Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бозбала мен бойжеткен


Бозбала мен бойжеткен

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен


Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; эстетикалықталғамынарттыруарқылыөнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққабаулу,ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 - 11 - сыныптың 4 жігіті мен 4 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, -
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке - жеке таныстырылады)

Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
Бұл сайыс барысында қатысушы қыз - жігіттер  сайыс шарттарын орындауы тиіс. өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады.

Жүргізуші: Енді кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әржұпномерлерінесәйкесорындарынатұрады)
Сайысб а ғ д а р л а м а с ы :
1.    Сәлемдесу (ерекше түрде)
2.    «Өнерлінің өрісі кең» (әр жұп бірге өнер көрсетеді)
3.    Диалог (көркем шығармалардан үзінді оқу)
4.    «Мен сыйға тартқан орамал» (қыз балалар, ер балаларға ерекше сый дайындайды)
5.    Пародия (қазақ әншілерінің танымал әндерін дәл нақышында, әртістік қабілеттерін көрсете отырып орындау)
6.    Ситуациялықсұрақтар (ер балаларға)
1. «Сәлем - сөздің анасы» бөлімі
Жүргізуші:
Ерке өскен, бұла қыз ең, қылықты,

Бүгін көрдім, бойжетіпсің, көрікті.

«Бойжеткен мен бозбала»-ның төріне,

Бір өзіңмен бозбаламыз танысуға келіпті.

Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.


Әр жұп өздерін таныстырады.

2. «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.

3. Келесі бөліміміз диалог оқу, яғни әрбір жұп көркем шығырмалардан кейіпкерлердің образына ене отырып әртістік шеберлік көрсетіп үзінді оқу.

4. «Мен сыйға тартқан орамал»
Бұрын қазақтың қыз - жігіттері бір - бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, бойжеткендер  өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.

5. Пародия (қазақ әншілерінің танымал әндерін дәл нақышында, әртістік қабілеттерін көрсете отырып орындау)
6. Ситуациялық сұрақтар (ер балаларға)
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Түрлі сауал жұптарға біз берейік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік.

Қазақ халқы жұмбақтап, астарлап сөйлеп, айтар ойын тұспалдап жеткізе білген. Бұл бөлімде әр жұптың қаншалықты тапқыр, ойлары жүйрік екендігі анықталады. Сіздерге халқымыздың жұмбақ сөздері жасырылған кеспелер таратылады. Ойлануға 3 минут беріледі.

1. А) Ертеде өзі сері, өзі әнші, өзі күйші бір жігіт болыпты. Бірақ, тұрмысы кедей екен. Пәлен деген ауылда үлкен той болатынын естіген жігіт бармақшы болып, әке - шешесінен рұқсат сұрайды.
Әкесі: «Балам, ауылың жіберсе барарсың»,- дейді. Сонда баласы: «Ауылың жіберсеңіз қалай, неге жібермейді, мен сіздерден рұқсат сұрап отырған жоқпын ба?» деп таң қалады.
Тойдың болатын уақыты жетіп, тойға жинала бастаған жігіт «ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсініп, санын соғып қалған екен.
«Ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.( Жігіттің тұрмысы кедей, тойға киер киімі жұпыны болатын. Бұрын тойларға ауыл адамдарынан киім сұрап баратын болған.)
Б)Ара, ара, аралар,

Гүлдерденсорып бал алар.

Алысқаұшып бара алар,

Бал тәттіғой, балалар!(жаңылтпашты опера әуеніне салып айту)
2. а) Екі атты келе жатса, бір қойшы қой бағып отырса керек. Бұлар кездесіп, аман - саулық сұрасқан соң, қойшы екі аттының бірінен «Қасыңдағы жолдасың кім?» деп сұрайды. Сонда аттының айтқан жауабы: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Кім екенін өзің біл», дейді.(Атты кісілер - әкесі мен баласы)
Б) 10 метрлік биік баспалдақтан жарақат алмай қалай секіруге болады?  ( ең төменгі баспасынан секіру керек)
3. А) Ертеде бір ауылда қыз - жігіттер жиналып, бастаңғы жасайды. Бастаңғыға бір жұпынылау тұратын үйдің қызы да бармақшы болады. Әкесінен рұқсат сұрап, бастаңғыға қайтсе де баратындығын айтады. Сонда әкесі: «Қызым - ау, мен рұқсатымды берермін - ау, бірақ барғысбасың барғызбас», - дейді. Қыз «Барғызбасы несі, кім барғызбайды? Неге барғызбайды? Неге бармаймын? Барамын!» – деп қиғылық салады. Бастаңғы уақыты таянып, оған барар кезде, барғызбастың барғызбасы не екенін түсінген қыз бастаңғыға бара алмай қалады.
Қыздың әкесі не айтты?(Қыздың бастаңғыға киіп баратын киімі жоқ.)
Б)Іздеп ек бір-бір құр,

Қу екен қу құрғыр,

Таптырмай қырдан құр,

Қайттық біз құрдан-құр(жаңылтпашты рэп түрінде орындап бер)
4. А) Екі жақсы атқа мінген жолаушылар бір кісіге кездеседі. Жолдағы кісі былай дейді: «Мына кісінің жорғасын - ай, қыздан өткен жолдасын - ай». Сонда атты адамның бірі: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Мен бұл кісінің жан денесі», - дейді.
Бұл адамдар бір - біріне кім болғаны?
(Жолаушылар - әкесі мен қызы. Жауап берген жолаушы – қызы.)
Б) Қара қарға 3 жыл өмір сүргеннен кейін не істейді?  ( 4- жыл өмір сүреді)


7.Қорытынды.

Жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар ортаға шақырылады.

Бозбалаларға: Бойжеткендеріміздің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргін келеді?
Бойжеткендерге: Сенің таңдауындағы бозбаланың қандай болғанын қалайсың?


«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен –күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Күз сарайы» кеші.
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Арулар - асыл жандар.
Алтын күз
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5626 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык