Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Хх дыбысы мен әріпі


Хх дыбысы мен әріпі

Х х дыбысы мен әрпі.

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

Бастауыш сынып мұғалімі:

Шайпакова Алия Айтбайқызы

Сауат ашу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Х х дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітап туралы ойларын, хат тасушы, кітапханашы, мамандығы туралы түсініктерін кеңейту.
  2. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту
  3. Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Интертақта.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, математика, музыка.

Әдісі: Түсіндіру, ізденушілік, танымдық. Сұрақ-жауап.

Түрі: Аралас жаңа сабақ.

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру.

 

  1. Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

ә)   Сабаққа зейінін аудару.

  1. II. Өткен сабақ.
  2. Ой шақыру стратегиясы.
    • Кеше қандай әріппен таныстық?
    • Қане, сол ю дыбысына сөздер ойлайық.
    • Ю дауысты ма, дауыссыз ба?
    • Дыбыс дегеніміз не?
    • Әріп дегеніміз не?
    • Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
    • Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
  3. «Жарыс» мәтінін рөлге бөліп оқыту.
  4. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ттүсінігін тексеру.
  • Мәтін не туралы?
  • Жарысқа нелер қатысты?
  •  Қасқыр аңдарға не айтты?
  • Аю қалай жүгірді?
  • Арадан қашқан аю мәреге нешінші болып келді?

 

III.      Жаңа сабақ.

  1. Жұмбақ.

Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.        (Хат)

 

 

  • Мынау ненің суреті?  (Хат)
  • Ендеше, менің қолымда хат бар.
  • Бұл хат Астанадан келіпті.

Сендерге Елбасы Н.Ә Назарбаев жолдапты.

 

 

Ендеше, хатты тыңдайық.

         Қымбатты, Айналайын балалар! Бүгінгі өтіліп жатқан алғашқы ашық сабақтарың құтты болсын!

         Сендер осы уақытқа дейін бірнеше әріпті таныыдыңдар. Санаулы күндерден соң 42 әріпті танып, Әліппемен қоштасасыңдар. Алға басқан қадамдарың, үйренген білімдерің құтты болсын!

         Елін, жерін сүйетін, Тәуелсіз елдің туын көкке көтеретін, жаны ізгі азамат болып өсетіңдеріңе сенемін.

Қ,Р. Президенті

Н.Ә. Назарбаев

  • Ендеше, балалар Елбасы сенімін ақтаймыз ба?
  • Ендеше, хатқа ағысымызды айтып, сабағымызды жалғастырайық.
  1. Мақал-мәтелдер.

Отан, жер, ел туралы.

(Оқушылар жауап береді)

 

 

  1. Түсіндіру.
  • 1 – желтоқсан – Елбасы күні.                

16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күні

 

 

  • Хат деген сөзде х дыбысы естіледі
  • Ендеше, хат деген сөзді 3 рет айтып көрейік

Х х – баспа түрінің бас әрпі және кіші әрпі

Х х – жазба түрі.

  • Бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
  • Ендеше,

 

 

  • Х дыбысы қазақ тіліінде байырғы сөздердің құрамында кездеспейді. Араб, парсы, орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән.
  • Х дыбысы сздердің барысында, ортасында кейде сирек соңында кездеседі.
  1. Шығармашылық тапсырма.

Суретпен жұмыс.

Хат, кітапхана, емхана.

  • Сөздерге дыбысты0 талдау жасату7
  • Буынға бөлу, дыбыстық талдау, сөйлемдер құрату.
  • Х дыбысының орындарын анықтау,
  • Осы сөздерді орысшаға кім аударады? (сөздік)
  1. Дәптермен жұмыс, жазу жұмысы.

Бір, екі, үш ...

Бойға жинап күш

Қолға қалам аламыз

Көркем етіп жазамыз

Х х

 

  1. Оқулықпен жұмыс. Оқыту түрлері.
    • Баған сөздерін оқу, хормен оқыту
    • Сөздердің мағынасын түсіндіру
    • Мәтін: «Кітапхана»
    • Тізбектей, кезектесе, жеке оқыту
    •  
  2. Сөздік:

Хат – хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілгенжазбаша мәтін.

Хор – музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Хан – ел билеушісі.

Саяхат – алыс жерге, ел аралауға шыққан сапар.

Хабар – жаңалық.

Халат – үй ішінде күнделікті киетін жеңіл киім.

Хадис – діни кітаптарда айтылған қасиетті сөздер.

Шахмат – ойын.

Хаттама – жиналыстың, мәжілістің барысы туралы жазылған қысқаша мазмұндама.

 

  1. Мақал – мәтелдер.
    • Кітап, оқу – білім туралы.

 

  1. Ойын: «Қол шапалақтау».

Х дыбысы бар айтылған сөздерге қол шапалақ.

Х дыбысы жоқ сөздер айтылса қол шапалақтамау.

 

  1. Сергіту сәті:
    • Музыка «Көңілді күн».

 

  1. Топтастыру.

 

Мейрам                       Ас                        Наубай

 

 

 

 

 Шебер                         хана                             Ем

 

 

 

 

 

Той                        Кітап                         Дәрі

 

  1. Ойын: «Сөз құра»            

 (топпен жұмыс)

 

 

 

         5       4       3       2       1

I –

         р       а        б       а        х

 

 

 

 

 

 

         4       6       5       3       2       1      

II –

         м       т        а        х       а        ш     

 

 

 

         2       1       3

III –

         о       х       р

 

 

  1. Ойын: «Адасқан буындар»          

 «Адасқан сөздер»

 

 

 

         на, ха, ем - емхана

а)

         кітапханашы, апай, Райхан – Райхан апай кітапханашы.

 

 

 

 

 

         На, ас, ха - асхана

ә)

         алдым, кітап, кітапханадан – Кітапханадан кітап алдым.

 

 

  1. Терме диктант. Жаңылтпаш.

         Хакім хат ашып отыр,

         Хат ашып, шатасып отыр

         Ол хатты қате ашып отыр.

  1. Сөз жұмбақ.

 

 

Ә

Ж

Е

 

Л

А

Қ

 

І

Н

 
 

П

І

Л

 

П

Т

А

 

Е

С

Е

А

П

Т

А

К

Е

С

Е

 

 

  1. Әкеңнің анасы
  2. Ешкінің төлі
  3. Тышқанның үйі
  4. Ірі жануарды ата
  5. Жеті күн қалай аталады
  6. Ыдыс түрі

 

 

  1. IV. Қорытындылау.

 

  1. Сұрақ – жауап:
    • Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
    • Х қандай дыбыс?
    • Х әрпінен басталатын сөздер айт.

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма.

 

99 – бет, сөздерді оқу, мағынасын ашу. «Кітапхана» мәтінін оқу, түс айту. Жақсы көрген аадамдарыңа хат жазып келу.

 

  1. Бағалау

 

  • Балалар, сендердің сабаққа қатыстарыңды көңіл – күйлеріңді смайликпен бағалаймын.

 

 

VII. Аяқтау.

Мұғалімнің айтқанын,

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең беске оқимыз. Ойын: «Қол шапалақтау».


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10555 | Қосты: Алия Шайпакова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык