Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 24000 |
|
|
|
Тәрбие үрдісінің заңдылықтары мен негізгі принциптері. Өзін-өзі тәрбиелеу.
Тәрбие үрдісінің заңдылықтары мен негізгі принциптері. Өзін-өзі тәрбиелеу.
Жобаның түрі: Бірпәндік
№ Жоба бойынша ұсынылған
Тапсырмалар Жоба нәтижесін
көрсететін жұмыс
1 Тәрбиенің идеялығы мен мақсаттылығы принципі. Эссе жазу
2 Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы принципі. Дәлелдемелер тізімін жасау
3 Тəрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы принципі. Суретті схема (көрнекі плакат)
4 Тəрбие гуманизациясы принципі. Буклет құрастыру
5 Тəрбиеге тұлғалық бағыт беру принципі. Суретті альбом
6 Тəрбиелiк ықпалдардың бiрлiгi принципі. Мақала
7 Өзін –өзі тәрбиелеу принципі. Журналистік сұрақтар дайындау
Принцип
Принцип дегеніміз – адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесіңің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар.
Тәрбие принциптері
Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Принциптерге қойылатын талаптар
Мiндеттiлiк: Комплекстiлiк: Бiрмəндiлiк:
Тəрбие принциптерi - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық жəне мiндеттi түрде тəжiрибеге ұласуды талап етедi. Егер тəрбиешi принцип мiндеттерiн бұзса, онда ол тəрбие процесi жетекшiлiгiнен аластатылады. Тәрбие принциптер комплекс, бөлiнбеген талаптар түрiнде тəрбие процесiнiң барлық кезеңдерiнде бiрiгiмдi қолданылуы тиiс. Принциптер тармақталмай, фронтальды əрi барлығы бiрдей iске асып отырады. Тəрбие принциптерi -жалпыға бiрдей ортақ ережелер ретiнде бiрмəндi болып келедi, олардың арасында бiреуiн бiрiншi кезекте орындау керек сияқты негiзгi немесе қосалқы принциптерi болмайды.
Мәселелік сұрақтар:
1-топ. Мектептегі тәрбие жүйесінің маңызы. (Практикадан мысалдар келтіру).
2 -топ. Тәрбие принциптерінің іске асырылу жолдарын көрсету.
3-топ. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы.
Аталған мәселелер бойынша студенттер өзбетіндік шағын зерттеу жұмыстарын тыңдау, талқылау, жобалар ұсыну.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы принципін қалай
басшылыққа алуға болады?
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, арожданы мол еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
Жоба нәтижесі (дәлелдемелер жасалды)
Мектептің тәрбие жұмысының жоспары–педагогикалық құжат. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнының негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет.
Жоспар жасағанда сынып жетекшісі окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
1. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы тиіс.
Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек.
2. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
№30 мектептің тәрбие жоспары, сынып жетекшісінің жоспары.
Тәрбие жұмысына мақсат-міндеттер қою.
Тәрбие жұмысының формаларын, мазмұнын.
Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі (жүйелілігі, үздіксіздігі) принципі
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдейді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі-тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс- әрекеттің сабақтастығы. Бұл принцип келешек ұрпақ тəрбиесiндегi мектеп, отбасы жəне қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципi деп те аталады.
Тəрбиеленушi тұлғасы отбасы, жолдас-жоралары, ересектер, қоғамдық ұйымдар, оқушылар ұжымдары əсерлерiнен қалыптасады. Осы ықпалдар iшiнде сынып ұжымы мен тəрбиешiнің беделi ерекше. Тəрбиешi мен тəрбиеленушiлер тарапынан қойылған талаптар бiрлiкте болып, бiр-бiрiне қайшы келмеуi тиіс.
Жоба нәтижесі (дәлелдемелер жасалды)
№30 мектептің 3 «а» сыныбының жетекшісі жоғарда аталған принциптерді басшылыққа алып, мектепте ата–аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданады:
- сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.)
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу т.б.)
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата – аналардың ашық есік күніне т.б.
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және формалар арқылы материалдық көмек т.б.
- отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық психологиялық кеңес беру. - - бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл – кеңес беру.
- ата–аналар белсенділерімен жұмыс және ата–аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
- ата – аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырма беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсету.
Тəрбиеде тəрбиешi мен ата-ана арасындағы келiспеушiлiктер де аз емес. Кейде ата-ана педагог талаптарын жоққа шығарып, балаларын шектен тыс еркелетедi. Мұндай келiспеушiлiктi жою үшiн екi тараптың да тəрбие талпыныстары өзара үйлесiмге келгенi жөн.
Жоба нәтижесін көрсететін жұмыс (дәлелдемелер жасалды)
Сынып жетекшісі жоғарда аталған принципті басшылыққа алып, ата–аналармен бірге жұмыстар жүргізеді:
- ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.
- отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
Ықпалдар бiрлiгi принципiнiң практика жүзiнде iске асырылуы сабақта жəне одан тыс кезде де тəрбиенiң бiртұтас жүйесiне байланысты. Тəрбие процесiнiң жүйелiлiгi тұлғалық белгiлердi қалыптастырудағы бiрiздiлiктi сақтаумен қамтамасыз етiледi. Тəрбие жұмыстарында алдыңғы қалыптасқан сапалар мен қылық нормаларына сүйену қажет.
Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы принципі
Бұл принцип педагог iс-əрекетiн мемлекеттiк тəрбие стратегиясына сəйкес өскелең ұрпақ тəрбиелеу мiндеттерiне бағындыруды көздейдi жəне тəрбиешi iс-əрекетiн қажеттi тұлға типiн қалыптастыруға бағдарлайды. Мектеп-бұл мемлекеттiң, қоғамның жəне тұлғаның бiлiмдiлiк сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған əлеуметтiк мекеме жəне қоғамдық-мемлекеттiк жүйе. Қоғамдық процестерге əр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан адамзаттық тəрбие де жас кезеңде басталады. Əлеуметтiк жауапкершiлiк сезiмi балада сəл кешiрек, яғни мектептiң екiншi сатысында ояна бастайды. Əлеуметтiк саналарды қалыптастыру кезеңдерiнде берiлетiн бiлiмдердiң оқушылар жасы мен даму деңгейiне сəйкестiгiне жете көңiл бөлiнуi тиiс.
Тəрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы принципі
Тəрбиенің өмірмен байланысты болуы принципi көптеген тəрбие жүйелерiнiң негiзгi принципi болып табылады. Ол тəрбиешiлердiң мынадай екi бағыттағы белсендi iс-əрекетiн талап етедi:
1) əртүрлi өзгерiстерi мол қоғамдық жəне еңбектiк өмiрмен тəрбиеленушiлердi кең жəне нақтылай таныстыру;
2) тəрбиеленушiлердi шынайы өмiрлiк қатынастарға, əртүрлi қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.
Бұл тəрбиенi, яғни ''өмiр мектебiн'' барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткiзедi. Нəтижеде оларда əрекет-қылық тəжiрибесi жинақталады, қоғамдық өмiрге кiрiсуге қажеттi дағдылар қалыптасады.
Еңбекпен, өмiрмен байланысқан тəрбие келесi ережелердi ұстану арқылы iске асады:
1. Сабақта жəне сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында көзделген талаптарды орындау принципiнiң бағдарламасы болуы шарт. Оларды бiртiндеп iске асырып бару қажет.
2. Тəрбиешi өз əрекеттерiн отбасы мүддесiмен келiстiре отырып, əрбiр тəрбиеленушiге қоғамдық өндiрiске негiзгi тигiзер пайдасы оның оқу еңбегi, отбасы мен мектептегi көмегi екендiгiн түсiндiредi.
3.Балалар əдетте iс-əрекет жасауға құлшыныс бiлдiрiп тұрады. Енжарлық, iссiздiк
дегендер бала табиғатына жат нəрселер. Осыны ескермеген тəрбиешi тұлғаның əлеуметтену процесiн бұзып, оның дамуын бəсеңдетедi.
4. Бұл принциптi iске асыру сабақтар мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарда жергiлiктi өлкелiк материалдарды кеңiнен пайдалануды талап етедi.
5. Тəрбие процесiнде балалар өз еңбегiнiң қоғамға, адамдарға қажет екендiгiн сезiнiп,
одан қанағат лəззатын алуы қажет.
Тəрбие гуманизациясы принципі.
Бұл принциптiң талаптары:
1) тəрбиеленушi тұлғасына адамилық тұрғысынан қарау;
2) оның құқықтары мен тəуелсiздiгiн сыйлау;
3) тəрбиеленушiге саналы ойластырылған талаптар қою;
4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымы;
5) адамның өзiмен-өзi болу құқығын қолдау;
6) тəрбиеленушiнiң санасына тəрбиенiң нақты мақсатын жеткiзу;
7) қажеттi сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы;
8) тұлғаның қадiр-қасиетiн төмендететiн дене жəне басқа да жазалаудан бас тарту;
9) тұлғаның нанымдарына қандай да бiр себептермен қайшы келетiн қасиеттердi қалыптастырудан аулақ болу құқығын мойындау (гуманитарлық, дiни сенiмдер жəне т.б.).
ЮНЕСКО қабылдаған ''Адам құқығы декларациясының'' бiрiншi бабында былай деп жазылған: ''Барлық адамдар өз қадiрi мен құқығы бойынша ерiктi жəне тең. Олардың өзiндiк санасы мен намысы бар жəне олар бiр-бiрiмен қарым-қатынаста болуы керек.
Тəрбиеге тұлғалық бағыт беру принципі
Тұлғалық сапаларға сүйену тəрбиенiң өте маңызды сипаттамаларының бiрi, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере бiлу. Тұлға бағыты оның өмiрлiк жоспарларын, қалыптасқан өмiр жолдарын, iс-əрекетiн жəне қылығын басқарушы мотивтерiн бiлдiредi.
Тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципi тəрбиешiден мына мiндеттердi орындауды талап етедi:
1) өз тəрбиеленушiлерiнiң жеке темперамент ерекшелiктерiн, мiнез бiтiстерiн, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерiн қырағы танып, жақсы бiлу;
2) ойлау бейiмi, тұлғаның бағыттылық мотивтерi, қызығушылықтары, өмiрге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы, өмiрлiк жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейiнiң қаншалықты болғанын жəне болатынын анықтай бiлу;
3) тұлға дамытудың əсерлi түрiн бiртiндеп күрделендiре отырып тəрбиелiк iс-əрекеттерге əрбiр тəрбиеленушiнi тарту;
4) дер кезiнде мақсатқа жетуге кедергi болатын себептердi анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезiнде сезiп, жою мүмкiндiгi болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тəрбие тактикасын ауыстыра бiлу;
5) тұлғаның өз белсендiлiгiне көбiрек сүйену;
6) тəрбиенi тұлғаның өзiндiк тəрбиесiмен байланыстырып, өзiндiк тəрбиенiң мақсат, əдiс, формаларын таңдауға көмектесу;
7) тəрбиеленушiнiң өзiндiк iс-əрекетiн, белсендiлiгiн, дербестiгiн дамытып, оған жетекшiлiк етiп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.
Өзін -өзі тәрбиелеу.
Жеке міндеттеме - белгілі бір мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу өзіне - өзі қызмет көрсету.
Өзіндік есеп беру қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз ісқылығына талдау жасау өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап,себебін білгісі келуі оны жоюға тырысуы. Өзін-өзі бақылау кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінезқұлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру- мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін- өзі тәрбиелеуі.К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда , сыртқы сабырлылықты сақтау.
• Турашылдық.
• Ойлы әрекет.
• Шешімділік
• Өзің туралы қажет болмаса бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
• Бітірген ісіне ешуақытты мақтанба.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді.
Өзін-өзі сынау әдісі дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің(эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі алдына қойған міндетті орындау, аутқымау.
Жағдайат:
9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп,екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады. Өзін-өзі тәрбилеудің құрамды бөлімдері:
• Өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою
• Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау
• Әдістерін анықтау
• Аутотренинг- жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
• Өзін -өзі бақылау.
Оқу сұрақтары:
1. Тəрбие принциптерiнiң негiзгi ерекшелiктерi қандай?
2. Тəрбиенiң қоғамдық бағытта болуы жəне оның өмiрмен байланысын дəлелдеңiз?
3. Тəрбие гуманизациясы дегенiмiз не?
4. Тəрбиенiң тұлға дамуындағы маңызы қандай?
Сабақты қортындылау:
Студенттермен жобаның өтуі жайлы ойы қортындылау педагог-тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С Макаренко қарсы болып оны ұжымның жан- жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.Бірлескен іс -әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді деді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |