Зерттеу сабағы
З айлық курсты бітіріп келгеннен кейін,бүкіл сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын қалай арттырып,өздері сөйлейтін мен аз сөйлейтін жағдайға қашан жетемін деп ойлайтынмын. Сабақта топтық жұмыс,жеке жұмыс ,сергіту сәті тағысын тағы қолданып жүретінмін. Менің көзқарасым бойынша оқушылар түкте өзгермеген сияқты көрінетін. Сөйтсем мен оларға жоғары талап қояды екенмін. Мен сабақ беретін 8 г сыныбында үлгерімі орташа оқушылар бар. Оларға қандай өзгеріс енгізсем деген ой келетін. Күндердің күнінде осы сыныпта жақсы оқитын Бағила мен Индира және Гаухар деген қыздарға келесі сабақты сендер дайындап келіңдер дедім.Олар қуана келісіп кете барды. 07.02.2015жылы «Тағамның құрамы мен оның маңызы» тақырыбында Бағила,Индира мен Гаухар сабақ өткізді.Оқушылардың сабаққа дайындығы өз дәрежесінде болды,бірақ оқушылардың сабаққа қызығушылық болған жоқ.Сабақ бытыраңқы және оқушылар шулап кетті,себебі сабақ беру бір бөлек,сонымен қатар сыныпты да тыңдата білу керек деп ойлаймын.Осыншама сабақ тартымсыз өтеді деп ойламадым.Сабақ маған да ұнамады.Сабаққа дайындаған көрнекіліктері көп ,әрі талапқа сай.Бірақ соны дұрыс қолдана алмады.Оқушылардың өздері апай сабақты сіз айта беріңізші деген ұсыныстар да түсті.Бірақ қыздардың көңіліне қаяу түсірмес үшін қыздардың жасаған еңбектерін ауызша бағалап қойдым.
Сабақтан соң, Арсен мен Саидсрожиддинбек келіп бізде өткізіп көрейікші деді.Мен ойлана отырып, келістім. Бүгінгідей сабақ болса,оның қажеті не деп, менің салым суға кетті.
Зерттеу сабағы
14.02.15ж. күні сол 8 г сыныбында биологиядан «Асқорыту мүшелері және олардың құрылысы » атты тақырыпта сабақ. Арсен мен Срожеддин апай сабақты бүгін біз өтеміз ғой деді. Мен селқос ия дедім. Өйткені алдындағы сабақ дұрыс болмай қалды. Бұл қандай болады деген ой мазалады.Сабақ басталды. Оқушыларды дене мүшелері арқылы топқа бөлді.Топ ережесін еске түсіріп,басқа топ сөйлегенде тыңдамаса -5 ұпай шегеретіндігін айтты. Олар өздеріне көмекші ретінде үлгерімі төмен Абылай деген оқушыны алған.Ол спикер рөлін атқарып отырды да, сабаққа белсене қатысқандарды бағалап отырды, арасында өзі дайындап келген сұрақтарын қойды.Оның сұрақтары бір-біріне ұқсамайтын және де әрбір топ мүшелеріне жеке- жеке дайындаған.Әрбір топ басшысы келіп,бір-бір конвертті алды.Онда бірнеше қағаз қиындылары бар екен.Оны құрастырғанда бүгінгі тақырыпқа байланысты терминдер шығады және де соның мағынасын айту.Сабақта тек шыбынның ызыңы естілді деуге де болады.Ұзын сөздің қысқасы оқушыларға тақырыпты толық жеткізе білді. Сабақ соңында өздерінің сабақтары бойынша бұрынғыдай стикерлерге жазбай интервью ретінде айтуын ұсынды. Оқушылар үлкендерге қарағанда ойларын шынайы ешбір бұрмаламай шын айтты. Кейбір оқушылар менің ойындағыны дәл атты. Бірақ мен оны оқушының көңіліне қарап айтпауым да мүмкін еді. Бұл оқушылардың сабақты мұндай дәрежеде өткізетініне өзімде таң қалдым.Олай деуімнің себебі сыныптағы оқушылардың бірі қалмай белсене араласты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын - деді кері байланыста Сабина деген оқушы. Неге деп сұрағанда. Сабақта көп сөйлемейтін оқушы сөйлегеннен кейін бұл прогресс қой – деді. Ол оқушылардың қазіргі заманға сай өзгеріп жатқандығын көрсетеді.
Осы сабақты салыстырма түрінде қорытындылағым келіп отыр.
№ Оқушының іс-әрекеті Менің іс-әрекетім
1
2
Биология сабағы біз үшін оңай онда формула жоқ. Уақытты тиімді пайдалануға болады
Попкорн әдісі бойынша тапсырмалар орындату арқылы, оқушыларды қызықтыра білді. Тапсырмалар беретінмін, сөйтіп уақыттан ұтылатынмын. Нәтижесінде 2-3 оқушы ғана баға алатын.Қалғандары қалатын.
Менің өзіме де қызық болды.
Попкорн әдісін менде білмейді екенмін.Анда-санда оқушы болып тұрған жақсы нәтиже беретін сияқты.
Бұндай сабақ өтудің негізгі алға қойған мақсатым,үш түрлі деңгейдегі оқушылардың сабаққа араласуын және де алған білімдерін өмірде қолдана білуі қадағалау. Шыңғыс деген оқушы менде осындай сабақ өтсем бола ма?-деді. Мен оған неге болмасқа дедім.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға |
Көрсетілім: 4035 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |