Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 14899 |
|
|
|
Сөз туралы түсінік
Тақырыбы Сөз туралы түсінік
Мақсаты: сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру. Сөз белгілі бір заттың ,құбылыстың, сын-сапаның, т.б. атауы екенін, сөздің өзіне тән мағынасы болатынын ұғындыру. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.Сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу. Көрнекілігі:мультемедиялық тақта,қима қағаздар. Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талқылау, көрнекілік. Түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.Шырылдады қоңырау, Сабақты біз бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп бәріміз Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Сұрақ-жауап әдісі:
1. Сөйлем деген не? 2. Сөйлем мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір. 4. Сұраулы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Мысал келтір. 5. Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір. 6. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз? 7. Берілген сызбалар бойынша сөйлем ойла.
. ? ! 8. Сөйлеу тіліміз неден құралады екен?
9. Сөйлем неден құралады?
ІІІ.Жаңа сабақЕндеше ,бүгінгі сабағымызда біз «Сөз» қаласына барамыз.Қандай да бір қалаға қыдырып барарда сол қаланың тарихы туралы білеміз. Ал, «сөз» туралы біз не білеміз? (Сөз дыбыстардан құралады,сөздің мағынасы болады, сөзден сөйлем құралады)
-Жарайсыңдар, балалар! «Сөз» қаласының қақпасы ашылу үшін мына сөйлемді оқиық. ( Қшо діңкелдеріз - Оқи аламыз ба? Неге? – Олай болса әріптерді орнымен қойып оқып көрейік. - Қош келдіңіздер!
- Енді түсінікті болды ма? Неге? – Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сөз және оның мағынасы» деп аталады.Дәптерлерімізді ашып күннің жады мен тақырыбын жазып қояйық. – Міне, «Сөз» қаласының қақпасы ашылды, алғашқы тапсырмамыз да күтіп тұр.
«Ойлан,тап» Бұл тапсырмада әр бағанда не жазылғанын оқып, бір-бірінен өзгешелігін табу. (Бірінші бағанда-дыбыстар, екінші бағанда-буындыр, үшінші бағанда-сөздер.Дыбыстар-жеке тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады. Буын-дыбыстардан құралады.Сөз-белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.)
Қақпадан өттік. Енді қаланы аралайық. Бұл «Дыбыстар» көшесі екен.Бұл көшеден не көріп тұрмыз? (Шырша) - Шырша сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
Шырша (суреті)
аты қимылы сапасы саны
шырша өседі жасыл,әдемі біреу
- Осыдан қандай ереже шығаруға болады? (Оқушылардың жауабы) Сөз –заттың, қимылдың, сапаның, санның атауы. Мысалы: ай, үй, ақын; тұнық,әдемі; жиырма; түсін.
-Міне, келесі көшеге де келдік. «Буындар» көшесі.
«Сөз жаса, көп жаса» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, бірнеше сөз жасап жаз.
ж .. л жа
-Сөздер неден құралып тұр? (Дыбыстан)
– Әріп деген не? (Дыбыстың таңбасы) - Жыл, жол сөздерінен не байқадыңдар? Қандай қортынды шығарамыз? (Сөздегі дыбыс өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді) Жыл – мезгілді білдіреді, жол – адамдар жүретін соқпақ, сүрлеу, т.б.)
Сергіту сәті. «Қар лақтыру» ойыны.
Мұғалім бір сөзді айтып, бір оқушыға домалақ қарды лақтырады. Оқушы сол сөздің бір дыбысын өзгертіп жаңа сөз айтып, келесі оқушыға лақтырады. Солай кезекпен жалғасады.
«Сөз мағынасы» көшесіне де келіп жеттік. Тапсырманы орындамас бұрын - сөз нені білдіретінін қайталап жіберейік.
Оқулықтағы 234-жаттығуға көңіл аударайық.
Сөздерді мағынасына қарай топтап жаз және сұрақ қой.
Келесі тапсырма: топпен жұмыс.
1-топ: Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін тауып қой.
Еңбек сүйгіш ......... Ерте шығып ...... , (құмырсқа, жұмысқа) Жазда астық ......... Толтырады ас ....... ( тасиды, үйді) Қыстай тыныш ..... , Рахатқа ........... . (жатады, батады)
2-топ: Берілген сөздерден сөйлем құра. Мезгілі, басталды, қыс, ұзарды түн, қысқарды күн, басты өзендер, мұз, мен, көлдерді.
3-топ: Төмендегі сөздердің тиісті жеріне керекті сөздерді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.
Жадыраның көйлегі бар. Далада жел соқты. Бағдаршамның көзі бар. Керекті сөздер: қызыл, қатты, үш.
Бекіту. Ребус шешу.
Сөз мағынасы туралы не білдік?
(Сөз белгілі бір мағынаны білдіреді. Сөздегі дыбыс өзгерсе сөздің мағынасы өзгереді.)
«Кім тапқыр?» ойыны.Алғашқы әріп «қ» болса Аты әйгілі мекенмін. «Қ» орнына «б» қойса Кішірейіп кетемін «Б» орнына «д» қойса Көз жеткісіз екенмін. ( қала-бала-дала)
Екі жағым «н» болса Қасиетті тағамыңмын Екі жағым «а» болса Ең қадірлі адамыңмын. (нан-ана)
- Бұл жұмбақтардан қандай ой түйдік? – Сөздегі дыбыс өзгерсе, сөздің мағынасы жа өзгереді.
Қортындылау. Топтастыру.
Үйге тапсырма. 235-жаттығу. Ережені жаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |