды. бірақ   Фариза топты жинап алып, тапсырманы мұқият  түсіндіре бастады.  Фаризаның тобында  отырған Дулат, Шерзат,  Гүлмира және Бекболат  тапсырманы түсінгендей болды. 3 топтың тапсырмасы тексерілгеннен кейін Фаризаның тобындағы Дулат бізге бұл сөздер неге сөйлем мүшесі болады немесе болмайтынын атап көрсетті, ал Фариза  ережені ұстанып, мысалмен дәлелдеп берді. Бұл жерде Фаризаның көшбасшылығы көрініп тұр. Тек өз ғана емес, топ мүшелірін  қатыстырып, тобын алып шықты. 
 Келесі тақырып «Бастауышты» ұғыну мақсатында  әр топқа плакат берілді. Тақтада З сұрақ қойылды. Әр топ осы сұраққа оқулықты негізге ала отырып топпен  тірек сызба жасап, қорғауы тиіс еді. Руслан сынай танытқандай болып, тапсырманы орындауға кірісті. Бірге жазысты, талдады. Бұл жерде балалар өздерін еркін ұстады.  Ал Фаризаның тобына күрделілірек тапсырма берілді. Олар бастауыш болатын сөз таптарын ашып, әрқайсысына мысалмен дәлелдеп беру керек еді. Тапсырма орындалып болғаннан кейін де Фариза топ  мүшелерімен бірге шығып қорғады.  Бұл жерде Фаризаның  көшбасшылығы көрінді. Тапсырманы Фаризаның тобы жақсы орындап шықты, және өз нәтижесін берді. Өйткені,  осы білімді бекіту мақсатында мен барлық топтарға мына сөздер бастауыш болатындай ойды аяқтап, сөйлем құру керек болды. тапсырманы Гүлмира Фиризаның тобында өте жақсы орындап шығып, өз сөйлемдерін  ортаға салды.
Жаңа сабақты бекіту үшін  мен СТО стратегиясының элементін қолдандым. Топтастыру жұмысы арқылы оқушылар кезекпен жауап беріп отырды. Осы жерде Руслан қолын көтеріп, жауап беруге тырысты. 
Қорытынды бөлімінде  мен кері байланысты (рефлексия)  қолдандым. Оқушылар нені біледі, не үйренді және қандай қиындық туды деген сұрақтарға жауап берді. Руслан былай деп жауап жазыпты:
Білемін: сөйлем мүшелері туралы, топпен жұмыс жасауға
Не үйрендім: басқаларды тыңдай білуге, Бастауыштың З түрге бөлінетінін.
Не қиындық туды: ең алдымен осы топта отырғым келмеді, бірақ Рахат мейірімділік танытып, тапсырманы түсіндіре бастағанда, топ үшін жауап беруге тырыстым. Осы жерде бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деген мақалды негізге алдым. 
Келешекте  дарынды ,талантты балалармен жұмыс жүргізуде курста алған білімімді әр сабағымда қолдануды жоспарлап отырмын. Бұл сабақта оқушылардың    құштарлығы ,  белсенділігі  туындап,қызығушылығы артқаны көрінеді.   
Нәтижесінде: Сөйлем мүшелерін  қолдана отырып жаттығуларды, тапсырмаларды дұрыс орындайды, бастауыштың  үш түрін  бір – бірінен айыра алады, бастауыш болатын сөз таптарына  мысалдарды еркін келтіре алады, контекстен сұрақ қою арқылы бастауыш болатын әр түрлі сөз таптарын  таба алады. оқушы  топпен жұмыс жасау арқылы басқа біреудің ойымен санасып, өз ойын еркін, ашық  жеткізе алды, сыни тұрғыдан ойлау негізінде ойлау белсенділігін көрсете алды, тапсырмаларды орындау кезінде шапшаңдықпен жұмыс атқарды, ережелерге сүйеніп  нақты дәлелмен келтіре 
алды. Алған білімді күнделікті қарым -қатынаста   қолданады. 

Не жақсы өтті
Пәнге  деген   қызығушылықтары жоқ оқушылар, топта бірігіп белсенді  жұмыс істеуі, өз ойын еркін , ашық айтуы өте қуантты. 

Қандай күшті жақтарға сүйенемін
Мұғалім мен сыныптың арасындағы  қарым-қатынасы  өте  жақсы Сыныптағының барлығы негізгі әрекетпен айналысқаны қуантады.

Нені жақсарта аламын
Сыныпта 20 оқушы болғандықтан, өте шулы, сондықтан сабақ барысында тәртіпті басқару дағдысын жақсартар едім.  

Нені өзгерткім  келеді?
 Уақыт тапшылығына байланысты, сабақтарды  қатар етіп өткізер едім.  

Бұнымен не жасай аламын 
Уақыт  жеткілікті болғандықтан оқушылар өз бетінше білім алуға мүмкіндік туады. (бастаған тапсырманы аяғына дейін орындап, нәтижесін көріп, бағалай алады) 

Қандай қолдау көмек қажет?
Мұғалімдер мен тәлімгерлер тарапынан қолдау.

Одан әрі не істемекпін? 
Келесі сабақта  жеке жұмыс түрін енгіземін. Мұнда әр оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз қабілеттеріне сәйкес білім алуға көмектеседі. 

Менің ойымша, осы игерген біліміме мынадай сипаттама берер едім.  Бұл сабақта оқушылар   өз бетінше жұмыс істей алады, оқушылардың    құштарлығы, белсенділігі  туындап,қызығушылығы артқаны көрінеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп
Биология пәнінде тізбектелген сабақтар топтасында бағдарламаның бір модулінің қолдануы жайлы есебім.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Қаныш Сәтбаев Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті эссе
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.
Ұлттық киім
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5157 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык