№18 орта мектеп қазақ сыныптарына арналған
теориялық семинарға баяндама.
Тақырыбы: «Оқу екпінділері қатарын көбейту мақсатында
В. Н. Зайцев технологиясын қолдану тәсілдері»
Өткізген: Бакынова Раушан Сериккановна
Егемен еліміздің саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік дамуында болып жатқан түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесін де жетілдіріп жаңартуды қажет етуде. Өркениетке ұмтылған әр елдің болашақ дамуы оның өскелең ұрпағына берілетін білім мен тәрбиенің мазмұндық, әрі құрылымдылық жағынан дұрыс негізделуіне байланысты. Білім берудің басты нысаны - әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәні ұлттық құндылық тұрғысынан қарастырылып, бүгінгі қоғамға лайық білікті де білгір азамат тәрбиелеу ісі алға шығып отыр. Мұндай дара тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлей отырып, керек жағдайда олармен пікірталасқа да түсе алатындай болуы керек.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр – түрлі әдіс – тәсілдері, яғни жаңашыл технология.
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Ғалымдардың көзқарастарын қарастырсақ:
В.В.Воронов « Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» десе, В.М.Шепель « технология - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістерінің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді. Ал М. Чошанов « Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» деп есептесе, Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технология – оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал» деп түсіндіреді.
Сонымен технологиялық үрдіс нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс - әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие үрдісінің басты ролін атқарады. Қорыта айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.
Біздің мектеп оқу екпінділерін көтеру мақсатында Зайцев технологиясын қолданып келеді. Бұл технология негізінде мына заңдылықтар бойынша құрылған:
1. Мектепалды сыныбы және бірінші сынып оқушыларын тіл дамыту жұмыстарына дайындау.
2. ІІ – ІІІ сыныптарда оқу дағдыларын жетілдіру.
3. ІІІ сыныпта жазу жылдамдығын көтеру.
4. Жазу сауаттылықтарын дамыту. (І – ІІІ , V - VІІ сыныптарда)
5. Есептеу дағдыларын қалыптастыру. (ІІІ - V сыныптарда)
Оқытудың заңдылықтары
Даярлық сыныбынан бастап оқушылардың сөздік қорларын дамыту жұмыстарын қолға алу керек. Сөздік қоры жетілмеген оқушыға бастауыш сынып бағдарламасын алып жүруі өте қиын.
Бірінші сынып оқушыларының сөздік қорларын тексеруді мектеп психологы мен бірінші сынып мұғалімі бірінші күннен бастап қолға алуып, 15 қыркүйекте тест көрсеткіші бойынша сөздік қоры аз оқушылар тізімі құрылуы керек. Төмендегі үлгі бойынша бақылауға болады:
№ Оқушының аты - жөні 1 2 3 4 5
1 Ақжанова Марал + + - - -
2 Қуандықов Алмас + + + + -
3 Саранов Мади + - - - -
4 Жарасова Асыл + + + - -
1. Көрсеткенді қайталай алу дағдысы.
2. Шаршы бойынша сурет салу, көшіріп салу дағдысы.
3. Заңдылыққа сәйкес сөздердің жұбын таба білу дағдысы.
4. Көру жадының көлемі.
5. Сөздік қорының көлемі.
Кестеге қарасақ оқушылардың даму деңгейлері әртүрлі. Бұл оқушыларда сөздік қорын дамыту жұмысын бірден бастауға Қуандықов Алмас ғана дайын. Ал қалғандарымен басқа салада жұмыстар жүргізу қажет.
Қазіргі кезде бірінші сыныпқа келген оқушылардың көбінің осы көрсетілген деңгейлері төмен. Сондықтан мұғалім топтарға бөлу арқылы жұмыстар жүргізу керек.
Бірінші жаттығу - графикалық диктант. Берілген нүктеден бастап, шаршы сызықты дәптерге берілген бағыт бойынша сызықтар сызады. Мысалы: екі шаршы жоғары, үш шаршыға оңға, т.с.с. Бұл жаттығулар бүкіл сыныппен 1 – 2 апта күнделікті жүріп отыруы керек; Сынықтар 12 – 15- тен аспауы және алғашқы екі – үш күнде сызықтар жоғары, төмен, оңға, солға ғана болуы, ал одан кейінгі күндері диагонал (оңға төмен) сызықтар да сызылуы қажет.
Екінші жаттығу – көшіру, шаршы бойынша сурет салу дағдыларын дамытуға арналған. Мұғалім шаршымен бөлінген тақтаға түрлі – түсті бормен әр түрлі сызықтардағы суреттер салады. Оқушылар алдарындағы қағазға соны көшіреді. Жаттығу күнделікті 5 минуттан, екі жұма жүргізіледі. Кестедегі екінші баған бойынша орындай алмайтындарға көмектесу керек.
Үшінші жаттығу – ассоциативті жадыларын дамытуға арналған. Бұл да екі жұма күнделікті өткізіледі. Суреттер жұбын тақтаға араластырып қою арқылы жүргізіледі. Мысалы: әтеш – тауық; жаңбыр – зонтик, құлып – кіліт, ит – үйшік, т.с.с. Суреттер тақтада араласып тұрады, мұғалім біреуін көрсеткенде оқушылар жұбын табу керек. Күнделікті 4 – 5 жұп сурет болуы және әр күнде 2 – 3 сурет жұбы ауысып тұруы қажет.
Төртінші жаттығу – көру жадыларын дамытуға арналады. Бұл да үш апта бойында күнделікті, түрлі заттарды бейнелейтін қарапайым 9 суреттің көмегімен өткізіледі. Суреттер оқушы сала алатындай қарапайым болуы керек. Суреттерді 30 секунд көрсетіп, бетін жауып қоямыз, ал оқушы есінде қалған бейнені салуы керек, бірақ реті ескерілмейді. Жаттығу 3 суреттен басталып, күнделікті бір сурет қосылып 9 суретке дейін жеткізіледі. Жаттығу дұрыс жүргізілген жағдайда үш жұмадан кейін оқушылардың барлығы 5 – 9 суреттің бейнесін сала алады.
Бұл жаттығуларды күніне 1 – 2 рет орындату керек, сонда барлығы екі айға жуық уақытта өтеді. Осыдан кейін сөздік қорын толықтару жұмыстарын жүргізу оңайға түседі.
Есептеу жылдамдықтарын дамыту.
1. Есептеу жылдамдығын анықтау.
Есептеу жылдамдығын бақылау екі таңбалы санды екі таңбалы
санға көбейту тақырыбына өткізген қолайлы. Көбейту арифметикада негізгі бөлімде, өйткені көбейтуді орындау кезінде қосынды да орындалады. Егер көбейтуді білмесе бөлуді де орындай алмайды.
Бақылау үшін әр қағазда 4 мысалдан 10 нұсқа тапсырма дайындаймыз. Тапсырмалар партада теріс жағымен қойылады. Оқушылар алдарындағы таза бетке аты – жөндерін жазады. Тапсырманы 1 минут орындау керек. «Бастаңдар» нұсқауынан кейін оқушылар тапсырманы ашып, орындауға кіріседі. «Тоқта» нұсқауынан кейін түгел қаламдарын қойып, тапсырманы партаның шетіне жылжытады.
Жұмысты тексергенде қате есептелген, алдын ала қима қағазда берілген сандар саналмайды.
Мысалы: х36
47
212
+144 .
1652
Бұл тапсырмада 3, 6 , 4 , 7 және 1 сандары есепке алынбайды. Ал 5 саны ше? Негізі ол қате сан, бірақ қосынды (1+4 5) тура. Сондықтан 5 саны дұрыс деп алынып есепке алынады. Сонымен бұл мысалда 9 дұрыс цифр есепке алынады. Егер бірінші тапсырмада 9 дұрыс цифр, екіншісінде 10, үшіншісінде 6 , ал ақырғы тапсырма орындалмаған болса, онда бір минутта орындалған цифрлардың қосындысы 25 – ке тең. Бұл есептеу жылдамдығының көрсеткіші. Бұл көрсеткіш қандай? Негізгі норма бойынша «5» бағасы 1 минутта 40 цифр , «4» - 30 цифр, «3» - 20 цифр болғанда қойылады. Яғни 25 цифр «3» - тік бағаға сәйкес келеді.
2. Диагностика.
Бұл бақылау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлуге болады:
1-топта минутына 15 цифрдан кем жазғандар – көбейту кестесін нашар
білетіндер.
2 – топта минутына 15 – 30 цифр жазғандар, бұлармен жаттығулар,
көбейту дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізіледі.
3 – топта жоғары деңгейдегі оқушылар, яғни минутына 30 цифрдан
артық жазғандар.
3. Жаттығулар жүйесінің методикасы.
Диагностика нәтижесіне қарай жаттығулар жүйесі 2 бөлімнен
тұрады: көбейту кестесін есте сақтау және жылдамдықтарын арттыру жаттығулары.
1) Көбейту кестесін есте сақтау жаттығулары.
Көбейту кестесін дауыстап оқып жаттау, тексеру, ал тапсырманы
орындау кезінде көзбен көріп жаттығу. 15 х 15 см қима қағаздар дайындап, оның әрқайсысына 2 – ден 9 – ға дейінгі цифрлардың біреуін жазамыз. Мұғалім кез – келген екеуін алып, мысалы 7 және 8 , цифрларды атамай, тек көрсету арқылы «неше?» деген сұрақ қояды. Оқушылар цифрларды естуі бойынша емес, көруі бойынша қабылдауы керек. Хормен «56» деп жауап берулері керек. Бір минутта 10 жаттығу жасауға болады. Бұл оқушылардың көбі көбейту кестесін білмеген жағдайда ғана қолайлы. Ал әр оқушыда меңгерілмеген 9 – 10 көбейтінді қалғанда оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Енді әр оқушымен меңгермеген бөлігін қайталау керек. Ол үшін оқушыдан көбейту кестесін толық сұраймыз да , білмейтіндерін қатты қағазға жаздырып қою және әр сабақтың басында 1 – 2 минут қайталатып отыру қажет. Бұл уақыт үнемдеуге қолайлы, яғни оқушылар өздері білетіндерін қайталап уақыт кетірмейді. Өзара тексеру арқылы да есте қалғандарын тексеруге болады. Бірақ сол оқушылардың көбейту кестесінің қайсысын білмейтінін анықтау қиынға түседі. Бұл үшін де қима қағаздар қолдануға болады. Қағаздың бір жағына 7 х 8 деп жазып, келесі жағына 56 цифрын жазамыз. Оқушыға бірінші жағын көрсеткенде ол нәтижесін айтады. Егер дұрыс айтса қағаз сол бағытта жылжытылады. Ал егер қателессе, онда келесі жағымен жылжытады да, оқушы көшіріп жазып алады. Мұндай тексеруге көп уақыт кетеді. Сондықтан көмекке жақсы оқитындарды алуға болады.
Деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жаттығу жұмыстары.
Жаппай жүргізілген жұмыстардан кейін оқушылардың көбі көбейту кестесін жаттап алады. Тек есте сақтау қабілеті төмен оқушылар ғана біраз қалады. Бұл оқушылармен жеке қима қағаздармен жаттығулар жүргізілу керек. Осы қима қағаздармен қоңырау арасында «Кім жылдам?» , «Кім тапқыр?» т.с.с. ойындар ойнатуға болады.
2) Жаттығу технологиясы.
Осындай жаттығулардан кейін қайта тексеру өткізілуі керек, сонда
көп оқушының 1 минутта 20 – дан артық цифр жазғанын көруге болады. Енді жаттығудың келесі түрін қолданамыз. Ол үшін көбейту кестесі құрылған қима қағаздар жасап алып, оқушыларға таратасыз. Қима қағаздағы тапсырмалар бірдей болмауы керек. Сонда күнделікті ауыстырып беруге болады. Қию сызығы тапсырманың астында болады. Оқушы жауабын қима қағазға емес, астындағы қағазға жазады. Егер бір аптада бес математика сабағы өтетін болса, оның төртеуінде өзара тексеру ретінде, ал бесінші күні мұғалім тексеріп бағалайды.
Осылайша үздіксіз жалғасқан екі жұмалық жаттығудан кейін көп оқушыда көбейту жылдамдығының 30 – 40 цифрға жеткенін көруге болады.
Оқу жылдамдықтары.
Білім стандарты бойынша 4 – сынып бітірген оқушы бір минутта 70 – 80 сөз оқуы қажет. Бұл 5 – сыныпқа келгенде мәтіннің көлемі өте үлкен болғандықтан көп кедергі болады. Мысалы 8 - сынып оқушысы минутына 38 сөз ғана оқитын болса, орта есеппен үй тапсырмасы сол күнгі дайындалатын барлық пән бойынша 8 бет, яғни 6500 сөз болады екен. Сонда 6500 – ді 38 – ге бөлсек, 170 минут, яғни 3 сағат бойы мәтінді оқу керек. Бір рет оқығанда ол бала ұға қоймайды, сондықтан кем дегенде 3 рет оқуы керек. Яғни 9 сағат мәтінді оқуына тура келеді. Әрине бұдан кейін баланың оқуға ынтасы өзінен – өзі төмендейді, үлгермейді. Ал оны талдауға немесе мазмұнын айтуға, тіптен аяғын оқып болғанша оқушы бас жағының мазмұнын ұмытып қалады. Кейде жалығып та кетеді. Бұл бастауыш сыныптағы оқу үздігі мен оқу екпіндісінің 5 – 6 сыныптарда оқуының төмендеуіне әкеліп соғады. Сондықтан бұл технология бойынша 4 – сыныпта бағалауды мынадай жаңа кестемен көрсету қажет:
Оқу жылдамдығы
Жазу жылдамдығы
Есептеу жылдамдығы
Негізгі мектептегі бағалары
150 80 40 5
120 60 30 4
90 40 20 3
Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл – ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Сонымен бірге В. И. Зайцев жылдам оқудың маңызына, оның ғылыми, экономикалық, тәрбиелік, саяси – идеялық мәндерін аша келіп, жылдам оқуға үйрету жолдарын, оның мүмкіндіктерін толық қарастыра жүргізілген тәжірибе жұмыстарының негізінде мынадай 8 түрлі ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныстарды кез – келген мектеп жағдайында пайдаланып жұмыс істеуге болады. Оқуға жаттығу жұмыстарын бірден ұзақ жүргізілгеннен гөрі жиі жүргізілгені тиімді.
Адамның есі күнделікті көз алдында көріп жүрген нәрседен гөрі сирек те жылдам көріп қалған нәрсені есте жақсы сақтап қалуға бейімделген. Сондықтан белгілі бір дағдыны қалыптастырғанда оған жаттығуды ұзақ уақыт жүргізгеннен де жиі, бірақ қысқа жаттыққан дұрыс.
Біздер әдетте үйде, отбасында баланы отырғызып, (әңгімені, ертегіні) оқып болмай тұрмайсың деп міндеттеп қоямыз. Егер бала нашар оқитын болса тұтас ертегі, не әңгіменіоқу үшін бір сағаттан аса уақыт керек. Ал бұл жағдайда біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Бала әр бөлікті оқып, мазмұнын айтады.
В. А. Сухамлинскийдің Павлыш мектебінде жаппай дауыстап оқу – негізгі әдістердің бірі болған. Қазір бұл әдіс барлық жерде, көптеген мектептерде тиімді әдіс ретінде қолданылып жүр. Мұнда әр оқушы жаттыға алады.
Жаппай дауыстап оқу дегеніміз барлық оқушы бірден, көршісіне және басқаларға кедергі жасамайтындай дәрежеде дауыстап оқиды. Уақытты 2 минуттан бірте – бірте 5 минутқа дейін көбейтуге болады. Бұл күнделікті оқу сабағындағы 5 минуттық оқу.
Сондай – ақ ұйқы алдындағы оқу өте тиімді. Оның мәні мынада: адам ұйықтар алдындағы оқиғаның, жағдайдың әсерімен ұйықтайды. 8 сағаттық ұйқы бойы ол әсер адамның миынан кетпейді, адамның ағзасы бұған үйреніп қалыптасқан.
Бала өлең жаттаса, кітапты басына жастап жат деу де баланы сол туралы ойлауға жетелейді. Сондай – ақ көпке белгілі кешкілік отбасы болып жиналып кітап оқудың пайдасы зор.
Егер баланың оқу жылдамдығы нашар болса, оқығысы келмесе не істеу керек? Мұндай жағдайда үзіп – үзіп оқу тиімді. Бала 1 – 2 жол оқып, суретін көреді де, демалады. Немесе суреттің астына 2 – 3 сөйлеммен түсінік жазып беру, бала сол жолдарды оқиды да, суретін көріп толықтырады.
Оқу техникасының төмен болу себебінің бірі – баланың есте сақтау қабілетінің нашар болуынан. Мысалы, бала 6 – 8 сөзден тұратын сөйлемді оқыса, аяғына келгенде басындағы 2 – 3 сөзді ұмытып қалады да сөйлемнің мазмұнын түсінбейді.
Оқушының есте сақтау қабілетін нығайту – оқушының сауатты жазуының бір негізгі шарты болып табылады. Көп тәжірибенің бірі ретінде профессор И. Т. Федоренко жасаған көру диктантын пайдалануға болады. Профессор жасаған 18 түрлі текстің әрқайсысында 6 сөйлем құралса, соңғы сөйлем 46 әріптен тұрады. Сөйлемдегі әріп саны бірте – бірте көбейіп отырады.
Ал бүкіл 18 түрлі текспен жұмыс 2 ай бойы жүзеге асырылуы тиіс. Осы екі ай ішінде бала 46 әріптен тұратын 8 – 9 сөздің жазылуын да, оқылуын да есте сақтап үйренеді.
Көру диктантын қалай тиімді жүргізуге болады? Тақтаға 6 сөйлем жазылып, 1 сөйлем ғана көрсетіледі, қалғаны жабылып қойылады. Дауыстап оқылмайды, іштей кестеде көрсетілгендей бірнеше секунд қана беріледі де, сөйлем өшіріледі. Мұғалім сөйлемді есте сақтауы бойынша дәптерге жазуды тапсырады.
Егер бірер оқушы жаза алмаса көршісінен көруге рұқсат етіледі, бірақ келесі сөйлемді өзі жазу керектігі ескеріледі. Келесі 2 – ші сөйлем де осы ретпен жазылады. Осылайша барлық 6 сөйлем толық орындалады.
Егер тапсырманы орындай алмағандар көп болса, бір таблица бірнеше рет қайталануы мүмкін. Барлық оқушы мәтінді өз бетімен жазуға үйренгенше келесі мәтінге көшуге болмайды және көру диктанты күнделікті жазылуы керек. Егер күнделікті жазылмаса есте сақтау қабілетін шыңдау жемісті нәтиже бермейді. Ал тұрақты жүргізілсе бір айдан соң оқушылардың оқуы мен жазуында алға жылжу бар екені байқалады. Әр кестені орындауға сабақтан 7 – 8 минут уақыт бөлінеді. Егер сөйлемдер сабақ тақырыбымен сәйкес келсін десең, басқа сөйлем алуға болады, тек әріп саны бірте – бірте өсіп отыруы керек. Бұл арқылы жазу жылдамдықтарын да көтере аламыз.
Оқу жылдамдықтары 1- сыныпта 70, 2 – сыныпта 90 , 3 – сыныпта 120 сөзге дейін жеткізуге тырысу керек (жыл аяғында).
Барлық оқушыны үздіктер қатарына жеткізу мүмкін емес, сондықтан оқу екпінділер қатарына жеткізуді міндетке алу қажет, яғни 120 / 60 / 30 .
2 – 3 сыныптарда қысқа мәтіндерді мазмұндатуға көңіл аудару керек.Топпен жұмыста бір – біріне ақырындап мазмұнын айтуға үйрету керек, сонда уақытты да үнемдеуге болады. Немесе мына нұсқа бойынша да өткізуге болады:
1. Мәтінен қысқа бөлікті 1 – 2 минутта оқу;
2. Сұраққа жауап беру;
3. Тақтаға 5 – 6 тірек сөз жазу;
4. Деңгейі жоғары оқушылардан сол сөздерді пайдаланып мазмұнын айтуды талап ету;
5. Жұптасып бір – біріне мазмұнын айтқызу;
6. Деңгейі төмен оқушыға мазмұнын айтқызу.
Жазу жылдамдықтарын дамыту.
Жазу жылдамдықтарын көтеру 3 – сыныптан бастап жүргізіледі. Алғашында жазу жылдамдығы оқулықтан көшіріп жазу арқылы тексеріледі. Көшірілетін мәтін оқушыға жақсы таныс болуы керек, жазбас бұрын мәтінді оқытып, мағынасы талдануы қажет. Жазу 3 минутқа созылады. Тексеру кезінде қате әріптер және талапқа сай жазылмаған әріптер есепке алынбайды. Барлық дұрыс жазылған әріптер саналып, үшке бөлінеді, бұл бір минутта жазған әріп саны болып есептелінеді.
Орта буында оқулары жоғары болуы үшін, бастауыш сыныптың аяғында минутына жазуы 60 әріптен кем болмауы қажет. Көп сыныптарда минутына жазу жылдамдықтары 40 – 45 әріп, бұл аз көрсеткіш.
Бұл технология бойынша әріптердің биіктігі 2 – 2,5 мм; бас әріптің биіктігі 4 – 5 мм ; сия – қою көк немесе қою қызғылт-көк (фиолетовый) түсті болуы шарт. Бірінші айда дәптерге әріптерді кішірейтіп жазып үйренеді. Бір айдан кейін қысқа бір сөзді, мысалы: қыс сөзін, 3 минут жазады. Егер алғашқы айға қарағанда 5 – 10 әріпке өссе, бұл жақсы көрсеткіш дегенді білдіреді. Ал 5 – тен төмен оқушылармен келесі ай бойы күнделікті 3 минут кітаптан көшіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Екінші айдан кейін қайта тексеріледі. Егер жылдамдығы көтерілмеген оқушы болса, оралмен жеке қолдарының буындарын, ұсақ моторикасын дамыту жұмыстары жүргізіле керек. Ол үшін ермексазбен жұмыс түрлері, фигураны штрихтау, шаршымен сурет салу жұмыстары жүргізіледі. Үшінші айдан кейін қайта тексеру жүргізіліп, егер ешқандай өзгеріс болмаса , онда дәрігерлік тексеруге жіберілуі қажет.
Каникул кезінде ата – аналарға арналған тапсырма беру де оқушының үлгеріміне зор үлесін қосады.
«Анамның мектебі» жаттығуы.
Бұл каникул күндеріне беріледі, күнделікті 10 минут жаттығуға арнау. 3 минут оқу, 3 минут көшіріп жазу, 3 минут есеп шығару жұмысы күнделікті бір дәптерге орындалып, анасы бағалап отыру қажет. Мектепке келгенде мұғалім тексеріп бағалайды.
Сөзімді мынадай ғалымдардың дәйек сөздерімен аяқтағым келеді:
Ш. А. Амонашвили: « Оқушыларға ұнағанда ғана берілген білім тиімді».
В. Л. Ильин « Мен күнделікті үй тапсырмасының орындалуын тексеруден бас тарттым. Есесіне әр сабағым: үй тапсырмасы туралы қандай сұрақтарың бар? - деумен басталады».
Жаднама
Даярлық тобы және 1-2 сыныпқа.

Үшінші жаттығу –ассоциативті жадыларын дамытуға арналған. Бұл да екі жұма күнделікті өткізіледі. Суреттер жұбын тақтаға араластырып қою арқылы жүргізіледі. Мысалы: әтеш – тауық; жаңбыр – зонтик, құлып – кіліт, ит – үйшік, т.с.с. Суреттер тақтада араласып тұрады, мұғалім біреуін көрсеткенде оқушылар жұбын табу керек. Күнделікті 4 – 5 жұп сурет болуы және әр күнде 2 – 3 сурет жұбы ауысып тұруы қажет.

Оқу жылдамдықтарын арттыру.

Көбейту кестесін есте сақтау жаттығулары.

Жаттығу технологиясы.

Оқу жылдамдығын тексеру.
Мәтін оқушыға таныс емес, бірақ сөздерінің бәрі таныс болуы керек. Сан есімдер болмауы қажет, ал сын есімдер 8 – 12% болуы мүмкін. Қысқа сөздер саналады, сызықша арқылы жазылған күрделі сөздер (аз – кем, қып – қызыл) 2 сөз ретінде саналады. Егер басында оқушының оқу жылдамдығы аз болса, оқушыға оқуға мүмкіндік беріп, содан кейін минутқа тексеру керек.
Жазу жылдамдығын тексеру.
Жазу жылдамдығы кітаптан қағазға көшірту арқылы тексеріледі. Мәтін оқушыларға жақсы таныс болуы керек. Жазбас бұрын мәтінді оқып, мағынасын талдау керек. Көшіріп жазу 3 минутқа созылады. Тексеруде қателер мен стандартқа сай келмейтін әріптер есепке алынбайды. Барлық дұрыс жазылған әріптер саналынып, үшке бөлінеді. Бұл оқушының бір минуттағы жазу жылдамдығы.
Есептеу жылдамдығын тексеру.

4 – сыныптағы көрсеткіш
Негізгі мектептегі бағалары
Жазу жылдамдығы
Есептеу жылдамдығы
Оқу жылдамдығы
5 80 40 150
4 60 30 120
3 40 20 90

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 9321 |
|
|
|
«Оқу екпінділері қатарын көбейту мақсатында В. Н. Зайцев технологиясын қолдану тәсілдері»

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |