Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі


Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі

Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі

Тақырыбы: Әдеп – адамгершіліктің алтын діңгегі

Мақсаты: а) балалардың әдеп, әдептілік құндылықтары туралы ой өрісін кеңейту

ә) ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліпбесін бала бойына дарыту.

Әдептілік, ұқыптылық, достық,сыйластық құндылықтарды бала бойына  дарыту

б) өз халқының әдептілік туралы нақыл сөздерін, мақалдарын үйрету арқылы адамгершілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, дидаутикалық ойын: «Сиқырлы сөздер», «Әдептілік», «Сыйластық», тақпақтар, мақалдар, кейіпкерлер арқылы көрсету, сергіту сәті, ән.

Көрнекілігі: үн таспа, орман дикорациясы: ағаштардың бұтағы, саңырауқұлақтар, гүлдер, балаларға аңдардың киімдері, ағаш сұлбасы, ағашқа жабыстырмалы жемістер, сыйлыққа тәттілер.

Барысы: Ұйымдастыру. Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен. Бәріміз қонақтармен амандасайық.

Сәлеметсіздер ме!

Армысың, алтын күн!

Армысың, Жер-Ана!

Армысыздар, қонақтар!

Армысыңдар, достарым!

Енді, балалар, бүгінгі күніміз жақсы, сәтті өту үшін бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

-          Аспанымыз ашық болсын!

-          Отанымыз тыныш болсын!

-          Деніміз сау болсын!

-          Нанымыз мол болсын!

Көп рахмет сендерге, орындарымызға отырамыз.

Балалардан жыл мезгілін сұрау, ерекшеліктерін айту.

Әңгімелесу:

-          Балалар, сендер әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

-          Жақсы, тәртіпті, өтірік айтпайтын бала болады.

-          Ал, сендер қандай әдепті, жылы сөздер білесіңдер?

-          Сәлеметсіз бе, өтінемін, кешіріңіз, сау болыңыз, рахмет.

-          Өте тамаша! Әдептілікті бізге кім үйретеді?

-          Әдептілікті бізге ата-аналарымыз, үлкендер үйретеді.

-          Ал әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдептілікті, адалдықты, кішіпейілділікті сендерге ата-аналарыңыз, апайларыңыз  үйретеді.

-          Әдепті бала ұқыпты, тіл алғыш, шыншыл болады, өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді және жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады.

-          Ал, сендер әдептілік туралы тақпақ білесіңдер ме?

Нұрай: Әдептілік бұлақтай,

Тазалығы арыңның.

 Өлшемі ол сынаптай

Бойыңдағы барыңның.

Шахназ: Дастарханның басында,

Әдептен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз.

- Жарайсыңдар, балалар!

Өзінен өзі құстардың дыбысы, су сылдыры бар әуен жәй ойналады.

Тәрбиеші: Балалар, ыңғайланып отырып көзімізді жұмасыз. Бәріміз орманға саяхатқа шықтық деп елестетейік. Орманда ағаштың түрлері көп екен. Әдемі гүлдер, саңырауқұлақтар өсіп тұр. Құстар сайрап, су сылдырап, самал жел ағаштың жапырақтарын тербейді. Алдымыздан түлкі, қасқыр кездесті. Енді көзімізді ашамыз. Қараңдаршы, бізге шыныменде аңдар келіпті. өздері сонай шыдамсыз, бір орнында отыра алмайды екен. Жан-жағын шашып, саңырауқылақтарды құлатып, гүлдерді басып, жұлып тастап жатыр. Балалар көріністі көрсетеді.

Аңдардың жасап жатқаны дұрыс па, балалар? Осы әдептілікке жата ма?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес, бұл әдептілікке жатпайды.

Тәрбиеші: Енді не істейміз, көмекке кімді шақырсақ екен, аңдарды қалай ұқыптылыққа үйретуге болады? (Осы кезде әдемі әуенмен айнала, қолында таяғы бар сыпайылық ханшайымы келеді.) Балалар, қараңдаршы, бізге көмекке қонақ келе жатқан сияқты.

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Ханшайым? Балалар, таныдық па, бұл сыпайылық әлемінен келген Ханшайым ғой.

Ханшайым: Мынау әдепсіздер орманы емес пе? Саңырауқұлақтар жұлынған, гүлдер тапталған. Мұнда әдепсіз, тентек аңдар тұратын болды ғой. Осылай жалғаса беретін болса, ормандағы бүкіл өсімдік құрып кетеді. Ал, біз қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялауымыз керек. Балалар, сендерде бақылап отырсыңдар ма?

Тәрбиеші: Иә, Ханшайым, бізде әдепсіз аңдарды көріп не істерімізді білмей отыр едік. Сіз бізге көмектесесіз бе?

Ханшайым: Көмектесейін. Мына әдепсіздікті не істесем екен? (әдепсіз аңдардың қасында әрлі-берлі жүріп ойланады). Жарайды, балалар, мен сиқырлы таяғыммен әдептілік әлеміндегі достарымды жіберейін. (Әуенмен айналып шығып кетеді.)

Тәрбиеші: Балалар, сыпайылық ханшайымы бізге кімді жібереді екен?

(Осы кезде бөлмеге Ақыл есімді бала мен досы Қоян келеді. Есіктен кіріп келе жатып аңдардың шашқан бұтақтарына қоян сүрнігіп кетіп, аяғын ауыртып алады..)

Ақыл: Достым, саған не болды, аяғыңды ауыртып ал,ан жоқсың ба? Мынау не қылған шашылған жер, Ханшайымның айтқан жері осы болды ғой.

Қоян: Иә, шынымен мына жер неге шашылып жатыр? Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар.

Ақыл: Бізді осында сыпайылық ханшайымы жіберген. Біз әдептілік әлемінің тұрғындарымыз. Менің атым Ақыл, ал мынау менің досым Қоян.

Тәрбиеші: Қош келдіңдер, қонақтар! Біз мұнда әдепсіз орманына кезігіп, ондағы аңдардың ісін көріп, не істерімізді білмей жатырмыз. Бізге көмектесесіздер ме?

Ақыл: Жарайды, көмектесеміз. Онда Қоян екеумізге екі-үш бала көмектессін, бірігіп аңдардың орманын ретке келтірейік. Жан-жағымызды таза ұстап, ұқыпты болуымыз керек. Мұны біздер әдептілік дейміз. Сендердің бұларың дұрыс емес.

Тәрбиеші (аңдарға қарап): Міне, қараңдаршы, әдептілік әлемінде қандай ақылды балалар тұрады.

Аңдар: Рахмет, достар, енді бұлай жасамаймыз. Бізде әдепті, ұқыпты болуға, айналамызды таза ұстауға уаде береміз.

Ақыл: Жарайсыңдар, достар. «Әдептілік әлеміне» қош келдіңдер!

Тәрбиеші: Енді, достар, балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар. Балалар, біздер аңдарға өзіміздің күнделікті қолданып жүрген әдепті сөздерімізді үйретейікші. Барлығы шеңберге тұрып ойнайды.

Ойын: «Сиқырлы сөздер»

Ойын тәртібі: ортаға ағаш сұлбасы әкелінеді, балалар оған дайын алмаларды әдептілік сөздерін айта отырып іледі.

Тірбиеші: Міне, қараңдаршы, ағашымызда әдемі жемістерге толды. Жарайсыңдар, балалар кішкентай болсаңдарда кқптеген әдептілік сөздерін білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Ақыл: Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз аңдармен қосылып, шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтайық.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар жанға

Тек жақсылық ойлаймыз.

Ақыл: Рахмет, балалар, біз сіздермен кездескенімізге өте ризамыз. Мен өзімнің ризашылығымның белгісі ретінде сендерге және қонақтарға «Әдептілік әлемінен»  ала келген тәттілерімді сыйға тартқым келеді. Балалар, әдепті балалар болып жүрулеріңе тілектеспін. (Сыйлықты тәрбиешіге береді.)

Енді біздің қайтатын уақытымыз болды. Қош сау болыңыздар.

Балалар: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Балалар, «Әдептің не екенін әдепсіздікті көргенде білерсің» деген екен халқымыз. Яғни, жаман істерді көргенде оның дұрыс емес екенін, олай жасауға болмайтынын түсінеміз. Ал, балалар, әдептілік туралы мақалдар білесіңдер ме?

Іңкәр: «Сіз» деген - әдеп,

 «Біз» деген – көмек.

Досжан: Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.

Шахназ: Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Альбина: Мейірімділікті анадан үйрен.

Әдептілікті данадан үйрен.

Қадір: Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық.

Айдос: Әдептілік ар-ұят – адамдықтың белгісі.

Аяжан: Әдеп басы – тіл.

Бақыт: Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Іңкәр: Кішіге – ізет, үлкенге – құрмет

Қорытындылау.

Балалар, біз бүгін не жайлы әңгімелестік?

Әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық жайлы.

Біз кімдерді кездестірдік? Нелерге көмектестік?

Ханшайымды, Ақылды және Қоянды, әдепсіз орманындағы аңдарды кездестірдік. Аңдарды әдептілікке, ұқыптылыққа үйреттік,

-  Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, біз бүгін әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, көптеген жылы сөздер айтуға үйрендік. Балалар, әдептілік туралы өлеңімізді айтып, тәрбие жұмысымызды аяқтайық.

Жақсы оқушы бар бізде,

Кілең бестік алады.

Жаздай оқып, ал күзде

Әңгімелеп береді. 

Үлгілі осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді көрген жұрт.

Қиындықты жеңіп күн,

Құшақ гүлге толады. 

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдептілік - әдемілік.
« Әдепті бала - әдемі бала»
Мен әдепті баламын.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мен әдіпті баламын
Әдептілікке тәрбиелеу.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 19905 | Қосты: Оспанова Мөлдір Амангелдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык