Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп.


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп.

Оқушылардың  білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша  бір рефлексивтік есеп.

                  «Оқуды үйретудің » қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

. білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

. жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

.  нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

            Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім- бұл үдерісте көмек көрсететін жан.(1,32)  Осы нұсқаулықтағы сөздерді негізге ала отырып, бір ай  Кембридждік  бағдарламасы  бойынша курс кезінде  үйренген жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолдану үшін  мектепке бір айға тәжірибе  жасауға  келдім.  Сабақ – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақта оқушылардың  бір сарындылықпен оқуы– оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан  сабақты мазмұнын аша түсу үшін   түрлендіріп өткізу керек. Жаңа тәсілмен сабақты өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін өмірде өздерінің қажеттілігіне пайдалануға тәрбиелеу.  Осыны іске асырудың жолы жас ұрпаққа сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру болды. Мектептегі тәжірибеге барғанда алдыма қалай оқу керектігін үйренуде оқушылардың  түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін  дамытуды қалыптастыруды мақсатым деп алдым.  Осы курста үйренген технологияларымды ендігі жерде үнемі сабақтарымда қолдануға тырысамын.  Барлық жеті модульді  қайталап оқып алып  7"В" сыныбына арналған тізбектелген сабақтар топтамасының  орта мерзімді  жоспарын құрдым.   Жоспар бойынша «16-17 ғасырлардағы тарихи шығармалар» тақырыбында үшінші  сабағымды  өткізген  болатынмын. Мақсатым оқушылардың  тарихи шығармалармен танысуын  және  тарихи маңызын анықтап,  қорытынды жасауды білуін үйрену.  Сабақтан күтілетін нәтиже: тарихи тұлғалардың шығармаларын біледі, тарихи шығармалардың тарихи маңызын анықтайды, тарихи еңбектерді салыстырып,қорытынды жасайды.  Сабақта бағдарлама модульдерін ықпалдастыра отырып  мақсат  мен  нәтижеге жету жолдарын қарастырдым. Сабағымда  сыни тұрғыдан ойлаудың топтастыру, салыстыру әдістерін және  сұрақ қоюдың түрткі болу,  жетекші,  қайта бағыттау сияқты түрлерін сабақта  пайдаландым.                
         Сабақты ең алдымен оқушылармен амандасып  ұйымдастырудан бастадым. Оқушылар ортаға жиналып, бір-біріне  жаңа күнге сәттілік  тілектерін  арнады. Оқушылар бұрынғы сабақтарда  психологиялық  ахуал туғызу  кезінде қысылып, ұялатын. Осы сабағымда олардың емін-еркін ұстағандарын көрдім.  Одан кейін оқушылардың қатысын тексеріп, оларды бір, екі, үш сандарымен  бөлдім. Топқа бөлуде ешқандай кедергілер болған жоқ. Орындарына  отырғаннан  кейін үй жұмысын сұрадым. Үй тапсырмасының тақырыбы: қазақ халқының шығармашылық дәстүрі болатын. Үй тапсырмасын "бүктеме" әдісі арқылы сұрадым.   

          "Бүктеме" әдісі"

Ол үшін әр оқушыға  ақ бетшелер тараттым. ақ бетшені бүктеп әр бөлікке үй тапсырмасы  бойынша бірнеше сұрақтар жазуды және әр сұрақтың астына орын тастауды тапсырдым. Оқушылар бұл тапсырманы ерекше қызығушылықпен орындап, ойланып өздерінің оқыған тақырыптары бойынша  сұрақтар жазуға кірісті. Әр оқушы деңгейлері бойынша сұрақтар жазды. Белгілі бір уақыттан кейін оларды жинап алып, қоржынға салып, араластырып, әр оқушыға  бір-бірден тараттым. Оқушылардың қызығушылықпен  тапсырманы орындағанын байқадым. Сыныптағы белсенді оқушылар Ж, Н, Қ сұрақтарға жауап жазып, сұрақтың иесіне қайтарып берді, ал ойланып отырып қалған оқушыларға үйлеріне алып кетіп келесі сабақта орындап келулерін тапсырдым. Бұл тапсырманы орындаған кезде оқушылардан оқуға  деген   жауапкершіліктерінің  және оқуға деген көзқарастарының өзгергенін  байқадым,  себебі келесі сабағымда  олар менің айтуымсыз-ақ  бір-біріне бүктемені беріп жатқандарын байқадым.  Кейбір оқушылар сұрақ қиын екен десе, кейбіреулері оңай екен деп, үй тапсырмасын дұрыс оқымаған екенмін деп кері байланыста ойларын жазыпты, бұл жерде оқушылардың өздігінен оқуға реттеліп келе жатқандарын байқадым.

 Келесі бөлімде ой қозғау арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым.                                                    

Шығарма дегеніміз не?

Шығарманы қалай жазады?

Кімдер және не үшін жазады?

Шығарманың бүгінгі тақырыпқа байланысы қандай деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау деңгейлерін байқадым. Бұл сұрақтарға Н, Г, Қ, Ж, І деген оқушылар жауап беріп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап, мақсатын түсіндіріп кеттім. Бұрындары  сабақтың тақырыбын өзіміз тақтаға жазып, оқушылардың ойлануына мұрша бермей оқушыларға дайындап береді екенбіз деп дәстүрлі оқытудың кемшілігін байқадым. Одан кейін жұпқа бөліп  мәтінді оқып, кейін топ болып талқылап, бір-бірімен ақпарат алмасты. Топ ішінде талқылау аяқталған соң үш топқа тапсырма бердім.                                  

                Жұптық жұмыс                                Топтық жұмыс                        

Бірінші топқа екі ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғаларды шығармаларымен ажыратып тірек -сызба жасауды, ал екінші топқа тарихи тұлғалардың шығармаларының  ерекшеліктерін салыстырып топтастыруды, үшінші  топқа осы мәтін бойынша  "стикердегі диалог", яғни сұрақтар топтамасын жасауды және тілшілік рольді тапсырдым. С деңгейдегі  Ж мен   Г біздің болашақтағы  таңдаған мамандығымыз тілші болу, жақсы  болды  деп қуанып кетті. Тапсырманы алысымен оқушылар белсенділікпен топ ішінде тапсырманы орындауға кірісіп кетті. Әр топ жұмысын бақылап жүріп, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды жүйелі, ақылдаса отырып және бұрынғыдай емес барлық оқушы қатысатындықтарын яғни әр оқушының өздеріне берілген жауапкершілікті түсініп  мұқият орындайтындықтарын білдім. Осы тапсырмаларды жүргізу арқылы  сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратындығын білдім. Нұсқаулықта  Мерсердің (2000)  оқушылар білімді бірлесіп алуға немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып  табылады деген сипаттамасы бар [1.40] Шынымен де топтық  жұмыстарда  Мерсердің  сипаттамасын көруге болады екен. Сөйлеуі қиын, сыныпқа араласа алмайтын оқушының да өздерінің сурет салуда шығармашылық икемділіктерін көрсетуге тырысты.   Мысалы екінші топтағы А деңгейдегі  А кітаптағы тарихи тұлғаның суретін әдемілеп салып жатқанын көріп, "неге салып жатырсын?" деп едім, осы тұлғаның еңбегі туралы айтамыз  деді, яғни топтық жұмысқа үлес қосқанын көрдім. Бұл жерде топ басшылары өзінің тобындағы мүшелеріне сенім артып орындауға тапсырма бергенін байқадым. Выготскийді  оқушылар  нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын  дамытады [1.28]  деген  пікірін  мен осы жерде  түсініп байқадым.

Сабақтың барысы кезінде  оқушылардың  сабаққа деген ынтасын  және қызығушылығын арттыру үшін және жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі арқылы «сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады»,-деген Александердің  (2001) сөзін  оқи отырып, үнемі ауызша  "өте жақсы", "жарайсың", "керемет"деген сөздермен марапаттап отырдым. Сабақ барысы кезінде сыныпта оқушылар емін-еркін жүріп, қозғалыста болды. Тапсырманы орындау барысы кезінде қосымша интернет материалдарын пайдаланғандарын байқадым. Ең бірінші тапсырманы үшінші топтың мүшелері  Ж,  Г, Г және  А деген оқушылар орындап шықты.

Одан кейін қалған екі топ жұмыстарын аяқтап шықты. Барлығы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін  сергіту сәтін өткіздім. Ол  "бір-бірімізге" деп аталады,  яғни оқушыларға команда бойынша қолмен-қол, аяқпен-аяқ, құлақпен-құлақ секілді дене мүшелерін айтам, олар сол мүшелері арқылы тез-тез қимыл жасау керек болатын. Бұл сергіту сәтін жасаған кезде оқушыларда  қыран-топан күлкі болды. Берілген  команданы тез-тез орындауға тырысты, оқушылардың көзінен қуаныш пен беттерінен ерекше шаттық көңіл-күйді байқадым. Сергіту сәтінен кейін әр топтан топ   басшысы шығып, келесі топтарға берілген тапсырманы түсіндіруін айттым. Берілген тапсырмаларды оқушылардың өздері қалаған жерлерге ілулеріне бердім. Бірінші топ жұмысын тақтаға іліп,  топ басшысы  Қ.  екі ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалармен және олардың шығармаларын ажыратып көрсеткен жұмыстарын талдап, қорғап шықты. Қ.  топ басшысы ретінде тапсырманы орындау  барысында өзін-өзі сенімді ұстады. Оқушылар қызығушылықпен тапсырманы тыңдап шықты. Одан кейін  барлық оқушылар келесі екінші топтың тапсырмасын тыңдауға көшті. Олар тапсырманы жарға іліп қасына А-ның  салған суретін іліп қойыпты. Тапсырманы топ басшысы Н.  А салған суреттегі  кім екенін және оның тарихтағы еңбегіне тоқтала отырып, тарихи шығармалардың ерекшеліктерін және қазақ халқының тарихы сол шығармалармен байланысты екенін және олардың халқымыз үшін өте құнды дерек екенін айтып, қорытындылағанда оқушылардың сыни ойлайтындықтарын байқадым.   Келесі үшінші топ  мүшелері екі топқа өздерінің дайындаған  "стикердегі диалог" сұрақтар топтамасын ұсынды. Топ басшысы Ж. қолына маркерді микрофон ретінде ұстап, тілші роліне еніп, барлығына ең алдымен амандасып,содан кейін тапсырманың ережесін түсіндіріп кетті, яғни сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға смайликтер беретіндіктерін айтты. Жаннаның бұрынғы сабақтарда ерекше оқушы екенін тапсырмаларды берген кезде байқағанмын. Шанк пен  Циммерманның  (1994) метатанудың маңызды аспектісі ретінде таныған  өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін осы Жаннаның бойынан байқадым. (1,45) Ол тапсырманы тез әрі  тәртіппен орындайды және ақпараттық технологияларды меңгерген белсенді оқушы. Бұл сабақта оның актерлік шеберлігін байқадым. Топты өзіне қарай тартып, сұрақтарды қойып, дұрыс, бұрыстығын айтып оқушы мен оқушы арасында диалог қалыптастырды. Сонымен бірге бірін-бірі бағалауда жүрді. Бұл сұрақтарға барлығы жауап бергісі келіп, стикердегі сұрақтарды алып жауап беруге тырысты. Оқушылардың белсенділігін байқадым. Сұрақтарға  ең көп жауап берген оқушылар смайлик арқылы белгілі болды. Ең көп смайлик жинаған І , Н, Г, Н болды. Бұдан кейін жасыл-түсінікті, сары-жартылай түсінікті, қызыл-мүлдем түсініксіз деген үш түс бойынша топ жұмыстарын бағалауды  өздеріне тапсырдым. Оқушылар үш топқа да бағалау жасады. Үш топ өз жұмыстарына  жапсырылған стикерлерді жинап, санап шықты. Ең көп ұпай жинаған үшінші топтың жұмысы екен олар он бір жасыл стикер жинаған екен. Сабақтың соңында жиынтық бағалау жасап, қорытынды жасадым. Соңында  оқушылардан  бағалау  жайлы сұрадым, олар үшінші топтың тапсырмасы қызық болғаны, себебі өздерінің дұрыс жауап берген сұрақтарына  марапат алғаны қызық болғанын және басқа топтардың  ерекшелігін, тапсырманы орындаған кезде жіберген  қателіктерін айтып, бірін -бірі  әділ бағалады. Оқушылар бағалаудың негізгі сипаты арқылы  түсінігін, ойлауын бақылағанын байқадым. Бұл сабақтың бөлімінде оқушыларды сыни ойлатып және шығармашылық қабілеттерін шыңдадым деп ойладым.   

Сабақтың келесі бөлімін блум кубигі әдісі арқылы сыни ойлатуға және  тақырыпты қаншалықты меңгергендерін, көп сыныпта үндемейтін оқушыларды сөйлетуге тырысып қорытындыладым. Блум кубигіне  мынадай "неліктен?", "түсіндір","ата" деген сөздерді жазып, сол бойынша сұрақтар әзірледім. Неліктен?  түсіндір? деп  басталатын сұрақтар  қалың деп  аталады,  ал ата деп басталатын сұрақтар жұқа сұрақтар деп аталады. Ашық сұрақтар оқушыларды ойланып жауап беруге итермелейді, ал жабық сұрақтар есте сақтау қабілеттерін анықтауға көбірек келеді.

 

Ашық сұрақтар

Жабық сұрақтар

Неліктен Хайдар Дулати Кашмирге кетеді?

 

Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегін ата?

Өтеміс қажының "Шыңғыснама" атты тарихи шығармасында не жөнінде айтылатынын түсіндір.

М.Хайдар Дулатидің меңгерген тілдерін ата?

Әбілғазының еңбектері неліктен құнды саналады?

"Тарих" атты еңбектің авторын ата?

 

Ортаға  әр топтың мүшелерін шақырдым.  Мысалы   Н-ға ата деген сөзге байланысты "Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегін ата? "деген сұрақ қойдым, ол "Тарихи Рашиди " деп жауап берді.  Г. "неліктен Хайдар Дулати  Кашмирге кетеді? деген сұраққа ойланып жауап берді.  Одан кейін деңгейлеріне қарай  Б, А ортаға шығып, жолдастарының көмегімен сұрақтарға жауап беріп, өздерін сынап қарады. Бұл жерде  сұрақтар қою арқылы оқушыларды  сыни ойландырдым деп ойлаймын. Сабақ соңында сабағымның қандай дәрежеде болғанын және оқушылардың сабақта қандай нәтижеге жеткенін білу үшін   кері байланыс жасадым. Ол  үшін ақ бетшелер тараттым және  бетшелерден қарапайым өздері жасап жүрген самолет жасауды тапсырдым. Оқушылар тағы да таңданыспен жұмыстарына кірісіп кетті. Одан кейін әр топқа менің қолымнан келді;  мен үйрендім;  бәрі жақсы болды; мен қорықпаймын деген  сөздер жазылған  стикерлерді таратып өз ойларын жазуын    сұрадым.  Оқушылар бұл сұрақтар бойынша  түрлі ойларын жазыпты. Мысалы,  А. өзінің сызба салудың қолынан  келгенін,  сұрақтарға жауап бергенде қорықпайтынын жазыпты. М деген оқушым менің қолымнан сурет салу және тапсырма бойынша керек сөздерді табуды білдім деген ойын жазыпты. Көп оқушылар осы сұрақтарға жаауап бере отырып, сабақтың қызықты болғанын осындай сабақтар жиі болып тұрса екен деп тілек жазыпты. Кері байланысты оқи отырып, оқушыларға сабақтың ұнағанын және қолданған әдіс-тәсілдерімнің дұрыстығына көзімді жеткіздім. Осымен  бұл  сабағымды да аяқтадым.

  Енді сабағымның  сәтті және сәтсіз өткен  тұстарына талдау жасап қарайын. Сабақта жаңа тәсілдердердің  мынадай тиімділігін байқадым: оқушылар  жұптық, топтық жұмыстарда тапсырмаларды  бірігіп іске асырды, әр оқушы  жаңа ақпаратты өз бетімен игеріп  білім алуына жауапкершілікпен қарауды  үйрене бастады және  топтық және жұптық жұмыста  пікір алмасу нәтижесінде өз ойларын еркін жеткізе білді. Зерттей отырып  ізденуді,  қорытынды жасай отырып  шешім қабылдауды үйренуі, олардың танымдық қабілеттерінің артуына және  сабаққа деген қызығушылығы мен талпынысын оятты деп санаймын. Осындай әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс жүргізе отырып мұғалім ретінде мен оқушылардың  ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және білім алуда тек бағыт-бағдар беруші роль атқарып  олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттырдым деп  қорытынды жасадым. Ал сәтсіз тұстарына келетін болсам,  үлгерімі нашар үндемейтін  оқушыларымды көп сөйлете алмадым, тек бір-екі оқушыны ғана  деңгейін көрсете алды. Осы кемшілігімді түзету үшін келесі сабағымның жоспарында  жеке жұмысты жандандыруым керек. Екінші кемшілігім оқушылардың  тапсырмаларды  орындалуына берілген уақытты тиімді пайдалана алмауы. Бұл енді өткізіліп отырған үшінші сабағым болғандықтан алдағы сабақтарымда оқушыларда уақытты үнемдеу дағдыларын қалыптастырамын деген ойдамын. "Білекті бірді, білімді мыңды жығатын" мына заманда оқушылардың  біліммен қаруланатын ордасы -мектеп десек, ал мектептің тірегі , жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Сондықтан  мұғалім  оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіре отырып, өз білім-білігін  және жаңа педагогикалық  технологияны  меңгеруі тиіс. Сонымен бұл есебімді  оқушыларды   XXI  ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен  қаруландыру  үшін  жаңа бағдарламаның жеті модулін  басшылыққа ала отырып жүзеге асырамын деп қорытындылаймын.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп
Қазақ халқының мәдениеті
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 5893 | Қосты: Даутова Гулнур Темиргалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык